ТҮКШ, көлік және байланыс

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2014 ж. 9 айда атқарылған жұмыстары ақпарат

Көше жарығы бойынша атқарылған жұмыстар:
Жарықтандыру жұмыстарына барлығы: 39678 мың теңге бөлініп, оның ішінде:
Ақшатау а/о,Ақклет ауылына- 1223мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Мамырсу ауылдық округіне-3044 мың тг. мердігері «Семказ» ЖШС
Мәдениет ауылына-999 мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Ақши ауылына- 1045 мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Қарағаш ауылдық округіне-1073 мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Қосағаш ауылдық округіне – 1048 мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Баршатас ауылдық округіне -2871 мың тг. мердігері «Қалалықүйкомшарқұрылыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны;
Ақтоғай кенттік округі – 25395 мың тг. мердігері «ЮА-транстрой» ЖШС;
        
Абаттандыру жұмыстары бойынша барлығы: 8870  мың тг. бөлініп, оның ішінде:
Қопа ауылының скверін жасауға-1153 мың тг.қаралып, конкурс женімпазы «Құралды »ЖК мердігер болып танылған, бүгінгі жұмыстары толықтай аяқталған.
Ақтоғай кенттік округін абаттандыруға-6140 мың теңге қаралып, конкурс женімпазы «Тамерлан құрылыс» ЖШС жұмыстарын толықтай аяқталған.
Тарлаулы ауылының спорт алаңын қоршауға -1577 мың тг. қаралып, мердігері «Құралды» ЖК болып танылған, жұмыстары толықтай аяқталған.

Жолдарды жөндеу бойынша барлығы -278528 мың тг. бөлініп, оның ішінде:

  1. Аягөз қаласы «Транзит» авто жағармай станциясынан  бастап автожолды көпіріне дейінгі Қабанбай Батыр көшесін қайта құрылымдау жұмыстарына - 245346 мың тг.
  2. Ақтоғай кенттік округінің Кузембаев көшесін орташа жөндеуге - 33182 мың тг.

Күл-қоқыстарды шығару бойынша (вывоз стихийных свалок) бөлінген қаржысы 10233 мың тг., оның ішінде:
Сарыарқа а/о-983 мың тг.,Тарбағатай а/о-2128 мың тг., Нарын а/о-1546 мың тг.,Айғыз а/о-1749 мың тг., Өркен а/о-848 мың тг., Малкелді а/о-840 мың тг., Бидайық а/о-967 мың тг., Байқошқар а/о-502 мың тг., Емельтау а/о-670 мың тг., жұмыстары келісілген кестеге сәйкес жасалып, аяқталған. Конкурс бойынша мердігерлері «Дюсембеков» ЖК, «Исмагулов» ЖК, «Ақтоғай Қанағат» ЖШС.

Аудан елді мекендерін көктемгі көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалауды жақсартубойынша атқарылған жұмыстары
Ауданның елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жетілдіру, қолайлы тұрмыстық жағдай жасау және санитарлық ахуалды талапқа сәйкес деңгейде ұстау мақсатында, Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 1 сәуірінен бастап «Аудан елді мекендерін көктемгі көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазалауды жақсарту мақсатында үш айлық сенбілік өткізу туралы» № 164 қаулысы шығып, координациялық кеңес комиссиясы құрылған.
2014 жылдың 1 сәуірінен 1 шілдесіне дейінгі мерзімде ауданның елді мекендерін көгалдандыру, көркейту және санитарлық тазарту үш айлығы іс-шаралар жоспарына сәйкес жұмыстары жүргізіліп аяқталды.
Аудан бойынша жалпы сенбілікке 115 мекемелер мен кәсіпорындар өздеріне жататын учаскелерінде тазалық жұмыстарын жүргізді.
Көгалданыдру жұмыстары бойынша барлығы 5510 дана, оның ішінде: 2000 түп шырша, 1500 түп қайың, 500 қарағаш, қалғандары әр-түрлі жеміс жидек ағаштары отырғызылған. Гүлдер (Петунья, Шафран, Раушан, Сальвия) -1037м2 .
Жалпы сенбілікке қатысқан адамдардың саны 27074, оның ішінде 5000 тұрғындар, қалғандары жастар, оқушылар, мекемелер мен кәсіпорын жұмысшылары, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандар саны-182 адам, оның ішінде «Қалалықүйкомшарқұрылыс» МКК-на қарасты 70 адам.
Аудан көлемінде барлығы 6560 м3 күл-қоқыс қатты тұрмыстық қалдықтары полигонына шығарылды.
Аудан бойынша 85 техникалар оның ішінде: 34 –әр түрлі автокөлік, 20 - тиегіш, 15 - трактор, 5 - автогрейдер, 13 ГАЗ-53 техникалары жұмылдырылған. Рейдтік тексерулер ҚАІІБ-нің полиция қызметкерлерімен ҚР ӘҚБтК 387 бабы бойынша барлығы  212 айыппұл 398180 теңгеге салынған.
Бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған мақалалар 20 дана.

Аудан елді мекендерін күзгі көгалдандыру,көркейту және санитарлық тазалауды жақсартубойынша сенбілік ақпараты
Ауданның елді мекендерінің сәулеттік бейнесін жетілдіру, қолайлы тұрмыстық жағдай жасау және санитарлық ахуалды талапқа сәйкес деңгейде ұстау мақсатында, Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 15 қыркүйекте шыққан «Аудан елді мекендерін күзгі  көркейту, көгалдандыру және санитарлық  тазалауды  жақсарту мақсатында екі айлық сенбілік өткізу туралы»   қаулысына сәйкес, төмендегідей жұмыстары атқарылды:
Қала бойынша 56 бағыт белгіленіп, бекітілген мекемелер тиісті аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізді, орталық 5  көшенің бордюрлары жуылды, Е.Рахимов көшесінде  тал ағарту жұмыстары  жүргізілді.
Қала көшелерінен жиналған 330 м3  күл-қоқыс қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылды.
«Қалалықүйкомшарқұрылыс»  КМК-нан –3 автокөлік, 1тиегіш, «Аягөз-Тазалық» ЖШС-нен-5 автокөлік, 1 тиегіш,  «ОТАН» автомектебінен -1 ЗИЛ, №5 мектептен  2 бірлік ГАЗ-52,  теміржол мекемелерінен- 4 автокөлік, 1 тиегіш, Аягөз жолдары-1 Камаз, Аягөз-су 1 трактор, барлығы 20 техника:  16 автокөлік, 3 тиегіш,1 трактор техникалары жұмылдырылды. Ауылдық округтерден 2 тиегіш, 1 трактор және самосвал автокөлігі жұмылдырылған.
Аудан бойынша ауылдық округтерден жалпы шығарлыған күл-қоқыс 435 м3 құрайды. Бүгінгі күнге сенббіліктер жалғасуда.
                                               
Энергетика саласы бойынша
Аягөз ауданы бойынша электр энергиясымен қамтамасыз етуші Аягөз аймақтық РЭС электр желілері мекемесі болып табылады.
Аудан бойынша электр желілерінің ұзындығы 1406 км, оның ішінде ВЛ-0,4 кВ, км-615 ПС-110/35 кВ, 18 ТП-18 дана., КТП-279 дана.
Тұтынушылар саны-15 855, жеке тұлғалар-15323, заңды тұлғалар-532.
Жұмысшылар саны-107 адам, 1- жұмысшыға 148 абонентті құрайды.
Биылғы жылға 34 млн. тг. күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Аягөз қаласы бойынша 5 электр желісінің 2-уі аяқталған,  ауылдық округтер бойынша Ақтоғай, Шұбартау өңірлері толықтай ауыстырылған. Жоспар бойынша 20 КТП-ның 11 аяқталған.

Жолаушыларды тасымалдау бойынша
Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 17 тұрақты бағыттарда, оның ішінде: 5 – қалаішілік, 9 – облысішілік, қалааралық және қала маңы бағыттары, 1 – облысаралық. Ауданда 2 саяжай массивтерін тұрақты жолаушы тасымалымен қамтамасыз ететін 2 саяжай бағыты бойынша тұрақты қатынас ұйымдастырылған.
Қалаішілік автобус маршруттары:
№ 1 «Телеграфная-Северный переезд»
№ 3 «ЖД вокзал-Мамырсу»
№ 4 «Тупик-Рынок Айгыз»
№ 5 «Топливная база-Геологопоселок»
№ 7 «ЖД вокзал-ст. Майлин»
Және де 2 сезонды маршруттары: «ЖД вокзал-дачи Майлин», «ЖД вокзал - дачи 16 км».

Жол жөндеу мекемелері  бойынша
Аягөз ауданы 1179 шақырымды құрайтын ең ұзын автомобиль жолдары желісіне ие, соның ішінде:

1)  республикалық маңызы бар – 500 км;

  1. облыстық маңызы бар  – 215 км;
  2. аудандық маңызы бар  – 464 км;
  3. қалаішілік-38,85 км
  4. теміржол-225 км

«Аягөз жолдары» МКК Жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы жөндеу жұмыстарына барлығы 75886 мың теңге бөлініп, оның ішінде:
Айғыз ауылына кіре беріс жолын ағымдағы жөндеуге-10099,5 мың тг. бөлінген, жұмыстары аяқталған. 
Ферма №4 және № 1 трубаларын ағымдағы жөндеуге өткізу, ферма № 3 автомобиль жолының 3,5 км жөндеуге -10416,2 мың тг. бөлініп жұмыстары аяқталған.
Қыс мерзімінде күтіп ұстауға-21060 мың тг.;
Жолдарды көктемгі күтіп ұстау оның ішінде,  (жол жиегіндегі талдарды, шөптерді шауып қыру, шыбықтарды қадауға)-24310,3 мың тг. бөлінген.
Қысқы мерзімге дайндалған материалдар: 1500 литр бензин, 6000 литр дизель отыны, 400 литр мотор майы, 40 тонна көмір.
Көк тайғаққа қарсы материалдар: шлак-10 тонна, қиыршық тас-13,12 тонна әзірленген.

«Қазақавтожол» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Аягөз аудандық 71-жол пайдалану учаскесі
Бүгінгі күнге «Алматы-Өскемен» жол трассасында (705-768, 780-861 км) учаскелеріне-17706 м2  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. жарылған жолдарды жамау (заливка трещин)-17706 п.м.
Беткейлер мен жол жиектерін өсімдіктерден тазарту;
-кесілген материалдарды жинай отырып, жол жиегіндегі бұталарды шабу-323 км, тегістеу 148 км, 332 жол белгілерінің бағаналары боялды, 293 дана жол белгілері ақтау жұмыстары жүргізілді. 48 жол белгілері ауыстырылып, орнатылды.
«Қарағанды-Аягөз-Боғаз» автомобиль жолының 694-704, 707-726 км учаскесінде 2799 м2 ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 «ОблШығысжол» КМК «ПДУ-4» мекемесі бойынша 2014 жылға жоспары 91062 мың теңге бөлініп, оның:
ағымдағы жөндеу жұмыстарына-41508 мың тг.
қыс мерзімінде күтіп ұстауына-14744 мың тг.
Бүгінгі күнге «Аягөз-Карауыл-Кайнар» 0-65 км жолының 0-6 км аралығында жол бойындағы жарықтарды жамау-3723м2 жасалды, және де тегістеу, (профилировка)-10500 м2, 20 дана уақытша жол белгілері орнатылды. 30-65 км аралағында ұсақ тас араласқан топырақпен жерлерді жамап тегістеу мен жол жиектерін қырып тегістеу жұмыстары аяқталған. Бүгінгі күнге 14000 м2 ағымдағы жөндеу жұмыстары жасалып, ары қарай жұмыстары жалғасуда. «Аягөз-Ақтоғай» 0-150 км жолының 0-15 км аралағына қырып тегістеу жұмыстары жүргізілді. Бүгінге -79500 мың теңгесі игерілген.

ТҮКШ, көлік және байланыс

ТҮКШ, көлік және байланыс

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2012 жылға  жоспарланған жұмыстарына жоспары

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу бойынша келесі жұмыстарды жүргізуді жоспарлады.
1. Аягөз ауданы Мамырсу, Баршатас ауылдық округтерін және Актогай кенттік округі орталық көшелерін жарықтандыру және абаттандыру.
2. Аягөз ауданыңдағы Тарбағатай, Ақшатау, Ақши, Ақшауле, Қарабұлақ, Айғыз, Байқошкар, Тарлаулы Нарын, Мынбұлак ауылдық округтеріне жарықтандыру жұмыстарын жүргізу.
Ауылдық округтерді жарықтандыру жұмыстарына барлығы-25848 мың теңге қаражаты бөлінген.
Ауылдық елді мекендерді абаттандыру жұмыстарына барлығы-39133 мың теңге қаражаты бөлінген.
3. Б. Момышұлы көшесіндегі Абай даңғылы бұрышына бағдаршам нысанын орнатуға 3500 мың теңге қаржы қаралған.
4. Ауданның жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын қыс мерзімінде күтіп ұстауы мен күтіп ұстауына жергілікті бюджеттен -20480 мың теңге қаралған.

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылға жоспарланған жұмыстарының анықтамасы

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келесі ағымдағы жұмыстарды жүргізуді жоспарлады.
Қопа, Тарлаулы, Емелтау, Өркен ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына мердігер болып Өскемен қаласының «ЦентрЭнергоЭкспертиза» ЖШС болып танылып, ал Қарагаш ауылының көшесін жарықтандыруға Аягөз қаласының «АлмасҚұрылыс» ЖШС болып танылып, жұмыстар толығымен аяқталды.
Ақши ауылының су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мердігер болып Семей қаласының «ВодоКаналстрой» ЖШС-сі танылды. Мердігермен төмендегідей жөндеу жұмыстары жүргізілді: Ø110х5,3мм полиэтилен су құбырын ауыстыру – 1066 ш.м.,су колонкасы – 25 дана, өрт гидранты – 28 дана. Жөндеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдап алу комиссиясы 2011 жылдың 28 қазан айында жүргізіледі.   
Аягөз ауданы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына паспортизация жұмыстарын жүргізуге мердігер болып Өскемен қаласының «КазДорПроект» ЖШС-і танылды. Кестеге сәйкес жұмыстар жүргізілуде, 66 пайызы аяқталды,   2011 жылдың желтоқсан айында паспортизация жұмыстары толығымен бітеді.
Бозай ауылының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мемлекеттік заңды қолданбау тәсілімен Баршатас ауылының «Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына берілген.
Майлин, Мамырсу, Бидайык, Тарбагатай, Сарыарка, Баршатас, Мадениет, Косагаш, Малкелды, Шынкожа ауылдарына жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік заңды қолданбау тәсілімен «Аягөз жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына беріліп, жұмыстар толығымен аяқталды.    

Аягөз ауданы « Бозай ауылына кіре берісі» автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мердігер болып Көкпекті ауданы Самар ауылының «ДСУ-14» ЖШС-і болып танылды. Автожолының жөндеу учаскесінің ұзындығы – 3,404 км, жер төсемі типі - өтпелі, жамылғы түрі – қиыршық тас, ұсак тас, құм қоспасы. Жөндеу жұмыстары аяқталып, мемлекеттік қабылдап алу комиссиясы 2011 жылдың 27 қазан айында жүргізіледі. 

Аудан елді мекендерін көктемгі, көркейту көгалдандыру және санитарлық жағдайын ралар өткізу туралы АҚПАРАТ

Ауданның елді мекендерін көріктендіру деңгейін одан әрі арттыру, лайықты санитарлық жағдайын сақтау және көгалдандыру, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттығын қамтамасыз ету мақсатында және 2012 жылғы 5 сәуіріндегі № 73 “Облыстың елді мекендерін көркейту, көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша іс-шаралар өткізу туралы” қаулысын басшылыққа ала отырып, 2012 жылдың 14 сәуірінен 14 маусымына «аудан елді мекендерін көктемгі, көркейту көгалдандыру және санитарлық жағдайын жақсарту бойынша екі айлық іс-шаралар өткізу туралы» қаулысы шығып, берілген іс-шараларға сәйкес жұмыстары жүргізілуде.
Аягөз ауданы бойынша сенбілік барысында келесі жұмыстары атқарылды:
Аудан бойынша 69 мекемелер мен ұйымдарға учаскелер бөлініп берілген. Мекемелерден барлығы 3500 адам жұмылдырылып, ақылы қоғамдық жұмысқа тартылғандардың саны 220 адам.
69 мекеме бекітілген учаскелерінде, көшелерде, өздеріне тиісті аумақтарында тазалық жұмыстарын жүргізді, ағаштардың астыңғы бұталары кесіліп, талдардың асты, бордюрлер ақталды.
Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының мамандарымен және учаскелік полиция қызметкерлері бірлесіп 3 рейд жүргізіліп, Аягөз қаласының Ақтамберді, М.Ауэзова, Абай бульвары, Шәкәрім, Серғазина көшелері бойындағы мекемелер, дүкендер, аптекалар, жеке сауда орындарымен халық арасында алдын ала 109 түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, күл-қоқыс төгіп жүрген тұрғындарға 43 ескертулер айтылды.
Аягөз қаласы бойынша 2011 жылдың 1 - 14 сәуір аралығында қала әкімі аппараты мамандары, МСЭҚБ мамандары және Аягөз КАІІБ-нің учаскелік полиция инспекторларымен санитарлық тазалық бойынша рейдтік тексерулер жүргізіп, жеке меншік үйлер тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 387-бабының 1-бөліміне сәйкес жеке тұлғаларға 160 хаттама толтырылып, 23 ескертулер беріліп, 137 адамға жиыны 60830 теңге айыппұл салынды.
Аягөз ауылдық округтеріне 200 түп ағаштар егіліп, Аягөз қаласының қала бойынша 300 түп ағаштар (қарағаш) отырғызылып, Ақтамберді,Абай бульвары көшесіндегі газон жолақтарының топырақ қабаты қопсытылып, суағар трубалар тазартылды.
Мектеп оқушылары өздеріне тиісті аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізді. Жеке меншік нысан иелері жаппай өз аумақтарында тазалау жұмыстарын жүргізді.
Сенбілік күндері мекемелер мен жеке тұлғалардан 5 тиегіш, 1-трактор 15 автокөліктері жұмылдырылды. Бірқатар мекемелер бекітілген учаскелерінде өз автокөліктерімен, басқа да техникаларымен жұмыстар атқарды. Қала бойынша 600 м3, аудан бойынша күл-қоқыс үйінділері, көшелерден жиналған барлығы 1900 текше метр мөлшерінде күл-қоқыс қатты тұрмыс қалдықтары полигонына шығарылды.

   

 

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылға жоспарланған жұмыстарының анықтамасы

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мемлекеттік сатып алу бойынша келесі ағымдағы жұмыстарды жүргізуді жоспарлады.
Қопа, Тарлаулы, Емелтау, Өркен ауылдарының көшелеріне жарықтандыру жұмыстарына мердігер болып Өскемен қаласының «ЦентрЭнергоЭкспертиза» ЖШС болып танылып, ал Қарагаш ауылының көшесін жарықтандыруға Аягөз қаласының «АлмасҚұрылыс» ЖШС болып танылды.
Ақши ауылының су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мердігер болып Семей қаласының «ВодоКаналстрой» ЖШС-сі танылды.
Майлин, Мамырсу, Бидайык, Тарбагатай, Сарыарка, Баршатас, Мадениет, Косагаш, Малкелды, Шынкожа ауылдарына жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізуге мемлекеттік заңды қолданбау тәсілімен «Аягөз жолдары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына берілді.
Аягөз ауданы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына паспортизация жұмыстарын жүргізуге мердігер болып Өскемен қаласының «КазДорПроект» ЖШС-сі танылды.  
Бозай ауылының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуіне мемлекеттік заңды қолданбау тәсілімен Баршатас ауылының «Су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына берілген.

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2011 жылға жоспарланған жұмыстарының анықтамасы

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі сатып алу бойынша келесі ағымдағы жұмыстарды жүргізуді жоспарлады.
1. Бозай ауылына баратын кіре беріс жолына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
2. Қопа, Тарлаулы, Емелтау, Қарагаш, Өркен ауылдарының көшелеріне жарықтандыру
3. Ақши ауылының су жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу
4. Майлин, Мамырсу, Бидайык, Тарбагатай, Сарыарка, Баршатас, Мадениет, Косагаш, Малкелды, Шынкожа ауыладарына жарықтандыру мен абаттандыру жұмыстарын жүргізу
5.Аягөз ауданы жергілікті маңыздағы автомоибль жолдарына паспортизация жұмыстарын жүргізу
6. Бозай ауылының су жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің 2010 жылғы жасалған жұмыстарының анықтамасы

Аягөз аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі келесі ағымдағы жұмыстарды жүргізді.
Аягөз ауданы 1167 км құрайтын автомобиль жолдары, соның ішінде:
1) республикалық маңызы бар – 488 км;
2) облыстық маңызы бар – 215 км;
3) аудандық маңызы бар – 464 км;
4) қалаішілік жолдары-38,85 км
5) теміржолдары-225 км

Аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы асфальт автомобиль жолдары жалпы ұзындығы 533 км, 39 қара қиыршық тас, 565 қиыршық тас және табиғи топырақты- 30 шақырымды құрайды.

Аягөз аудан транспорт инфрақұрылымы бойынша ауданның жергілікті маңыздағы автомобиль жолдары 464 км құрайды, оның қара қиыршық тас 41 км, қиыршық тас 423 км. «Аягоз жолдары» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны қызмет көрсетеді. Аягөз ауданының жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарына аудандық бюджеттен 21311 мың теңге қаражат бөлінген. Бұл қаражат жолдарды ағымдағы жөндеу, күтіп ұстау мен қыс маусымында күтіп ұстауына жұмсалыып, толығымен игерілген.

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 2010 жылға Аягөз Ә. Тәңірбергенұлы және Б. Момышұлы көшелерінің орташа жөндеу жұмыстарына жоспар бойынша 150 959 мың. теңге қаражат бөлінген, оның ішінде: 100690 мың теңгесі республикалық бюджеттен, 50269 мың теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілген.

Аягөз ауданы бойынша «Автобус паркі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қала ішілік, аудан және облыс аралық маршруттарымен тасымалдауды қамтамасыз етеді.

2010 жылы аудан бойынша автомобиль көлігімен 294,2 мың адам тасымалданып, жолаушы айналымы 7717,4 мың п/км құрайды.

Автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдау 17 тұрақты бағыттарда, оның ішінде: 5 - қалаішілік, 8 – облысішілік, қалааралық және қала маңы бағыттары, 1 - облысаралық және 1 ауданішілік бағыттарда жүзеге асырылады. Ауданда 2 саяжай массивтерін тұрақты жолаушы тасымалымен қамтамасыз ететін 2 саяжай бағыты бойынша тұрақты қатынас ұйымдастырылды .

«Жол картасы» бағдарламасы аясында 2 объект атқарылды, ол Аягөз ауданындағы Майлин және Емельтау ауылдық округтердегі су құбырларының ағымдағы жөндеу жұмыстарына 101892 мың теңге қаражат бөлінген.

Майлин ауылдық округі жоспар бойынша 63567 мың теңге, оның 42399-мың теңге республикалық бюджеттен тенге және 21168 мың теңгесі жергілікті бюджеттен. Жұмыстары аяқталып, қаржысы толығымен игерілген. Жұмысқа тартылған адамдар саны- 69. Объектінің фоталары жасалған.

Емельтау ауылдық округінің жылдық жоспары 38325 мың теңгені құрайды, оның 25563 мың теңгесі республикалық бюджеттен және 12762 мың теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. Жұмыстары аяқталып, қаржысы толығымен игерілген. Жұмысқа тартылған адамдар-42 адам. Объектінің фоталары жасалған.
«Ауыз су» өңірлік бағдарламасы іске асыру мақсатында «Аягөз су жүйесінің контррезервуары сумен жабдықтау жүйелеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарына» жобалау-сметалық құжаты бойынша 117 млн. теңге қаражат қаралған.

2010 жылға 35 млн. теңге трансферттер бөлініп, «Ауыл сулары» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын мердігер болып танылды. Бүгінгі күнге 7 ұңғыма тазаланды, 1 ұңғыма қазылған және көлемі 4000 м3 контререзвуардың жұмысы толығымен аяқталды. Объект фотолары бар.



Аягөз ауданы Ақши ауылындағы жалпы білім беретін орта мектептің дербес ұңғыма бұрғылау жұмыстарына облыстық бюджеттен 4669 мың теңге қаражат бөлініп, «Су» коммуналдық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны мердігер болып танылды.

Ұңғыманың жалпы тереңдігі 70 метр, судың қоры 19,8 куб/сағ. құрайды.

Құрылыс-монтаждау жұмыстары 17 қарашадыан 2010ж. басталып, 18 желтоқсан 2010 ж. аяқталды.

Аягөз ауданы Ақши ауылындағы жалпы білім беретін орта мектептің дербес ұңғыма бұрғылау жұмыстарына қабылдап алу комиссиясы 2010 жылдың 20 желтоқсанында №1-71ө өкімі шығып, жұмыстары аяқталып, қаражаты толығымен игерілді.

 

Бет өзгертілді: 26-12-2016