Мемлекеттік қызмет

Әдеп кеңесі

Шығыс Қазақстан облысындағы әдеп  жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті

2016 жылғы 26 шілдеде Т.Қ. Жұмағұловтың төрағалығымен ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің  Әдеп жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның барысында 2 тәртіптік іс қаралды.
Отырыс барысында «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ (ары қарай-Басқарма) жобалық-сметалық бөлім басшысы М.А. Сулейменоваға қатысты тәртіптік іс, Басқарманың лауазымды тұлғалараның заң бұзушылық әрекеттеріне қатысты «Востокагропромпроект» ЖШС түскен шағым негізінде қаралды.
Сот шешімі және зерттеліп жатқан жағдайға талдау, сонымен қатар бұл іске қатысы бар тұлғаларды қосымша сұрастыру нәтижелері бойынша, зерттеу қорытындылары жобалық-сметалық бөлімнің басшысы, Басқарманың конкурстық коммисия мүшесі М.А. Сулейменованың іс-әрекетінде «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 50-б. 1-т. 4-т. сәйкес, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс іс-әрекеттің болғандығын көрсетті. 
Тәртіптік істі қарау нәтижесінде әдеп жөніндегі кеңес мүшелері «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ басшысына «ШҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-нің жобалық-сметалық бөлім басшысы М.А. Сулейменоваға қызметіне толық сәйкес еместігі туралы тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныс қабылдады.
«ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы» басшысының орынбасары Т.С. Смагуловқа қатысты, ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро Департаментінің (ары қарай-сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) қылмыстық құқық бұзушылыққа және басқа заңдылықтың бұзылуына жол беретін жағдайларды жою жөніндегі ұсынысы негізінде тәртіптік іс қаралды. Т.С. Смагуловтың заң бұзушылық әрекеттері тоқтатылған қылмыстық іс материалдарымен және қосымша қатысы бар тұлғалардың түсініктемелерімен рассталды.
Сонымен қатар, тоқтатылған қылмыстық істің және ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Т.С. Смагуловқа қатысты ұсынысын зерттеу қорытындысы оның жасаған әрекетінде «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңынмен және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен қарастырылған тәртіптік теріс әрекет бар екендігін көрсетті.   
Істі қарау нәтижесінде ҚР қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер Комитетінің ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің басшысы Б.К. Айнабековке «ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер Департаментінің Өскемен қаласының мемлекеттік кірістер басқармасы» басшысының орынбасары Т.С. Смагуловқа «ҚР Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 49 бабы және ҚР Президентінің 2015 жылы 29 желтоқсанда №153 Қаулысымен бекітілген, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін сөгіс жариялау түріндегі тәртіптік жаза қолдану ұсынылды.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің ШҚО бойынша Департаментінің баспасөз қызметі

 

1 тоқсан 2016  
     
Бет өзгертілді: 22-12-2016