Мемлекеттік қызмет

Ішкі конкурстар туралы хабарламалар

18.04.2018ж

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар:
8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–21, 7–00–11, e-mail:
a.razdykova@akimvko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

«Аягөз ауданының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі - бөлім басшысының орынбасары, (Е-R-2 санаты) - 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 127418 теңгеден 172369 теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Нарықтық экономика қатынастары негізінде ауылшаруашылығы және азық-түлік саясатын жүзеге асыру. «Өсімдік шаруашылығын міндетті сақтандыру», «Агроөнеркәсіп кешенін және ауылды дамытудың басымдылығы туралы» Заңын іске асыру. Аудан халқының азық-түлікке деген сұранысын қамтамасыз ету үшін, мал және егін шаруашылығын дамыту. Қазіргі нарық қатынастары мен ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеу және тапсыруға ықпал жасау. Агроөнеркәсіп кешенінде жұмыс істейтін ауылшаруашылығы құрылымдарына, мемлекеттің аграрлық саясатының механизмдерімен, оның негізгі бағыттары жөнінде халық арасында түсінік жұмыстарын жүргізу. Мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығына берілетін субсидиялардың берілуін қадағалау. Ауыл шаруашылығы техникаларын лизингке алуды ұйымдастыру. Азаматтардың арыз-шағымдарына мерзімінде жауап берілуін қадағалау. Бөлімнің жылдық және тоқсандық жоспарын әзірлейді, оның орындалу барысы туралы ақпарат ұсынады. Бөлімнің құзырына жататын мәселелерге байланысты азаматтардың арыз-шағымдары бойынша жеке қабылдау жүргізу. Жоғары тұрған органдарға мерзімінде ақпараттар жолдау. Тұрғындардың арыз-шағымдарын тексеріп, жауаптар әзірлеу. Бөлім басшысы болмаған кезінде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастырады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:  Жоғары білім, ветеринария саласында немесе әлеуметтік ғылымдар және бизнес саласында (экономика, есеп және аудит, қаржы) немесе құқық саласында (құқықтану, халықаралық құқық, құқық қорғау қызметі) немесе ауылшаруашылық ғылымдары.  

Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
1) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптарды;
2) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;
3) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;
4) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес;
3) В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.           
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

қосышма (*.doc 66 KB)

 

03.04.2018ж.

Бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында өткізілетін ішкі конкурс туралы хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ, 070200, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, анықтама үшін телефондар: 8 (72237) 7-00-73, факс: 7–00–21, 7–00–11, e-mail: a.razdykova@akimvko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға жергілікті мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:
          
Аягөз ауданы Тарлаулы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, (E-G-3 санаты) – 1 бірлік, лауазымдық жалақысы еңбек сіңірген жылдарына байланысты 69957  теңгеден 94108  теңгеге дейін.
Функционалдық міндеттері: Ауыл, ауылдық және селолық округ әкімдері аппаратының қызметін құжаттық қамтамасыз ету. Іс-қағаздарды жүргізу бойынша талаптардың сақталуын бақылау жасауды жүзеге асыру. Нотариальдық әрекетті жасау. Жиналыстар мен азаматтар жиындарының өткізілуіне материалдар дайындау. Кіріс және шығыс хат-хабарлар жұрналдарын, шаруашылық кітаптарын жүргізу. Елді мекен тұрғындарының статистикалық есебін, сайлаушылар тізімдерін жүргізу және олар бойынша есеп дайындау есеп беру. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды ұйымдастыру және №1-ОЛ нысанды статистикалық есепті жүргізу. Мемлекеттік қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Ауыл, ауылдық, селолық округ әкімі аппараты мамандарының ішкі өзара бірін-бірі алмастырулары. Өзінің функционалдық міндеттері бағытында ауыл әкімінің басқа да тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз ету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы талаптар: Білімі жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалды бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Конкурсқа қатысушыларға жалпы талаптар:
1) мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.
2) нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметін тиімді атқаруға қажетті құзыреттер бойынша талаптар.
3) тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына кандидаттардың орналасуға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігімен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.
4) «Қазақстан - 2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты стратегиясын, нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу.
5) осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне құжаттарын қолма-қол тәртіпте, пошта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттар электронды түрде электрондық пошта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірілмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi: ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру мемлекеттік органның және уәкілетті органның интернет-ресурсында соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап  3 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылардың және сарапшылардың қатысуына қатысты ақпарат: Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Шағым жасау туралы ақпарат: Конкурстық комиссия шешімімен келіспеген жағдайда конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар 5 жұмыс күн ішінде Шығыс Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл бойынша департаментіне немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.
Конкурстық комиссия шешіміне шағымды: ШҚО, Өскемен қ. Тәуелсіздік даңғылы 4 мекенжайы бойынша ұсынуға болады.
Әңгімелесуді жүргізу уақыты мен орны:  Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар, оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» ММ-де, Аягөз қаласы, Абай бульвары 14, өтеді.
Ішкі конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалары негізінде өткізіледі.

қосышма (*.doc 66 KB)

2018ж.
1 тоқсан 2018ж
2017 ж.
Желтоқсан
Қараша
Қыркүйек
Тамыз
Мусым-Шілде
Мамыр 2017ж
Сәуір 2017ж
Наурыз 2017ж
Ақпан 2017ж.
2016 ж.
Желтоқсан 2016ж.
Қараша 2016ж.
Қазан 2016ж.
Тамыз 2016ж.
Шілде 2016г.
Маусым 2016г.
Мамыр 2016ж.
Сәуір 2016ж.
Другие объявления

Бет өзгертілді: 18-04-2018