Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі

Әлеуметтік қорғау органдарының іс-әрекеті

2019 жылдың 1 қазанына Аягөз ауданында кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың саны – 9650 адамды құрайды.
Әлеуметтік бағдарламалар бойынша:
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек» –9650 адамға 800 млн. 265 мың теңге, «Тұрғын үй көмегі»– 329 отбасына 505,0 млн теңге, «Үйде тәрбиеленіп, оқылатын мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз ету» – 91 балаға 9090,0 мың теңге сомасы төленді.
Жұмыспен қамтудың белсенді түрлеріне жұмыссыздарды тарту:
2019 жылға қоғамдық жұмыстарға 550 адамға 80100,0 мың теңге бөлінген, 9 айда 455 адам жіберіліп,   59341,0 мың тг қаражат игерілді.
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлауға 355 адамға 64803,0 мың теңге қаражат бөлініп, жыл бойында 284 адам оқуға жіберіліп, 30837,5 мың тг ражат игерілді.
Жастар іс-тәжірибесіне 30 адамға 11362,0 мың теңге қаражат бөлініп, жыл бойында 38 адам жастар іс-тәжірибесінен өтуге жіберілді, 5555,0 мың тг қаражат игерілді.
Әлеуметтік жұмыс орнына 20 адамға 5683,0 мың теңге қаражат бөлініп, 9 айда 22 адам жұмысқа жіберіліп, 3696,0 мың теңге қаражат игерілді.
01.10.2018 жылға жоспар бойынша орындалысы

«Аягөз аудан әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі  

Аягөз аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығында 4 бөлімше қызмет атқарады  оның: 2 бөлімше жалғызілікті  қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға  үйде әлеуметтік көмек көрсету, 1 бөлімше мүмкіншілігі шектеулі балаларға  үйде әлеуметтік көмек көрсету, 1 бөлімше күндізгі келу жартылай стационар   жалғызгілікті  қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға, мүмкіншілігі шектеулі балаларға арналған.
Жергілікті бюджеттен 130394,0 мың теңге бөлінді.
Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы өзінің әрекетін әлеуметтік және медициналық көмекке берілген лицензия бойынша іске асырады.
Штат бойынша 102,5 бірлік бар, орталықта 106 адам  жұмыс атқарады.
Барлық қызмет алушылардың саны 327 адам , оның ішінде : 2 бөлімшеде жалғызілікті  қарттар  мен еңбекке жарамсыз азаматтарға  үйде әлеуметтік көмек көрсету- 191 адам, оларға  29 әлеуметтік қызметкері көмек көрсетеді, 1 бөлімшеде  мүмкіншілігі шектеулі балаларға  үйде әлеуметтік көмек көрсету-  80 бала, оларға 19 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді, 1 бөлімшеде  күндізгі келу жартылай стационар   жалғызгілікті  қарттар мен еңбекке жарамсыз азаматтарға,  мүмкіншілігі  шектеулі балаларға - 56 адам , оның:  жалғызілікті  қарттар - 4 және  І-ІІ топ мүгедектер - 22,  мүмкіншілігі  шектеулі  балалар - 30.  

Әлеуметтік көмек көрсету арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандартына сәйкес құрылады. Көмек көрсету мына қызметтердің 8 түрлері бойынша іске асырылады:
1. Әлеуметтік- тұрмыстық.
2. Әлеуметтік – еңбектік.
3. Әлеуметтік-педогогикалық.
4. Әлеуметтік- психологиялық.
5. Әлеуметтік-медициналық.
6. Әлеуметтік – экономикалық.
7. Әлеуметтік-құқықтық.
8. Әлеуметтік-мәдени кызметтері.

Бет өзгертілді: 06-11-2019