Мемлекеттік қызмет

Жалпы конкурстар туралы хабарламалар

20.09.2017ж.

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7-00-21, 7-00-11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің экономика секторының бас маман – есепшісі, (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері:
Материалдық жауапкершілік жүктелген лауазым иесі, қаржы құжаттарына қол қою құқығы бар. Штаттық кесте, шығыс сметасын жасайды. Қаржыландыру бойынша берілетін айлық, тоқсандық, жылдық есепке жауапты. Бөлім аппаратының қызметкерлерінің еңбек ақысының, іс-сапарлық шығындарының есебін жүргізу. Салық және зейнетақылық қорлары, әлеуметтік аударымдар, кәсіподақ жарнасы бойынша есептерді дайындау және тапсыру. Бөлімнің бухгалтерлік есеп және есеп беруден шығатын теңгерімдерді, бюджетті орындау туралы есептерді, қаржыландыру жоспары және басқа да құжаттарды жасау. Бөлімдер мен ауылдық округтерден бухгалтерлік баланс қабылдау. Бөлім аппаратын қамтамасыз ету үшін «Мемлекеттік сатып алу» Заңының 39 бабы бойынша сатып алуды ұйымдастыру. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
3) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

қосымша (*.doc 66 KB)

06.09.2017ж.

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7-00-21, 7-00-11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Аягөз ауданы Ақтоғай кенттік округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Аягөз ауданы Байқошқар ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру және халық арасында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал көрсету, жергілікті істерді басқаруға тұрғындарды тарту. Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастырады. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

3. Аягөз ауданы Өркен ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман – есепшісі (бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы негізгі қызметкердің орны), (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру және халық арасында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал көрсету, жергілікті істерді басқаруға тұрғындарды тарту. Аппаратты қамтуға арналған қаржыландыру жоспарының  орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің белгіленген ережесінің негізінде бухгалтерлік есепті жүргізу, есептердің, құжаттамалардың, аванстық есептерді және өзге де ақша құжаттарының дұрыс рәсімделуін бақылау, штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету, бюджеттің бағдарламалардың паспорттарын жасау және бекіту, айлық, тоқсандық, жылдық бухгалтерлік есептерді уақытылы және сапалы дайындау. Табыс және әлеуметтік салық пен әлеуметтік аударымдар бойынша тоқсандық, жылдық есептер мен декларациялар жасау және салық органына беру. Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi жинауды ұйымдастырады. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (Әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

4. Аягөз ауданы Сарыарқа ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957 теңгеден 94108 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауыл, ауылдық және селолық округ әкімдері аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздарды жүргізу бойынша талаптардың сақталуын бақылау жасауды жүзеге асыру. Нотариальдық әрекетті жасау. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Кіріс және шығыс хат-хабарлар журналдарын,шаруашылық кітаптарын жүргізу. Елді мекен тұрғындарының статистикалық есебін,сайлаушылар тізімдерін жүргізу және олар бойынша есеп дайындау есеп беру.Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Ауылдағы әскер жасындағы әскерге шақырушылардың және әскери міндеттілердің есебін жүргізу. Ауыл, ауылдық, селолық округ әкімі аппараты мамандарының ішкі өзара бірін-бірі алмастырулары. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

5. Аудандық ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы, (ER-5 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырады. Жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша жұмыстар. Бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс; республикалық, облыстық, аудандық БАҚ-да, әр түрлі сайттарда ауданға қатысты материалдарды сараптау, мониторінгілеу; баспасөзге жазылуды ұйымдастыру; әлеуметтік желілер және сайттармен жұмыс. ҚР Мемлекеттік рәміздеріне байланысты жұмыстарды жүргізеді. Өтініштермен жұмыс жұргізу, есебін дайындау, бөлімнің басқа да міндеттерін орындау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (гуманитарлық ғылымдар саласында немесе құқық саласында (құқықтану) немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (мемлекеттік және жергілікті басқару, журналист)
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

6. Аягөз ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің құрылыс секторының жетекші маманы, (ER-5 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 64960 теңгеден 88279 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Бөлімнің жылдық жұмыс жоспарының жобасын әзірлеп, хаттамаларын жүргізеді. Бөлімге тұрғын-үй және құрылыс мәселелері жөнінде түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарап, жауап береді. Аудан әкімдігінің отырыстарына және жоғарғы атқарушы органдарға хабарламалар, мәліметтер дайындайды. Мемлекеттік сатып алудың заңға сәйкес жүргізілуін қадағалайды.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім (Құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару) немесе техникалық ғылымдар және технологиялар саласында немесе өнер саласында (сәулетші) немесе қызмет саласында (көлікті пайдалану және жүк қозғалысымен тасымалдауды ұйымдастыру).
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

7. Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің жетекші маманы, (Е-5 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69124 теңгеден 93276 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік қызметтерді көрсетуге бақылау жүргізу әдістемесіне сәйкес жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтерді көрсету қызметінің тиімділігіне жыл сайын бағалау есептілігін дайындайды. Облыстық ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторлингілеу бөлімінің селекторлық мәжілісіне материалдар дайындауды қамтамасыз етеді. Сайлаушылардың электрондық тізімін жүргізу, «ЖТТ» бағдарламасын енгізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Жүргізілетін мемлекеттік қызметтер сапасына күнделікті мониторинг жүргізу.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім етіледі (техникалық ғылымдар және технологиялар саласында (ақпараттық жүйе, автоматизация және басқару) немесе
білім саласында (информатика, техник-бағдарламашы)) 
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;
3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;
5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Осы Қағидалардың 76-тармағының 3), 4), 5), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.
Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайда еңбек қызметін растайтын құжаттың көшiрмесiн ұсыну талап етілмейді.
Осы Қағидалардың 62-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайларда жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 29-бабы 5-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

  1. осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;
  2. тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім;
  3. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Жалпы конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

қосымша (*.doc 106 KB)

2017 ж.
Тамыз 2017
Мамыр-Маусым
Сәуір
Наурыз
Ақпан
2016 ж.
Желтоқсан
Қараша
Қазан
Тамыз-қыркүйек
Шілде
Маусым
Мамыр
Другие объявления

Бет өзгертілді: 20-09-2017