Әлеуметтік қорғау органдарының қызметі

Әлеуметтік қорғау органдарының іс-әрекеті
2017 жылдың 1 қаңтарында Аягөз ауданында кедейлік шегінен төмен тұратын аз қамтылған азаматтардың саны – 385 адамды құрайды.

Әлеуметтік бағдарламалар бойынша: 
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек –385 адамға 22 млн. 481 мың  теңге сомасы,
18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы – 4312 балаға 87 млн 616 мың теңге сомасы, Тұрғын үй көмегі – 112 отбасына 16 млн 336 мың теңге сомасына, Үйде тәрбиеленіп, оқылатын мүгедек-балаларды материалды қамтамасыз ету – 107 балаға 18 млн 190 мың теңге сомасы.

Шығыс Қазақстан облыс әкімінің 2012 жылдың 05 желтоқсандағы №300 «Жетім балалар мен ата-анасынын қамқорлығынсыз қалған балалар санынан жалпы білім беретін мектептердін түлектеріне облыстын жоғарғы оқу орындарындағы оқуын төлеу үшін әлеуметтік көмек туралы»  0аулысының орындалысы.
 Шығыс Қазақстан облысы әкімінің гранты арқылы облыстың жоғарғы оқу орындарына  2011-2016 оқу жылдарында барлығы 78 адам жетім балалар мен ата-анасынын қамқорлығынсыз қалған және жағдайы төмен от басылар санатынан оқуға түсті. 2016 жылдың 20 тамызына  47 бала ЖОО аяқтады, 16 –сы әр түрлі себептермен оқу орындарынан шығып қалды, 15 бала  2016-2017 оқу жылында оқуларын жалғастыруда, оның ішінде Семей қаласының  мемлекеттік Шәкәрім атындағы университетінде 4 студент, Семей қаласы мемлекеттік медицина  университетіде 11 студент оқиды.
Қоғамдық жұмыстар – 552 адамға 35 млн 854 мың теңге сомасы,
Жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау 220 адамға 22 млн. 331 мың теңге сомасы,  Жастар іс-тәжірибесі барлығы – 28 адам, 3 млн 707 мың теңге , әлеуметтік жұмыс орын 32 адам 3 млн 031 мың теңге.

«Аягөз аудан әкімдігінің аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі № 343 Заңына сәйкес 2003 жылы мүмкіндіктері шектеулі балаларды күту бойынша әлеуметтік көмек бөлімшесі құрылды. Аягөз аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығында 2 бөлімше жалғызбасты қарттар мен 1-2 санаттағы мүгедектер, күндізгі бөлім жалғыз басты еңбекке жарамсыз азаматтарға қызмет көрсетеді. Бір бөлімше мүмкіншілігі шектеулі балалармен 18 жастан асқан мүгедектерге, күндізгі бөлім психологиялық ауытқулары бар балаларға араналған. Республикалық бюджеттен 33 376 000 теңге, жергілікті бюджеттен  74 572 100 теңге бөлінді. Аумақтық әлеуметтік көмек көрсету орталығы өзінің әрекетін әлеуметтік және медициналық көмекке берілген лицензия бойынша іске асырады. Штат бойынша орталықта 102 штаттық бірлігі бар. Барлық қызмет алушылардың саны 295 адам. Оның ішінде жалғыз басты қарттар және 1-2 топтағы мүгедектер 160 адам, оларға үйден көмек көрсететін бөлімнің 26 әлеуметтік қызметкері көмек көрсетеді. Мүмкіншілігі шектеулі балаларға үйден көмек көрсету бөлімінде 80 бала оларға 20 әлеуметтік қызметкер көмек көрсетеді. Жалғыз басты қарттардың күндізгі бөлімінде 31 адам, күндізгі бөлімде психологиялық ауытқулары бар 24 бала келеді.

Әлеуметтік көмек көрсету арнаулы әлеуметтік көмек көрсету стандартына сәйкес құрылады. Көмек көрсету мына қызметтердің түрлері бойынша іске асырылады:
1. Әлеуметтік- тұрмыстық.
2. Әлеуметтік – еңбектік.
3. Әлеуметтік-педогогикалық.
4. Әлеуметтік- психологиялық.
5. Әлеуметтік-медициналық.
6. Әлеуметтік – экономикалық.
7. Әлеуметтік-құқықтық. 
8. Әлеуметтік-мәдени кызметтері.

 

 

Бет өзгертілді: 20-01-2017