Жобалар

08.12.2016

Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшеге атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Мәдениет ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. Аягөз ауданы Мәдениет ауылдық округінің Мәдениет ауылындағы атауы жоқ көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері «Шынарбек Қожасбаев» есімі берілсін. 
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мәдениет ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Әбеуовқа жүктелсін.    
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Мәдениет ауылдық округінің әкімі  Б.Мұқашев

28.11.2016

Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерiн бекіту туралы 

 Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 8, 11 баптарына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің «Жер учаскелеріне төлемнің базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін белгілеумен Аягөз қаласы бағалау аймақтарының шекарасының сызбасын дайындау бойынша» есебіне және сызбасына сәйкес,  Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:                                           

  1.  Аягөз қаласы бойынша бағалау аймақтарының шекараларын және жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициенттерi қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданы мәслихатының 2016 жылғы *doc 35KB

Сессия төрағасы  Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы

 

22.11.2016

Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының «9-шы шағын аудан» көшесін қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасын, 31-бабының 2-тармағын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының
5-1) тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2016 жылғы 1 қарашадағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Аягөз қаласының «9-шы шағын аудан» көшесі - «Ысқақ Сүлейменов» көшесі деп қайта аталсын.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы Қ.Досиханов Аудан әкімі Б.Байахметов
Мәслихат хатшысы С.Искаков

 


22.11.2016

Қаулы жобасы
Аягөз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін- өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 9 бабының 7), 8) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде жұмыс орындарына квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Б.Сулейменовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданының әкімі  Б.Байахметов

 

Бет өзгертілді: 22-02-2017