Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Көші-қон

«Халықтың көші – қоны туралы» 1997 жылғы 13 желтоқсандағы № 2004 – 1 және Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңдарымен, «2005 – 2006 жылдарға арналған ораламандардың көші – қоны үлесі туралы» 2005 жылғы 18 сәуірдегі Шығыс Қазақстан облыстық әкімдіктің қаулысымен сәйкес Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі оралмандарды қабылдау, орналастыру және бейімделу бойынша жұмысты өткізеді.
Қазіргі уақытта Аягөз ауданында үлес бойынша 99 отбасы тұрады, онда 390 адам есептеледі. Оралман отбасыларының негізгі бөлігі Қытай Халық Республикасынан көшіп келді, олар Аягөз ауданы Ақшаулі ауылдық округінде және Аягөз қаласында тұрады, Моңғол Республикасынан келген 32 отбасы 149 адам Баршатас өңірінде тұрады, 9 отбасы СНГ, Ресейден 2 отбасы 7 адам, Қырғызстаннан 1 әйел,, Өзбекістан Республикасынан тұрақты мекендеуге 6 отбасы (12 адам) келді.
Қазақстан Республикасының қоданыстағы  Заңымен сәйкес, ауданға келген оралман отбасыларға көмек және үй, жер үлесін алуға жәрдемдесу көрсетіледі, соның мақсатында 100 АЕК мөлшерінде ақша сомасы және отбасы басшысына 15 АЕК бір жолғы жәрдемақы; әр отбасы мүшесіне 10 АЕК бөлінеді. Көлік шығындары төленеді.  Әкім аппаратының қызметкерлері, көші – қоны полиция мамандары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, прокуратура қызметкерлері үнемі мекендеу бойынша оралмандармен кездеседі, ҚР Заңнамасын түсіндіру жөнінде сұхбат жүргізеді, өмірдің қазіргі жағдайына жайластыруға және бейімделуге, әлеуметтік жәрдемақыларды, микронесиелерді ресімдеуге тәжірибелік көмек көрсетеді.
Оралмандар, жанұялары тұратын орындарына байланысты мемлекеттік мерекелерге арналған мәдени – көпшілік іс – шараларды жүргізуде қатысады.
Үлес бойынша келген барлық оралмандар тұрғын үймен қамтылды. Өздерінің аулаларында ірі қара мал, қой және ешкі ұстайды.

 

Бет өзгертілді: 18-11-2014