Әлеуметтік қамтамасыз ету

Зейнетақымен камтамасыз ету

1. БЖЗҚ мекен жайы: Аягөз қаласы, Дүйсенов көшесі 102/1, телефон: 8(72237) 3-19-44.
Электрондық мекен жай поштасы
: ayagoz@gnpf.kz.

2.ШҚО Аягөз ауданы бойынша мемлекеттік зейнетақы беру орталығы бөлімшесі, мекен жайы:
Аягөз қаласы Абай бульвары көшесі 47а, телефон: 8(72237) 4-99-99.

Тұрғын үй көмегі
Тұрғын үй көмегі халыққа атаулы әлеуметтік көмектің формалардың біреуі боп табылады, осы жерде өнебойы тұратын жанұяларға (азаматтарға) беріледі. 
«Тұрмыстық қатынастар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94-1 Заңына сәйкес тұрмысы төмен отбасыларына үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу үшін көмек көрсетіледі. 
  
Тұрғын үй көмегін тағайындау шарттары?
Тұрғын үй көмегі сол жерде ТҰРАҚТЫ тұратын және үйдің иелері немесе оның жалдаушысы (жалгері) болап табылатын тұрмысы төмен отбасыларына беріледі. Тұрғын үй көмегі отбасының тұрғын үйді ұстау мен коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік ақыны ұлғайту бөлігіндегі байланыс қызметтерін тұтынуға ақы төлеу нақты шығындары осы мақсаттарға шекті жол берілетін шығыстар үлесінен артқанда тағайындалады. Отбасының нақты шығындары әлеуметтік нормалардың шегінде есепке алынады.   
   
Тұрғын үй көмегін алуға кім құқылы?
Жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс істемейтін, оқымайтын, әскер қатарында қызмет етпейтін және жұмыспен қамту бөлімінде тіркелмеген адамдары бар отбасылардың тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ, оның ішіне 50 жасқа толғандар (жынысына қарамастан), 1-ші,2-ші топтағы мүгедектерді күтетін тұлғалар, 16 жасқа дейінгі мүгедек- балаларды күтетіндер, 80 жастан асқандар немесе 7 жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен шұғылданатын тұлғалар, 18 жасқа дейін 4 және одан көп балаларды тәрбиемен айналасқан, өз өзін жұмыспен қамсыздандырған тұлғалар, туберкулез, наркологиялық, онкологиялық аурулар есепте тұрған мүгедек топтары жоқ тұлғалар, 8 аптадан төмен емес аяғы ауыр әйелдер  кірмейді. 
  
Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін қандай құжаттар ұсыну қажет? 
1. Төлқұжат немесе жеке басының куәлігі (тоқсан сайын)
2. Тұрғын үй құқығын куәландыратын құжат (тоқсан сайын)
3. Азаматтарды тіркеу кітабы (тоқсан сайын)
4. Еңбек қызметті дәлелдеу құжаттары
5. Зайыбы туралы мәлімет (неке қию туралы куәлік, өлу туралы куәлік) 
6. Отбасы табыстары және басқа да мәлімделген табыстар туралы анықтама (талаптану алдындағы тоқсанға) – еңбек ақы, зейнетақы, жәрдемақы, алимент және т.б.(тоқсан сайын)  
7. Жасы бойынша зейнетақы мөлшері туралы анықтама (тоқсан сайын ) 
8. Барлық коммуналдық қызметтерге және байланыс қызметтеріне ақы төлеу туралы түбіртек (талаптану алдындағы тоқсанға ) 
9. Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы анықтама (жұмыс істемейтіндер үшін тоқсан сайын)  
10. Жеке қосалқы шаруашылық бары туралы мәлімет
  
Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы. Беру түсінігі және тәртібі. Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы деген не және кімге ұсынылады?
  
2006 жылғы 1 қаңтарынан жұмысқа еңгізілген № 63 2005 жылғы 28 маусымнан «Балалары бар жанұяларға мемлекеттік жәрдемақы туралы» ҚР Заңына сәйкес. 
Жанұяның орта табысы шаруашылық себет бағасынан төмен болған кезде он сегіз жасқа дейін балалар жанұяның асырауында болған балаларға жәрдемақы әрқайсысына тағайындалады. 
Жанұяның табыс жиынын есептегенде оның құрамында тек қана ата-аналар (бала асырушы) және олардың асырауында болған он сегіз жасқа дейіңгі балалар. 
Балаларға жәрдемақы бір айлық есеп көрсеткіш өлшемінде белгіленген. 
  
Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін қандай жағдайлар бар?
Баланың еңбекке жарамды ата-анасы (бала асырушы) жұмыс істегенде, күндізгі формасы бойынша оқығанда, әскерде қызмет еткенде және жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелген жанұяларға жәрдемақы тағайындалады. 1 немесе 2 топ мүгедектерді, мүгедек балаларды, он сегіз жастан асқан тұлғаларды, үш жасқа дейін балаларды ата-ана (бала асырушылар) күтумен айналасқанда. 
  
Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін кімнің құқығы жоқ?
Егер жанұяда оқымайтын, әскерде қызмет етпейтін, жұмыспен қамту органдарында тіркелмеген, жұмысқа жарамды жұмыссыз тұлғалар бар болса. 
  
Балалары бар жанұяларға жәрдемақыны тағайындау үшін қандай құжаттар ұсыну қажет?
Анықталған үлгідегі мәлімдеме (тоқсан сайын);                                       
Баланың тууы туралы куәліктің көшірмесі (жылына бір рет);                      
Мәлімдеме берушінің жеке куәліктің көшірмесі, СТН,СИК (жылына бір рет); Жанұяның тұратын орны және құрамын дәлелдейтін құжаттың көшірмесі (тоқсан сайын);
Жанұяның табысы туралы анықтама – еңбекақы, жәрдемақы, алименттер және т.б. (тоқсан сайын);
Жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар үшін жұмыспен қамту органнан анықтама (тоқсан сайын);                                                                       
Ата – ананың іздестіру туралы анықтама  (тоқсан сайын); 
  
Үйде тәрбиеленген және оқыған мүгедек балалаоға материалдық көмек
«Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 13.04.2005 жылғы  ҚР Заңына  және 2002 жылғы 11 маусымнан « Мүмкіндіктері шектеулі балалардың әлеуметтік және медициналық – педагогикалық коррекциялық қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы сәйкес үйде тәрбиеленген және оқыған мүгедек балаларға материалдық көмек төлемі жүргізіледі, Аягөздің балалар медициналоық- әлеуметік мекемеде баланы айлық асырау құны сомасында төленеді. 
  
Материалдық көмектің тағайындау шарты.
Медициналық-педагогикалық комиссиямен және МСЭК анықтамамен берілетін анықтаманы көрсеткенде материалдық көмек тағайындалады. 
  
Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы. Беру түсінігі және тәртібі. Мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасы деген не?
Қазақстан Республикасында мүгедектердің әлеуметтік қорғалуы туралы» 13.04.2005 жылғы № 39-III ҚР Заңына сәйкес Мүгедектерді медициналық, әлеуметтік, кәсіптік оңалту бойынша іс-шаралардың кепілдік берілген тізбесі

 

 

Бет өзгертілді: 16-05-2018