Мемлекеттік қызмет

Ішкі конкурстар туралы хабарламалар

26.04.2017ж

Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар:
8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–21, 7–00–11, e-mail:
a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жергілікті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы (бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы негізгі қызметкердің орны 01.10.2018 жылға дейін), (ER-4 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Тілдерді дамыту саласында аудандық бағдарламаларды әзірлеп, жүзеге асырады, тілдерді оқыту үйірмесінің жұмысын үйлестіреді және ұйымдастырады. Аудан және барлық ауылдық округтері бойынша іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізілуін бағалау шараларын әзірлеп, ұйымдастырады. Азаматтардың барлық санаттарының мемлекеттік тілді оқып үйрену қажеттілігін насихаттайды. Аудандық көрмелерді және басқа да іс-шаралардың қағидаларын әзірлеп, өткізеді. Облыстық және басқа іс-шараларға ауданның өкілдерін қатыстыруға дайындайды. Аудандағы тілдің жағдайын анықтау мақсатында әлеуметтік зерттеулер жүргізеді. Ономастика бойынша жұмыс жүргізеді. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің іс қағазын жүргізеді. Ауданның ұйымдары мен мекемелерінің, ауылдық округтердің тілдерді дамыту саласындағы заңнамаларын орындау бойынша кешенді тексеруді ұйымдастырып, жүргізеді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі (гуманитарлық ғылымдар немесе білім саласында)
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

2. Аягөз ауданы Нарын ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (Е-G-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден 94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасын іске асыру және халық арасында мемлекеттік саясатты жүргізу мақсатындағы жұмыстардың жүргізілуіне ықпал көрсету, жергілікті істерді басқаруға тұрғындарды тарту. Округтың көріктендіру, тазалығын сақтау жұмыстарын және тазалық сенбіліктерін ұйымдастыру. Ауылда төтенше жағдайлар туындаған кезде шұғыл шаралар қолдануды ұйымдастыру және төтенше жағдайлар болдырмау үшін алдын-ала шаралар жүргізу. Ауылшаруашылығы малдарының есебін жүргізеді. Ауыл, ауылдық, селолық округ әкімі аппараты мамандарының ішкі өзара брін-бірі алмастырулары. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1)өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап          3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Бет өзгертілді: 10-05-2017