Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданының әкімдігі, «Кәсіподақтардың аудандық үйлестіру кеңесі» қоғамдық бірлестіктер одағы, Аягөз ауданының кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2017-2019 жылдарға арналған КЕЛІСІМ *.doc 97 KB

Болашаққа сеніммен …

Соңғы жылдары Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі балалар мен ересектердің саны, өкінішке орай, азайғанның орнына көбейіп келелді. Оның себептері экология, салауатты өмір салтын сақтамау, туа біткен және психологиялық жарақаттар, тұқым қуалаушылық және тағы басқалары.

Жетілудің ауытқуына байланысты үйде оқуға тұра келетін, балалар және 18 жастан асқан тұлғалар жиі қоғамнан оқшаулау қалады. Бұл тоқырауды, өз күшіне сенбеушілік, ары қарайғы өмірінен үміт үзу  пен қорқыныш тудырады. Осындай балаларға және олардың отбасына көмектесу үшін ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы үш жыл бойында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен қызмет етіп келеді.

«ЗУБР» әлеуметтік корпоративтік қоры осы салада екінші жыл жұмыс істеп келеді. Ағымдағы жылы «ШҚО Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру» ММ қаржылай қолдауымен «ЗУБР» ӘКҚ «Аягөз, Үржар, Жарма, Күршім, Көкпекті, Зайсан және Тарбағатай аудандарында психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну» жобасы іске асырылатын болады.

Жобаның мақсаты – жеке қызметтермен қамтылмаған психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтер ұсыну қолжетімділігін және сапасын, осы қызметтерді үкіметтік емес ұйымдармен және білікті мамандармен мекенжайлық көрсету  арқылы арттыру мүмкіндігі.

Жоба барысында психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және 18 жастан асқан тұлғалардың арнайы әлеуметтік қызметтердің әр түрінің талаптылығына талдау жүргізу, үкіметтік емес ұйымдармен және мамандармен осы қызметтер түрін көрсетудің керемет тәжірибесін анықтап, жүйелендіру жоспарлануда.  Жоба бойынша басты қызмет психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және 18 жастан асқан тұлғаларға және олардың отбасына Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандартына сәйкес арнайы әлеуметтік қызметтердің барлық түрлерін ұсыну жолымен жан-жақты көмекті мекенжайлық көрсету болады.  

Жобаны іске асыруға деген осындай көзқарас мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, бейінді мекемелерге, психоневрологиялық патологиялары бар балаларға және 18 жастан асқан тұлғалардың проблемаларына жан-жақты қарауға, арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету бойынша күштерді біріктіруге, тәжірибе алмасуға және олармен бірлескен жұмысты үйлестіруге мүмкіндік берді. 

Осы жоба, және де Шығыс Қазақстанның ҮЕҰ тағы бірқатар жобалары психоневрологиялық патологиялары бар тұлғаларға арнайы әлеуметтік қызметтердің толық мөлшерін алуға мүмкіндік беретініне және жоба барысында өз мүмкіншіліктерін ашатындарына, жаңа достар табатынына, пайдалы және қызықты нәрселерге үйренетініне сенгіміз келеді!

 

Бет өзгертілді: 07-04-2017