Әлеуметтік сақтандыру

«Өрлеу» бағдарламасы

«Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» атты Елбасының тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі әлеуметтік қызметтер мен көмек алушылардың арасында әлеуметтік келісім жүйесі негізінде атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жұмыс істеп тұрған тетіктерін жетілдіру жолымен азаматтардың аз қамтамасыз етілген санаттарын әлеуметтік қорғаудың енжар үлгісінен белсенді түріне ауыстыру бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.

Мемлекеттік қолдауды қажет ететін аз қамтамасыз етілген отбасылардың экономикалық өсуі үшін әлеуметтік бағдарламалар қарастырылған. Осы бағдарламалардың бірі – «Өрлеу» пилоттық жобасы болып табылады.
«Өрлеу» пилоттық  жобасы Аягөз ауданында 2014 жылдың сәуірінен бастап, қазіргі уақытта да жұмыстары атқарылып жатыр.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің 2016 жылға арналған республикалық бюджеттен «Өрлеу»  пилоттық жобасы бойынша шартты ақшалай көмекті енгізуге ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына өзгерістер енгізілді.  Отбасын белсенділігін арттыру үшін әлеуметтік келісім шарт мерзімі 6 айға (12 ай болатын), отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің бала күтіміне байланысты мерзімі 7 жасқа дейін ұлғайды (3 жас болатын). «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы жұмыссыз және аз қамтамасыз етілген санаттардың ішіндегі еңбекке қабілетті азаматтарды белсенді етуде басымды құқыққа ие. Атаулы әлеуметтік көмек алушыларының масылдық қарым-қатынасын тоқтату, олардың санасын өзгерту және оңалту үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатыр.

Табыстары төмен еңбекке қабілетті азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік бейімделу бағдарламасына белсенді түрде қатысқан жағдайда ғана берілетін бағдарлама болғандықтан, 2016 жылдың қаңтар айынан бастап бүгінгі күнге дейін жұмысқа қабілетті 246 азаматтардың барлығы тұрақты жұмыспен қамтылды.

2017 жылға 72667,6 мың. теңге қарастырылды, оның ішінде шартты ақшалай көмекке – 57614,0 мың теңге (ЖБ – 29996,0 мың. теңге, РБ – 27618,0 мың. теңге). 2017 жылдың 6 айына 26715,0 мың. теңгеге 168 отбасыға (816 адам) көмек көрсетілді, оның ішінде ЖБ – 15807,0 мың. теңге, РБ – 10908,0 мың. теңге. 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысын алушылар – 167   отбасы (808 адам), алғаш өтініш білдіргендерден – 1 отбасы (8 адам).

Ұлт жоспарының 84 - қадамын жүзеге асыру үшін, аз қамтылған отбасыларының санын азайту бойынша жоспарланған жұмыстар жүргізілуде. Осыған байланысты «Өрлеу» жобасына қатысушыларды тарту үшін Жұмыспен қамту орталығы және Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арасында бірлескен жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

 

Бет өзгертілді: 18-08-2017