Мемлекеттік қызмет

Жалпы конкурстар туралы хабарламалар

14.02.2017ж.
 
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7-00-21, 7-00-11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Аягөз аудандық білім бөлімінің бас маман – есепшісі, (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі ұйым мүлкінің сақталуын ұйымдастырады. Есептік-экономикалық қызметтің қызметін қамтамасыз етеді және оған басшылықты жүзеге асырады. Қаржы-экономикалық қызметті қалыптастыру және реттеу жұмысын бағыттайды және үйлестіреді, өз құзыреті шеңберінде әкімшілік мәселелерді шешеді, ұйымның бірінші басшысының жалпы басшылығымен өзара қызмет ете отырып өз міндеттерін атқарады. Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес бөлім қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады. Есептердің жұмыс жоспарын (қаржыландыру жоспарларын), үлгі нысандар көзделмеген, шаруашылық операцияларын ресімдеу үшін қолданылатын бастапқы есеп құжаттарының нысандарын дайындау және қабылдау жөніндегі жұмысқа, ішкі бухгалтерлік есептілік құжаттарының нысандарын әзірлеуге, сондай-ақ түгендеу жүргізу тәртібін, шаруашылық операцияларын жүргізуді бақылауды, бухгалтерлік ақпаратты өңдеу технологиясын сақтауды және құжат айналым тәртібін қамтамасыз етуге басшылық етеді. Бөлімдегі және бөлімге қарасты білім мекемелерінің бухгалтерлік есеп және есептіліктің оңтайлы ұйымдастырылуын есептеу жұмыстарын барынша орталықтандыру және заманауи техникалық құралдарды мен ақпараттық технологияларды, есептеу мен бақылаудың дамыған нысандары мен әдістерін пайдалану арқылы қамтамасыз етеді. Бөлімнің қызметі туралы оның мүліктік жағдайы кірістері мен шығыстары туралы толық және нақты бухгалтерлік ақпаратты қалыптастыру және уақтылы ұсынуды, сондай-ақ қаржылық тәртіпті нығайтуға бағытталған іс-шараларды әзірлеуді және орындауды жүзеге асырады. Мүлікті, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты есептеуді, шоттарда қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының уақтылы көрінуін, өндіріс шығыстары мен тыйым салуды есепке алуды, шығыстар сметасының орындалуын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуын, бөлім қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін, сондай-ақ қаржы, есептеу операцияларын ұйымдастырады. Құжаттарды ресімдеудің заңдылығын, уақтылығы мен дұрыстығын, жалақы бойынша есептерді, заңнамаға сәйкес мемлекеттік бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді, банктерге зейнетақы және өзге сақтандыру жарналарын, төлемдерді, капитал салымдарын қаржыландыруға қаражатты дұрыс аударуды. Бастапқы және бухгалтерлік құжаттарды, есептер мен төлем міндеттемелерін ресімдеу тәртібінің сақталуына, бөлім қызметкерлері жалақысының дұрыс есептелуіне, жалақы қорының жұмсалуына, негізгі құралдарға, тауар-материалдық құндылықтар мен ақша қаражатына түгендеу жүргізуге бақылауды, бухгалтерлік есеп және есептілік ұйымдарды тексеруді, сондай-ақ бөлімге қарасты білім мекемелеренің бухгалтерлік құжаттарын тексеруді жүзеге асырады. Ішкі шаруашылық қорды айқындау, шығындар мен өнімсіз шығындарды тоқтату мақсатында бухгалтерлік есеп және есептілік деректері бойынша бөлімнің қаржы-шаруашылық қызметіне экономикалық талдау жүргізуге қатысады. Жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге мен материалдар ресімдеуге қатысады, қажет болған жағдайларда материалдардың тергеу және сот органдарына берілуін бақылайды.Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есептен шығарудың заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді. Баланс жасауды және қаражат табысы мен шығысы туралы, бюджеттің пайдаланылуы туралы айлық, тоқсандық, жылдық  есептерді, басқа бухгалтерлік және статистикалық есептерді жасауды, оларды белгіленген тәртіппен тиісті органдарға ұсынуды қамтамасыз етеді және есептік ақпараттың шынайылығын қамтамасыз етеді. Заманауи есептеуіш техника құралдарын пайдалана отырып, тиімді жоспарлы және есептік құжаттаманы, бухгалтерлік есеп жүргізудің дамыған нысандары мен әдістерін әзірлеуге және енгізуге қатысады. Бөлімге қарасты білім мекемелерінің бухгалтерлік қызметкерлеріне бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметін бақылау, есеп беру және талдау мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетеді. Бухгалтерия қызметкерлеріне басшылық етеді. Ауданның білім мекемелеріне қатты отынның дер уақытында жеткізілуін қадағалап, жаңа оқу жылына мектептердің дайындығы жөніндегі ақпараттарын және жылу жүйесінің ақпараттарын жинақтап тиісті орындарға уақытында өткізеді.Білім бөлімінде қаржылық құжаттардың уақытылы және дұрыс ресімделуін жүзеге асырып қол қояды, заңдылығын қадағалайды.Әр ай сайын бюджеттен бөлінген қаржының толық игерілуін қадағалайды, қорытындысын алқа мәжілісінде талқылайды. Бюджеттен күрделі жөндеуге арналған қаржылардың дұрыс бөлінуіне және орындалуына бақылау жасайды. Білім бөліміне қарасты түскен арыздар мен өтініштерді уақытында тексеріп жауап береді. Білім мекемелерінің есепшілерін аттестациялау жұмыстарын ұйымдастырады. Білім мекемелерінде мүлікті түгендеу жұмыстарын тәртіпке сай ұйымдастырып, уақытында жүргізілуін қадағалайды. Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырады, өткізеді, заңдылығын қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы, (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:  Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы (БАӨ) тағайындауға жауап береді; Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындайды; Еңбек нарығының жағдайын талдайды және болжауды жүзеге асырады. Жұмыс берушілермен жұмыс жүргізіп, қысқартудың алдын алу шараларын жүргізеді, толық немесе жартылай жұмысын тоқтатқан кәсіпорындармен жұмыс жүргізеді, қысқартуға жатқан адамдармен жұмыс жүргізеді: олардың есебін жасайды, жұмысын жоғалтуына байланысты жұмыспен қамтылуы үшін іс-шаралар әзірлейді; Жалпы білім беретін мектептерден жетім балалардың және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың облыстық жоғары оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек алушылармен жұмыс жүргізеді. Азаматтардың өтініштері мен шағымдарын уақытында қарайды, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, мемлекеттік және жергілікті басқару, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

06.02.2017ж.

 «Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы ХАБАРЛАНДЫРУ

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7-00-21,       7-00-11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Малкелді ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден 94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру және халық арасында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал көрсету, жергілікті істерді басқаруға тұрғындарды тарту. Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастырады. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Қосағаш ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі (бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы негізгі қызметкердің орны), (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден 94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастырады. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Ақтоғай кенттік округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден 94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Аягөз ауданының ветеринария бөлімінің бас маманы, (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:  Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнінде дерекқор жүргізу. Ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлеріне қажеттілікті айқындау және облыстың және қаланың жергілікті атқарушы органдарына ақпарат беру. Ауру жануарларды санитарлық союды ұйымдастыру. Ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп ұстауды қамтамасыз ету. Мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және жүргізу. Ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу. Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру. Тиісті әкімшілік – аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шараларды өткізуді ұйымдастыру. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізу, жинақтау, талдау және оларды ветеринария саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстың жергілікті атқарушы органына табыс ету. Облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу. Облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (Ветеринария саласында)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. Аягөз ауданының ветеринария бөлімінің бас маман – есепшісі, (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Жалақыны мерзімінде есептейді және төлейді, салық және бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады, салықтық, статистикалық есеп беруді құрайды. Ақша қаражатына және материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізуге, есептеуге қатысады, түгендеу қорытындыларын және олардың есептеулерде көрінуін уақтылы және дұрыс белгілейді. Активтердің, ҚТЗ (құдылығы аз тез тозатын заттар) және басқа да  материалдық құндылықтарды сақтау және пайдалану орындарында бүтіндігін бақылауды жүзеге асырады. Құжаттарды тексереді және есепке алуға қабылдайды, мемориалдық ордерлерді ресімдейді. Бухгалтерлік және қаржылық есептілікті белгіленген мерзімде құрылуын және берілуін қамтамасыз етеді. Шарттардың тіркелуін және мемлекеттік мекемелер мен жекелеген тұлғалардың қаржыландыру жоспарын орындау барысында туындаған есептеулерді уақтылы жүргізеді. Бастапқы құжаттардың, қағаздардағы және электрондық жеткізгіштердергі бухгалтерлік есеп тіркелімдерінің, есептіліктердің сақталуын жүзеге асырады, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырады. Кіріс және шығыс құжаттаманың орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді. Mемлекеттік сатып алуды іске асыру; негізгі құралдар және материалдық құндықтардың сақталуын қадағалау; келісім шарт жасау. ЭҚБЖ бақылаудағы құжаттарды тіркейтін бағдарламамен жұмыс істеу – кіріс және шығыс хат-хабарларды тіркеу, кіріс құжаттарды қабылдау және ол бойынша қабылданған шарарларды ЭҚБЖ енгізу. Құжаттардың орындалуына жалпы бақылау, құжат айналымның көлемі туралы есепті дайындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
  2. 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;
  3. бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
  4. еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;
  5. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;
  6. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
  7. құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
  8. конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидалардың 85-тармағының 3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызмет (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарын «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Бет өзгертілді: 01-03-2017