Мемлекеттік қызмет көрсету

Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша Аягөз ауданы әкімдігінің қызметі жөнінде есеп

Аягөз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 2017 жылғы қорытындысы туралы талдау

Аягөз ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдары арқылы әр түрлі салада 108 мемлекеттік қызмет түрлері көрсетіледі. Осы бағытта дербес бөлімдердің жауапты функционалдары мен көрсетіліп отырған мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау жасау үшін аудан әкімі аппараты тарапынан арнайы шаралар ұйымдастырылды.
Бұл шаралардың басты мақсаты жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің заң талаптарына сай сапалы орындалуы, мерзімінен кешіктіріп көрсетілген мемлекеттік қызметтерді анықтау және олардың алдын алу, жауапты мамандармен түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
Жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде ең көп сұранысқа ие мемлекеттік қызметтердің бірі «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметі. Осы қызмет бойынша 2017 жылы 1328 бала кезекке тұрған (2016 жылы 1204 бала), аталған мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мерзімінен кешіктіріп орындаулар және арыз-шағымдар болған жоқ.
Халық арасында сұранысқа ие қызметтің бірі «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту» мелекеттік қызметі. 2017 жылдың қорытындысы бойынша 828 жерге орналастыру қызметі көрсетілген, бұл 2016 жылмен (806) салыстырғанда біршама көбейген.
Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету саласында «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» мемлекеттік қызметі кең таралған. Аталған қызмет бойынша 2017 жылы 2315 қызмет көрсетілген. Келесі 2018 жылы жергілікті атқарушы органдары арқылы көрсетілетін сұранысқа ие қызметтердің саны мен сапасын неғұрлым арттыру көзделуде, атап айтқанда аудан бойынша электронды қызметтердің санын арттыру, халыққа насихат жүргізу жұмыстарын жандандыру мақсаты қойылған.
2017 жылдың 22 желтоқсанында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына сәйкес, «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аягөз ауданы бойынша филиалы мен Аягөз ауданы әкімідігі бірлесіп, Аягөз қалалық кітапханасының ғимаратында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» ұйымдастырылды.
Жәрмеңкеде Аягөз ауданы әкімдігінің дербес бөлім мамандары, және «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Аягөз ауданы бойынша филиалының консультанттары, аудандық жер қатынастары бөлімі, АХАТ және әлеуметтік сала өкілдері қатысып, өздерінің көрсететін қызметтеріне қатысты әзірлеген бейнероликтерді көрсету, кітапшалар мен парақшалар тарату, оның ішінде электронды қызмет түрлерін бір реттік құпия сөз және электронды цифрлы қолтаңба арқылы алу жолдары таныстырылды. Бөлім мамандары тұрғындар сұрақтарына түсіндірме беріп, қызмет көрсету тәртібі бойынша толық ақпарат ұсынды.
Жәрмеңкеге барлығы кітапханаға келушілермен қатар 351 адам қатысты. Барлығы қажетті кеңестер алып өткізілген шараға өздерінің қанағаттанушылықтарын білдірді.
Аталған жәрмеңкенің басты мақсаты аудан тұрғындары арасында «E-gov» электронды Үкімет порталының маңызы және электронды мемлекеттік қызметтердің тиімділігін кеңінен насихаттау.
Аудан тұрғындарының оң бағасына ие болған осындай іс шараларды келесі жылы жүйелі түрде бұдан да жоғары көлемде ұйымдастыру жоспарланды.
Жалпы 2016 жылмен салыстырғанда биылғы жылы электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны біршама өскені байқалады. 2016 жылы электронды үкімет порталы және басқа да ақпараттық жүйелер арқылы электронды түрде барлығы 2769 қызмет көрсетілсе, 2017 жылы 3140 қызмет көрсетілген. Бұл қызметтер негізінен білім беру, жер қатынастары және әлеуметтік көмек көрсету саласында көрсетілген.
Аудан әкімінің міндетін атқарушысының 21.12.2016 жылғы №1-111ө өкімімен «Мемлекеттік қызметтердің сапасына бақылау» іс шаралар жоспары бекітілдген. Осы іс шаралардың қорытындысы бойынша барлығы 34 (былтыр – 9 мекеме) мемлекеттік мекемеге (31 – жергілікті атқарушы орган, 3 – коммуналдық мекеме) бақылау жұмыстары жүргізілді. Барлығы – 11 (2016 жылы – 1556) стандарттар мен регламенттер тәртібін бұзу фактілері анықталды. Бақылау іс шараларының қорытындысы бойынша барлық дербес бөлім басшыларына арнайы ұсыныстар мен тапсырмалар берілді. Берілген тапсырмалар саны – 10, барлығы орындалып сәйкессіздіктер жойылды.
2017 жылы мемлекеттік қызметтердің мерзімінен кешіктіру фактілері орын алмаған.
Аягөз ауданы бойынша дербес бөлімдер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында арнайы шаралар қабылданып жұмыс жоспары бекітілген.
Атап айтқанда мемлекеттік органдардың қайта құрылуына байланысты мемлекеттік қызметтерге жауапты тұлғаларды тағайындау (бірін – бірі алмастыруды қамтамасыз ету), мемлекеттік қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық жүйелердің тұрақты жұмыс істеуін қадағалау (е-акимат, ХҚКО ЫАЖ (ИИС ЦОН), е-лицензия және т.б), жауапты тұлғалардың ауысы болған жағдайда жаңадан таңайындауларды уақытында ұйымдастыру, олардың ақпараттық жүйеларде жұмыс істеуін оқытуды қамтамасыз ету, аудан бойынша дербес бөлімдер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге тұрақты мониторинг жүргізу және тағы да басқа қажетті шараларды ұйымдастыру тапсырылған.
Ағымдағы жылы Аягөз ауданы бойынша дербес бөлімдер арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытында көрсетілуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік органдардың жауапты мамандарының және де жергілікті ХҚКО мамандарының қатысуымен семинар жиындар ұйымдастырылды.
Аталған жиналысқа дербес бөлімдер тарапынан жауапты мамандар, жегілікті ХҚКО басшысы, аудандық медициналық бірлестігі бас дәрігерінің орынбасары қатысты. Жиналыста жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын барынша арттыру, қызметтердің уақытында көрсетілуін қадағалау және жауапты мамандардың тұынушы халықпен жұмыс істеу тәртібі туралы мәселелер қаралды. Аудан әкімі аппараты тарапынан осындай семинар жиындарды келесі 2018 жылы неғұрлым көбірек өткізу жоспарланған.

Ақпараттық технологиялар және мемлекеттік қызметтерді мониторингілеу бөлімі

Бет өзгертілді: 07-03-2018
*Имя: 
*E-mail: 
*Сообщение: 
 Поля отмеченные "*" обязательные для заполнения
*Проверка: 17+7=