Мемлекеттік қызмет

Ішкі конкурстар туралы хабарламалар

28.06.2016ж.

Бос және уақытша бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар:
8 (72237) 7-00-73, e-mail:
a.razdykova@akimvko.gov.kz«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

1. Аягөз ауданы әкімінің кеңесшісі, (E-3 санаты) - 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 102437 теңгеден 138248 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Аудан әкімінің баяндамаларын әзірлеу; аудан әкімімен қол қойылатын құжаттарға талдау жасау. Ауданәкімінің қатысуымен өткізілетін іс-шаралардың дайындығына қатысу; ауданәкімі берген тапсырмаларды орындауға лауазымды тұлғалармен бақылаужүргізу; жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінеқатысты мәселелерді қарастыру.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Білімі жоғары.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көсбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

2. Аягөз ауданының экономика және қаржы бөлімінің бюджет секторының бас маманы (бала күтіміне байланысты еңбек демалысындағы негізгі қызметкердің орны), (ЕR-4 санаты) - 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 73288 теңгеден 99106 теңгеге дейін:

Функционалдық міндеттері: Республикалық және облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттерді мақсатты және тиімді пайдалануын қамтамасыз ету. Трансферттердің орындалуына талдаулар жасап, есеп беру. Трансферттерді жылжыту туралы сұраныстар қабылдап, жоспарларына өзгерістер енгізу. Облыстық басқармаларға трансферттердің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасап тапсыруды ұйымдастыру. Бюджеттік бағдарлама әкімшісін қаржыландыру жоспарын және мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарын тексеруді жүзеге асыру. Еңбек ақыға қатысты мәліметтерді әзірлеу. Аудан бюджетінің орындалуы туралы ай сайынғы және жылдық есепті жасайды. Бюджеттік қаржының тиімді және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету. Аудандық бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу. Аудандық бюджеттік комиссия жұмыстарын ұйымдастыруға, бюджеттік комиссия шешімі негізінде, аудандық мәслихат сессиясының шешімінің жобасын әзірлеуге қатысу. Аудандық бюджеттің кіріс бөлігінің жоспарын жасау. Аудан бюджетінің кіріс бөлігінің орындалуы туралы тиісті талдау және есептер жасау. Ай сайын жүктелген функциялар шегінде мәлімет беру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: білімі жоғары, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы)
Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;
3) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
1)«Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;
2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi:ішкі конкурс туралы хабарландыру уәкілетті органның ресми сайтында соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні. Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады. Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады. Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны: Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат:Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Шағым жасау туралы ақпарат:Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде жүргізіледі.

Бет өзгертілді: 19-07-2016