Мемлекеттік қызмет

Әдеп кеңесі

2016 жылғы 29 наурызда Т.Қ.Жұмағұловтың төрағалығымен Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі ҚР Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның барысында 6 тәртіптік іс қаралды. Тәртіптік істерді қарау нәтижесі бойынша бес іс бойынша тиісті ұсыныстар қабылданып, 1 істің қаралуы тоқтатылды.

Отырыста ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ұсынысы бойынша «Абай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ басшысы У.А.Тайғұловқа қатысты тәртіптік іс қаралды.
Абай ауданы бойынша МКБ басшысының қаулысымен шаруашылық жүргізу құқығындағы «Абай аудандық орталық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына ҚР ӘІЖК 92 бабының 3 бөлігі бойынша өндіріп алу ретінде 30 АЕК сомасында әкімшілік айыппұл салынған, ал аталған бап бойынша орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты санкция - төленбеген әлеуметтік аударымдардың сомасының 30 пайызы ретінде белгіленген, осыған байланысты талап етілмеген айыппұл сомасы 140 мың теңгеден асқан.
Абай ауданы прокурорының қарсылығы негізінде, ШҚО бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қаулысымен, аудандық мемлекеттік кірістер департаментінің қаулысы бұзылып, санкция шеңберінде айыппұл салу туралы жаңа қаулы шығарылды.
Салынған айыппұл сомасы бюджетке толығымен өндіріліп алынды.  Осылайша, У.А.Тайғұлов Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, шешім қабылдау барысында жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету арқылы мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасаған. Әдеп жөніндегі кеңес ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасына ҚР «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-б. 1-т. 4-т. сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасағаны үшін У.А.Тайғұловқа қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс қабылдады.

Келесі тәртіптік іс «Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ басшысы Қайрат Нілдарияұлы Шыныбаевқа қатысты қаралды. Ол жеке кәсіпкер А.Б.Темірбаеваға қатысты шешім дайындау және қабылдау барысында артықшылық жасаған, яғни А.Б.Темірбаева қатысты сотқа дейінгі алдын ала тергеусіз және тиісті процессуалдық шешім қабылдаусыз әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Осылайша, К.Н.Шыныбаев Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкеса, шешім қабылдау барысында жеке және заңды тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету сияқты мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасаған.
Тәртіптік істі қараудың нәтижесі бойынша, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері ШҚО бойынша МКД Курчатов қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысы К.Н.Шыныбаевқа Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 6 тармағына сәйкес қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолдану туралы тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

Жарма ауданының прокуратурасының ұсынысы негізінде «Жарма ауданы еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Ринат Нұрахметұлы Қасеновқа және «Жарма ауданының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы Назым Құбайдоллақызы Сейітқазинаға қатысты тәртіптік істер қаралды.
«Жарма ауданы Қалбатау ауылындағы Абай атындағы мектеп гимназиясының қазандығын салу» бойынша мемлекеттік сатып алулар жөніндегі конкурстық комиссияның мүшелері, лауазымды тұлғалар мемлекеттік сатып алулар саласындағы ҚР заңнамаларының нормаларын бұзған. Тәртіптік істі қарау нәтижесінде, кеңес мүшелері Жарма ауданының әкімі Н.Б.Сыдықовқа аталған тұлғаларға Қазақстан Республикасы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50 бабының 1 тармағының 4 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасағаны үшін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 44 бабының 6 тармағына сәйкес, қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіпті жаза қолдану туралы ұсыным енгізді.
«Шемонайха ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі» ММ басшысы А.К.Селтееваға қатысты тәртіптік іс облыстық прокуратураның ұсынысы негізінде, мемлекеттік органдардың, мекемелердің және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын, олардың орынбасарларын және облыстың аумағындағы материалды жауапты тұлғаларды тағайындаудың және лауазымда қызмет етуінің заңдылығын тексерудің қорытындысы бойынша қозғалды.

Тексеру нәтижесінде, Шемонайха ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасағаны үшін  бұрын жұмыстан босатылған мемлекеттік кәсіпорын басшысын қызметке қабылдау фактісі анықталды. Осылайша, О.Г.Ушакова мемлекеттік кәсіпорын басшысы лауазымына заңсыз тағайындалған, жоғарыда аталып өтілгендей, ол тәртіптік сипаттағы сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылығын жасаған, сол үшін сыбайлас жемқорлық қарсы заңнама талапатарына сәйкес, лауазымынан теріс негіздер бойынша босатылған.
Кеңес істі қараудың қорытындысы бойынша, Шемонайха ауданының әкіміне бөлім басшысы А.К.Сельтееваға мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекет жасағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолдану туралы шешім қабылдады.

ШҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша
министрлігі департаментінің баспасөз қызметі,
8 /7232/29-89-43

 

Бет өзгертілді: 22-12-2016