|
| | |
|
Аудан аймақтары
 |
Аягөз қаласының әкімі- Ысқақов Сейлбек Абиырұлы
Ысқақов С.А. 1963 жылдың 26 мамырында Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш ауылында тұған. 1993 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1983 жылы Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері болып бастаған. 1983-1985 жылдары Совет Армиясының қатарында болды. 1985-1996 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарында малдәрігері, ферма меңгерушісі, бригадир, бас малдәрігері қызметтерін атқарды. 1996-2003 жылдарында Аягөз ауданы Бидайық ауылдық округінің малдәрігерлік инспекторы, «Шағырай» ЖШС-нің директоры. 2003 жылдың сәуір айынан Бидайық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды. 2006 жылдың сәуір айынан бастап Аягөз қаласының әкімі қызметін атқарады.
Жұмыс тел. 72237 3-19-26 |
| |
|
 |
Ақшәулі ауылдық округінің әкімі – Аманов Таңатар Қажыкенұлы
Аманов Т.Қ. 1960 жылдың 20 маусымында Семей облысы, Уржар ауданының Благодатное ауылында тұған. Білімі жоғары, 1995 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, зооинженер мамандығы бойынша бітірген. 2001 жылдың желтоқсан айынан бастап Ақшәулі ауылдық округінің әкімі қызметін атқарады.
Жұмыс тел. 72237 3-26-99 |
| |
|
 |
Сарыарқа ауылдық округінің әкімі – Ахмешов Бекболат Ахмешұлы
Ахмешов Б. 1954 жылдың 2 қантарында Семей облысы, Аягөз ауданының Екпетал ауылында тұған. Білімі жоғары, 1982 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын бітірген. 1982-2003 жылдар аралығында Аягөз ауданы, «Ақши» кеңшарының құрылыс мастері, Сарыарқа селолық кеңесінің төрағасы, «Сарыжайлау» шағын кәсіпорынның, «Сарыарқа» ұжымдық кәсіпорындарының директоры, «Сарыарқа» ЖШС-нің басшысы қызметтерін атқарды. 2003 жылдың маусым айынан бастап Сарыарқа ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-36-30 |
| |
|
 |
Майлин ауылдық округінің әкімі – Бөлегенов Матайбай Құрманғалиұлы
Бөлегенов М.Қ. 1948 жылдың 19 қантарында Аягөз қаласында тұған. Білімі жоғары, 1973 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-құрылысшы мамандығымен бітірген. 1973-2000 жылдар аралығында Аягөз ауданының «Овцевод» кеңшарында құрылыс мастері, С.Ғаббасов атындағы кеңшарында құрылыс инженері, «Ақши» кеңшарының партия ұйымының хатшысы, Б.Майлин атындағы кеңшарының директоры, «Ашысу» серіктестігінің басшысы қызметтерін атқарған. 2000 жылдың қазан айынан бастап Майлин ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-28-23 |
| |
|
 |
Ақшатау ауылдық округінің әкімі – Ибрайшин Архат Әлімғазыұлы
Ибрайшин А.Ә. 1972 жылдың 26 маусымында Аягөз қаласында тұған. Білімі жоғары, 2000 жылы Тараздағы Дулати атындағы мемлекеттік университетін инженер-құрылысшы мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы Орта-Азиялық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1989-2006 жылдары аралығында Аягөз ауданының «Сергиополь» кеңшарының құрылыс бөлімшесінің жұмысшысы, Сергиополь орта мектебінің автокөлік ісінің шебері болып жұмыс істеген, Семей қаласы кеденнің бас маманы қызметін атқарған. 2006 жылдың қараша айынан бастап Аягөз ауданының Ақшатау ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-01-30 |
| |
|
 |
Тарбағатай ауылдық округінің әкімі – Слямов Исатай Рахманқұлұлы
Слямов И.Р. 1952 жылдың 21 ақпанында Семей облысы, Ақсуат ауданының Үшарал ауылында тұған. Білімі жоғары, 1974 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ғалым-зоотехник мамандығы бойынша бітірген. 1974-2006 жылдары аралығында Аягөз ауданында «Ақши» кеңшарының ферма зоотехнигі, «Тарбағатай» кеңшарының зоотехнигі, «Тарбағатай» кеңшарының № 1 фермасының меңгерушісі, Тарбағатай ауылдық округінің әкімі, Аягөз аудандық аумақтық ауыл шаруашылық басқармасының бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан Тарбағатай ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 93-3-87 |
| |
|
 |
Қарағаш ауылдық округінің әкімі – Сыздықаев Талғат Махмутұлы
Сыздықаев Т.М. 1959 жылдың 17 наурызында Семей облысы Аягөз ауданының Қарағаш ауылында тұған. Білімі жоғары, 1982 жылы құрылыс техникумын, кейінгі жылдары сәулет-құрылыс Академиясын бітірген. 1976-2006 жылдары аралығында Аягөз ауданының «Аягөз» ауыл шаруашылық бірлестігінің жұмысшысы, Аягөз № 26 жол-құрылыс учаскесінің жұмысшысы, «Аягөз» ауыл шаруашылық бірлестігінің инженері, аға прорабы, экономисі, кәсіподақ ұйымының төрағасы, шаруашылықтың жұмысшылар кооперациясының төрағасы, Аягөздегі «Жасұлан» шаруашылығының директоры, «Қалаүйкомшарқұрылыс» КММ-нің бастығы болып жұмыс істеді. 2006 жылдың мамыр айынан бастап Қарағаш ауылдық округінің әкімі.
|
| |
|
 |
Мамырсу ауылдық округінің әкімі – Арғынгелдин Аманжол Арғынгелдіұлы
Арғынгелдин А. 1947 жылдың 1 тамызында Семей облысы, Таскескен ауданының Шолпан ауылында тұған. Білімі жоғары, 1971 жылы Қазақ мемлеккеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітірген. 1971-1991 жылдары аралығында Аягөз аудандық «Алға» газетінің әдеби қызметкері, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы, редакторының орынбасары. 1991-2006 жылдары Аягөз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, қала әкімінің орынбасары, «Алға» газетінің редакторы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-кадр, ішкі саясат бөлімдерінің меңгерушісі, аппарат басшысы қызметтерін атқарған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап Мамырсу ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-00-18 |
| |
|
 |
Мәдениет ауылдық округінің әкімі – Жұмаханов Бақытжан Смаханұлы
Жұмаханов Б.С. 1959 жылдың 24 қыркүйегінде Семей облысы, Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында тұған. Білімі жоғары, 1982 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, мал дәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1976-2004 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Көктал» кеңшарында жұмысшы, мал дәрігері, зоотехник, комсомол комитетінің хатшысы, кәсіподақ комитетінің төрағасы, «Балауса» өндірістік кооперативінің директоры болып жұмыс істеген. 2004 жылдың қазан айынан Мәдениет ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-26-99
|
| |
|
 |
Баршатас ауылдық округінің әкімі – Нұғыманов Бақытжан Шынарбекұлы
Нұғыманов Б.Ш. 1961 жылдың 8 наурызында Семей облысы, Шұбартау ауданының Баршатас ауылында тұған. Білімі жоғары, 1983 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогикалық институтын, география және биология пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1983-1994 жылдары аралығында Мәдениет орта мектебінің мұғалімі, Шұбартау аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, комитет хатшысы, аудандық депутаттар Кеңесі ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы қызметтерін атқарған. 1994 жылдың ақпан айынан бастап Баршатас ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 21-2-31
|
| |
|
 |
Нарын ауылдық округінің әкімі – Тоқбаев Әлібек Балтабекұлы
Тоқбаев Ә.Б. 1954 жылдың 16 сәурінде Семей облысы, Уржар ауданының Егінсу ауылында тұған. 1977 жылы Талғар ауыл шаруашылық техникумын, агроном мамандығы бойынша бітірген. 1972-1974 жылдары әскери қатарында болды. 1975-2000 жылдары аралығында Аягөз ауданы «Нарын» кеңшарының ферма агрономы, бас агрономы, №2 ферма меңгерушісі, «Қаражал» жеке меншік кәсіпорынның жетекшісі қызметтерін атқарған. 2000 жылдың мамыр айынан бастап Нарын ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-22-06 |
| |
|
 |
Байқошқар ауылдық округінің әкімі – Шымыров Саятбек Есімбекұлы
Шымыров С.Е. 1959 жылдың 9 тамызында Семей облысы, Шұбартау ауданының Байқошқар ауылында тұған. Білімі жоғары, 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын, малдәрігері мамандығы бойынша бітірген. 1976-1994 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Горный» кеңшарының жұмысшысы, малдәрігері, ферма меңгерушісі, кәсіподақ комитетінің төрағасы, Байқошқар ауылдық кеңесі атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1994 жылдың ақпан айынан бастап Байқошқар ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 91-5-43 |
| |
|
 |
Өркен ауылдық округінің әкімі- Абыханов Баяхмет Төлегенұлы
Абыханов Б.Т. 1958 жылдың 15 ақпанында Семей облысы, Шұбартау ауданының Өркен ауылында тұған. Білімі жоғары, 2007 жылы Ташкент теміржол көлігінің инженерлер институтын, инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Шұбартау ауданы «Бақанас» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1983-2004 жылдары аралығында Шұбартау ауданы «Өркен» ЖШС-нің бас есепшісі, «Жас Талап» шаруашылығының басшысы. 2004-2008 жылдары «Казпочта» АҚ-нің Айғыз ауылдық байланыс бөлімшесінің операторы, осы байланыс бөлімшесінің инкассаторы қызметтерін атқарды. 2008 жылдың сәуір айынан бастап Өркен ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 93-2-96 |
| |
|
 |
Қопа ауылдық округінің әкімі – Трушов Сәбит Әбілқасымұлы
Трушов С.Ә. 1948 жылдың 30 мамырында Семей облысы, Аягөз ауданының Ақтоғай кентінде тұған. 1979 жылы Семей қаласындағы Жамбыл технологиялық институтының филиалын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1966 жылы Аягөз ауданы Қопа ауылының мектебінде жұмысшы болып бастаған. 1968-1985 жылдары аралығында Аягөз ауданы «Овцевод» кеңшарының шеберхана меңгерушісі, Талдықорған облысы, Бөрлітөбе ауданының № 2314 жылжымалы құрылыс мекемесінінің бас механигі, аудандық ауылшаруашылық басқармасының бас инженері, Аягөз құрылысты механикаландыру басқармасының бастығы, Ақтоғай № 529 құрылыс-монтаж поезінің бас механигі болып жұмыс істеген. 1985-2007 жылдары Бөрлітөбе аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, №4 мамандырылған жылжымалы колоннаның бастығы, Бөрлітөбе ауданы әкімінің бірінші орынбасары, Ақтоғай кенттік округінің әкімі қызметтерін атқарған. 2007 жылдың қараша айынан бастап Қопа ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 76-3-73 |
| |
|
| |
Малкелді ауылдық округінің әкімі - вакансия
Жұмыс тел. 72237 94-7-35.
|
| |
|
 |
Бидайық ауылдық округінің әкімі - Оразбеков Берік Мұнарбекұлы
Оразбеков Б.М. 1954 жылдың 4 маусымында Семей облысы, Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында тұған. 1978 жылы Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын зооинженер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1971 жылы Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1978-1985 жылдары аралығында Шұбартау ауданының «Сарықамыс» кеңшарының ферма зоотехнигі, ХХІІІ партсъезд атындағы кеңшарының бас зоотехнигі. 1985-1988 жылдары Шұбартау ауданы ХХІІІ партсъезд атындағы кеңшарының партия комитетінің хатшысы, Шұбартау аудандық партия комитетінің ауыл шаруашылық бөлімінің меңгерушісі. 1988-1994 жылдары «Емелтау» кеңшарының зоотехнигі, бас зоотехнигі, «Емелтау» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1994-1997 жылдары «Емелтау» кәсіпорынның, кейін «Емелтау» ЖШС-нің директоры, 1997-2006 жылдары ауылшаруашылық Министрлігінің Аягөз аумақтық басқармасының бас маманы. 2006 жылдың наурыз айынан бастап Бидайық ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 94-7-35. |
| |
|
 |
Тарлаулы ауылдық округінің әкімі – Нұралин Тоқтарбек Фазылұлы
Нұралин Т.Ф. 1946 жылдың 1 шілдесінде Семей облысы, Аягөз ауданының Тарлаулы ауылында тұған. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтын ғалым-агроном мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1968 жылы Аягөз ауданының «Қазақстан» кеңшары бөлімшесінің агрономы болып бастады. 1969-1971 жылдары әскери қатарында. 1971-1973 жылдары «Қазақстан» кеңшары бөлімшесінің агрономы, «Ақшатау» кеңшарының бас агрономы. 1973-1980 жылдары аралығында Аягөз аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Аягөз ауданы Абжанов атындағы «Қаракол» кеңшарының партия комитетінің хатшысы, «Ақши» кеңшарының директоры қызметтерін атқарды. 1980-1990 жылдары Жарма аудандық ауылшаруашылық басқармасының бастығы, агроөнеркәсіп бірлестгінің төрағасы, аудандық атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1990-2000 жылдары Аягөз ауданының «Тансық» кеңшарының директоры, «Тансық» ұжымының басшысы, «Тансық» ЖШС-нің директоры. 2001 жылдың наурыз айынан бастап Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 76-2-33 |
| |
|
 |
Емелтау ауылдық округінің әкімі – Ыбрайұлы Рахымбек
Ыбрайуұлы Р. 1956 жылдың 15 қазанында Семей облысы, Шұбартау ауданының Баршатас ауылында тұған. 1980 жылы Семей облысы Ново-Покровка ауылшаруашылық техникумын зоотехник мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1974 жылы Шубартау ауданы, «Шұбартау» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1974-1976 жылдары Совет әскери қатарында болған. 1976-1978 жылдары «Шұбартау» кеңшарының жұмысшысы, 1980-1996 жылдары аралығында «Шұбартау» кеңшарының зоотехнигі, ферма меңгерушісі, бас зоотехнигі. 1996-2000 жылдары Шубартау ауданы Емелтау ауылындағы серіктестік басшысының орынбасары, «Аслан» шаруа шаруашылығының төрағасы. 2000 жылдың желтоқсан айынан бастап Емелтау ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 97-1-34 |
| |
|
 |
Қосағаш ауылдық округінің әкімі - Қазов Бекбай Тілеуліұлы
Қазов Б.Т. 1964 жылдың 5 желтоқсанында Семей облысы, Шұбартау ауданының Қосағаш ауылында тұған. 1988 жылы Ново-Покровка ауылшаруашылық техникумын, 1993 жылы Ақмола ауылшаруашылық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1982 жылы Шұбартау ауданының «Алғабас» кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 1983-1985 жылдары әскери қатарында болды. 1988 жылы «Алғабас» кеңшарының инженер-механигі болып жұмыс істеді. 1993-2000 жылдары аралығында Шұбартау ауданының Ш.Уәлиханов атындағы кеңшарының инженер-механигі, «Шақантай» ұжымдық кәсіпорынның бас инженері, «Сандықтас» шаруа шаруашылығының төрағасы болып жұмыс істелі. 2000 жылдың наурыз айынан бастап Қосағаш ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 96-6-90. |
| |
|
 |
Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі - Құдайбергенов Бахтияр Көпжасарұлы
Құдайбергенов Б.К. 1968 жылдың 5 қантарында Семей облысы, Аягөз ауданының Мыңбұлақ ауылында тұған. 1992 жылы Новосібір қаласындағы мемлекеттік аграрлық университетін зооинженер мамандығы бойынша бітірген. 1986-1988 жылдары Совет әскери қатарында болды. Еңбек жолын 1992 жылы Талдықорған қаласындағы техникалық училищесінде тәрбиеші болып бастаған. 1994-1995 жылдары Аягөз ауданы Мыңбұлақ кеңшары директорының жастар ісі жөніндегі орынбасары, 1995-2002 жылдары Мыңбұлақ ауылындағы «Данияр» жеке меншік мекемесінің экспедиторы, «Дарын» шаруашылығының механигі. 2003-2008 жылдары Мыңбұлақ ауылындағы «Асыл мүлік» АҚ-нің маманы, селекция жұмыстарының маманы, инженер-механигі, «Поиск» ЖШС-нің қызметкері, «Дарын» шаруашылығының жетекшісі. 2008 жылдың айынан бастап Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-00-08 |
| |
|
 |
Жорға ауылдық округінің әкімі - Аяпбергенов Даулетқали Аяпбергенұлы
Аяпбергенов Д.А. 1951 жылдың 15 мамырында Семей облысы, Шұбартау ауданының Мәдениет ауылында тұған. 1977 жылы Семейдің Н.К.Крупская атындағы педагогикалық институтын тарих және қоғамтану пәнінің мұғәлімі мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1967 жылы Шұбартау ауданының Ш.Уалиханов атындағы кеңшарының жүргізушісі болып бастаған. 1973-1974 жылдары аудандық әскери комиссариаты мекемесінің жүргізушісі, 1974-1992 жылдары аралығында Шұбартау аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатының бас инженері, «Көктал» кеңшарының ферма зоотехнигі, меңгерушісі, «Горный» кеңшарының бас зоотехнигі қызметтерін атқарған. 1992-1994 жылдары Шұбартау ауданының ХХІІІ партия съезі атындағы кеңшарының директоры болып жұмыс істеді. 1994-2002 жылдары Шұбартау ауданының «Жорға» ауыл шаруашылық ұжымдық кәсіпорынның директоры. 2002 жылдың тамыз айынан бастап Шұбартау ауданының Жорға ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 21-2-32. |
| |
|
 |
Ақши ауылдық округінің әкімі - Қасенов Бекжан Нұрекеұлы
Қасенов Б.Н. 1972 жылдың 12 наурызында Семей облысы, Аягөз ауданының Ақши ауылында тұған. 1998 жылы Талдықорған педагогикалық университетін инженер-педагог мамандығы бойынша, 2006 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институтын тарих және география пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірген. 1990-1992 жылдары әскер қатарында болды. Еңбек жолын С.Ғаббасов атындағы кеңшарының жұмысшысы болып бастаған. 2001-2004 жылдары Ақши ауылдық орта мектебінің мұғалімі. 2009 жылдың қантар айынан бастап Ақши ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 72237 3-15-20
|
| |
|
| |
Айғыз ауылдық округінің әкімі - Чайкенов Айдар Оралбекұлы
Чайкенов А.О. 1965 жылдың 3 тамызында Семей облысы, Аягөз ауданының Шыңқожа ауылында тұған. 1989 жылы Новопокровка техникумын малдәрігері мамандығы бойынша, 1992 жылы Семей қаржы-экономикалық техникумын қаржыгер мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы, Таскескен ауданының «Тасбұлақ» кеңшарында малдәрігері болып бастады. 1990-1993 жылдары Таскескен аудандық қаржы бөлімінің экономисі, аудандық салық комитетінің инспекторы. 1993-1998 жылдары аралығында Таскескен аудандық қаржы-бақылау комитетінің аға экономисі, бас экономисі-ревизоры қызметтерін атқарды, 1998-2003 жылдары Аягөз ауданы бойынша салық полициясының инспекторы. 2003-2006 жылдары Аягөз ауданы Ақшатау ауылдық округінің әкімі, 2006-2008 жылдары Аягөз ауданы Мыңбұлақ ауылдық округінің әкімі қызметтерін атқарды. 2008-2009 жылдары Аягөз ауданы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы жөніндегі бас маманы, 2009-2010 жылдары аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бастығы, 2010 жылдың тамыз айынан бастап Аягөз ауданы Айғыз ауылдық округінің әкімі.
Жұмыс тел. 8 (72259) 2-33-31
|
| |
|
|
|
| | |
|
|