Дене шынықтыру және спорт

07.04.2018 жылы орталық алаңда "Дені сау болу - ол сəнді" атты денсаулық фестивалі болып өтті. Фестивальға еңбек ұжымдары мен аудан мектептерінен оқушылар қатысты.

Сәуір айында ағайынды Измайловтар атындағы жеңіл атлетикалық этафетадан қала жəне ауыл мектептері арасында жарыс болып өтті. Жарысқа қала, аудан мектептерінің оқушылары қатысып, жарыс жеңімпазы болып үшінші жыл № 5 орта мектеп танылды.

Мамыр айында Аягөз қалалық орталық стадионда Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жүлдесіне өтетін Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласына 20 жыл толуына арналған ХХІ халықтық спорт ойындарына футболдан аудандық іріктеу жарысы өтті. Жарыс жеңімпаздары Өскемен қаласында өткен спартакиада ойындарына жолдама алды.

01.05.2018 ж. Аягөз балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Республикалық турниріне аудандық іріктеу жарысы «Аягөз Барысы» турниры болып өтті. Аталған турнирде 1 – ші орын алған Құсаинов Асхат пен 2 – ші орын алған Уатаев Жанат облыстық іріктеу жарысына қатысып қайтты.

Орталық стадионда 23 маусым - мемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметкерлер арасында түрлі спорттық сайыстар өтті.

  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
  • Дене шынықтыру және спорт
Бет өзгертілді: 27-07-2018