Мемлекеттік қызмет көрсету

Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы ашық талқылаулар

«Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылғы есебі және 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру туралы ашық талқылау хаттамасы

Өткізілген күні: 26 желтоқсан 2018 жыл
Өткізілген жер:  Аягөз қаласы, Шығыс Қазақстан облысы 

Ашық талқылауды ұйымдастырған мекеме: «Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Ашық талқылаулар жайындағы ақпараттың берілген түрі – Аягөз ауданы әкімінің ресми сайты - http://ayagos.vko.gov.kz/kz/
Қатысқандар: Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы – Р. Шаукенова, осы бөлімнің мемлекеттік қызметтер көрсету саласына жауапты бас мамандары – Ж. Нұрахметов және Ғ. Ақылжанов, Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Э. Ахтемиров және осы бөлімнің бас маманы С. Каймолдин, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Қ. Досиханов, Аудандық Маслихат депутаты Е. Юсупов және аудан тұрғындары. 
Ашық талқылау тақырыбы: «Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2018 жылғы есебі және 2019 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру.
Ашық талқылаудың төрағасы болып – Р. Шаукенова, хатшысы болып  Ғ. Ақылжанов сайланды.

Сөйлегендер:
Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Р. Шаукенова – бөлімнің мемлекеттік қызметтеркөрсету саласындағы 2018 жылғы есебімен таныстырып 2019 жылға алға қойылған мақсаттар туралы мәлімет берді.
Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Э. Ахтемиров – аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде 2016 – 2018 жылдар аралығында өткізілген мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жұмыстарының қорытындылары туралы және берілген ұсынымдар мен олардың уақытында орындалуы туралы ақпарат берді.
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменті Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Қ. Досиханов – ауылшаруашылығы саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің жергілікті ХҚКО арқылы алу мүмкіндіктерін және осы бағыттағы мемлекеттік мекеме мен ХҚКО арасындағы атқарылатын жұмыстар туралы атап өтті.
Отырыс барысында аудандық Маслихат депутаты Е. Юсупов мемлекеттік мекеме басшына және жауапты мамандарға келесідей сұрақтар қойды:

  • Ауыл шаруашылығы саласындағы халық арасында сұранысқа ие мемлекеттік қызметтерге деген қолжетімділік бар ма?
  • «Электронды үкімет» порталында осы саладағы мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алу мүмкіндіктері қарастырылған ба?

Осы сұрақтарға аудан әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы Э. Ахтемиров жауап берді:

  • Мемлекеттік мекеме мамандары мемлекеттік қызметтерді ҚР белгіленген заңдарға сәйкес стандарттар мен регламенттердін талаптарына сай көрсетеді. Альтернативті мемлекеттік қызметтерді қандай түрде алу ол азаматтың өз еркінде, алайда мемлекеттік қызметтерді жергілікті ХҚКО немесе «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы алу тиімділігі туралы өтініш берушіге түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
  • «E-gov» электронды үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді ҚР әр бір азаматы онлайн режимде алуға мүмкіндігі қарастырылған, алайда өздеріңізге белгілі «E-gov» электронды үкімет порталын толыққанды пайдалану үшін ЭСҚ болуы қажет.

Отырыстың қорытындысына сәйкес аудан тұрғындары және аудандық Маслихат депутаты Е. Юсупов Аягөз аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы атқарылып жатқан жұмыстарына қанағаттанарлық деп баға берді.

Қол қойғандар:

Ашық талқылаудың төрағасы: Р. Шаукенова
Хатшы: Ғ. Ақылжанов
Аягөз ауданы әкімі аппаратының ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімінің басшысы  Э. Ахтемиров
Аягөз аудандық Маслихатының Депутаты  Е. Юсупов

 

 

 

Бет өзгертілді: 08-01-2019
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 1+14=