Мемлекеттік қызмет

Ішкі конкурстар туралы хабарламалар

05.12.2017ж.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–21, 7–00–11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz «Б» корпусының  бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
           
Аягөз ауданы Мамырсу ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы,  (EG-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден  94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округ бойынша мал тұқымын селекциялық асылдандыру бойынша іс-шаралар атқару.Ауылдағы малдардың жұқпалы ауруларына қарсы залалсыздандыру іс-шаралары бойынша атқарылған жұмыстарға бақылау жасау. Тұрғындардың меншік малдарына табын шығаруды ұйымдастыру. Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру және халық арасындағы мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал көрсету, жергілікті істерді басқаруға тұрғындарды тарту. Ішкі саясат әлеуметтік салалар бойынша жұмыстар атқару. Ауылдағы азық-түлік дүкендерінің бағаларына мониторинг жасау, сол бойынша күнделікті ақпарат беріп отыру. Ауылдағы жерге орналастыру, заңды тұлғаларға, жеке адамдарға жер телімдерін беру мәселері бойынша құзыретті органдарға ұсыныстар енгізу, құжаттар дайындау. ЕСЭДО бағдарламасымен жұмыс жүргізу.Мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес шаруа қожалықтарына, жеке тұлғаларға субсидия, несие алуға көмек көрсету. Ауыл әкімінің тапсырмасы бойынша басқа да жұмыстар атқару.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (Ветеринария саласында немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, статистика, менеджмент, маркетинг) немесе  ауылшаруашылық ғылымдары саласында немесе құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі).
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталғанқызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап   3 жұмыс күннің  ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Шағым жасау туралы ақпарат:Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде  Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.            
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4  мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

қосымша (*.doc 66 KB)

Бет өзгертілді: 04-01-2018