Дене шынықтыру және спорт

«Елорда күніне» арналған аудандық білім бөлімі және мәдениет,тілдерді дамыту, және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен тұңғыш рет тауға жүгіріп шығу жарысы өткізілді. Додада 14 спортшы бақтарын сынады.

Аягөз ауданында тағы бір көп балалы отбасы үйлі болды. "Харекет" қайрымдылық қоры арқылы "1000 теңгеге баспана" акциясы аясында тағдыр тауқыметімен 6 баланы жалғыз өсіріп келе жатқан батыр анаға үйдің кілті табыс етілді. Аталмыш акцияны қолдау үшін әкімшілік тарапынан қайрымдылық морофон ұйымдастырылып, түскен қаржы толықтай аталмыш қорға аударылды.

Мемлекеттік қызмет күнін мерекелеу мақсатында ағымдағы жылдың 21-22 маусым күндері Аягөз қалалық стадионында мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада ойындары өткізілді.

18-21 маусым аралығында Венгрия астанасы Будапешт қаласында 2004-2006 ж.т кіші жасөспірімдер арасында өткен Әлемдік ойындарында Аягөз спорт мектебінің түлегі Хамитов Ондасын 44 кг салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.

Оқу жылының аяқталуына және 1 маусым балаларды қорғау күніне, сондай-ақ «Жастар жылына» арналған 1 – 5 сынып оқушылары арасында шахмат жарысы өткізілді.

Тараз қаласы жанындағы Бектөбе ипподромында 19 мамыр күні өткен Қазақстан Республикасының ересектер арасында ХІХ аударыспақтан – жерлесіміз Даурен Төлеуғали Қанатұлы 3 орынды қанжығасына байлады.

17-20 мамыр аралығында Түркістан қаласында самбо күресінен спорт шеберлері арасындағы Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысып, 62 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанды.

11-12 мамыр күндері орталық стадионда Аудандық мәдениет,тілдерді дамыту,дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен "2019 жыл-Жастар Жылына"орай футболдан аудандық турнир өтті.

8 мамыр күні Ұлы Жеңістің 74 жылдығына" орай ерлер арасында аудандық волейбол жарысы өтті.

10 – 11 класс оқушылары арасындағы ҰОС ардагері, ұлағатты ұстаз Н. Мухамедиевты еске алуға арналған баскетбол жарысы өтті.

2019 жылдың 22 сәуірі күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысының ІІ кезеңі «Аягөз Барысы» аудандық турнирі өтті.

 

2019 жылдың 19 – 20 қаңтар аралығында аудан жастары арасында шахмат жарысы өтті.
2019 жылдың 1 ақпан күні шайбалы хоккейден оқушылар арасындағы аудандық «Жұлдызша» жарысы өтті.
2019 жылдың 22 ақпан күні қыстық спорт түрлері оның ішінде жекелей шаңғы жарысы өтті.
2019 жылдың 01 – 02 наурыз аралығында «Жастар жылына» арналған және «Алғыс айту» күніне орай аудан тұрғындары (ерлер, әйелдер) және 5 – 11 класс оқушылар (ұлдар, қыздар) арасындағы үстел теннисінен жекелей жарысы өтті.
2019 жылдың 04 – 05 наурыз аралығында «8 – наурыз Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне арналған әйелдер мен қыздар арасында тоғызқұмалақ жарысы өтті.
2019 жылдың 04 – 05 наурыз аралығында «8 – наурыз Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне арналған әйелдер мен қыздар арасында шахмат жарысы өтті.
2019 жылдың 06 – 07 наурыз аралығында «8 – наурыз Халықаралық Әйелдер күні» мерекесіне арналған әйелдер арасында волейбол жарысы өтті.
2019 жылдың 22 наурыз күні «Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына» арналған спорттық жарыстар өтті.
2019 жылдың 30 наурыз күні 2019 жыл «Жастар жылына» арналған ерлер арасында волейболдан аудан әкімінің Кубогі.

Бет өзгертілді: 16-07-2019