Жобалар

Аягөз ауданы әкімдігінің Қаулысының жобасы Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабының 6-тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 31-бабының 1) тармақшасына, мүгедектерді жұмыспен қамтуға көмек көрсету мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы ауыр жұмыстардағы, зиянды, қауіпті еңбек жағдайлары бар жұмыстардағы жұмыс орындарын есепке алмай, жұмыс орындары санынан қосымшаға сай мөлшерінде белгіленсін.
2.Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданының әкімі Б. Байахметов

Мүгедектерге арналған жұмыс орындарының квота мөлшері

Тізімдік саны бар ұйымдар Квота мөлшері (%)
елуден жүз адамға дейін 2
жүзден екі жүз елу адамға дейін 3
екі жүз елуден артық адам 4

Жоба«2016-2018 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/312-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына және Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 34/406-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/37-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4607 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/312-V «2016-2018 жылдарға арналған Аягөз ауданының бюджеті туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4341 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2016 жылдың 23 қаңтарында № 4 жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1- тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«1. 2016-2018 жылдарға арналған аудандық бюджет тиісінше 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, соның ішінде 2016 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
кірістер – 7019688,0 мың теңге, соның ішінде:
салықтық түсімдер – 3566830,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 9020,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 58051,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 3385787,0 мың теңге;
шығындар – 7498330,5 мың теңге; 
таза бюджеттік кредит беру – 15432,0 мың теңге, соның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 19089,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 3657,0 мың теңге;
қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 0,0 мың теңге, соның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу – 0,0 мың теңге;
бюджет тапшылығы (профициті) – - 494074,5 мың теңге;
бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) – 494074,5 мың теңге.»;
2-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«2. 2016 жылға арналған әлеуметтік салық, төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы бойынша аудан бюджетіне аудару нормативі Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының «2016-2018 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 34/406-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» 2016 жылғы 14 шілдедегі № 5/37-VI (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4607 нөмірімен тіркелген) шешіміне сәйкес 62,3 пайыз мөлшерінде орындауға алынсын.»;
аталған шешімнің 1 қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.  
3. Осы шешiм 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілсін.

Сессия төрағасы Л.Молдашева
Аягөз аудандық мәслихат хатшысы С.Искаков

Аягөз аудандық мәслихатының 2016 жылғы 29 шілдедегі № 4/38-VI шешіміне қосымша Аягөз аудандық мәслихатының 2015 жылғы 23 желтоқсандағы № 43/312-V шешіміне 1 қосымша (*.doc 648 Kb)

 

Жоба Пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 378 бабымен бекітілген жер салығының мөлшерлемесін және Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 444 бабымен бекітілген бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі Аягөз ауданы бойынша он есеге жоғарылатылсын.
  2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Н.Токтабаев
Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы Т.Бозтаев

Жоба Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6- бабына,«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңың 10-бабына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

1.Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес реттелсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы А.Шакиров
Аягөз ауданының
мәслихат хатшысы  Т.Бозтаев

Аягөз ауданының
мәслихатының
____________
№ __________ шешімімен
бекітілген

Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі

  1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу туралы өтініш Аягөз ауданының жергілікті атқарушы органға беріледі.
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiштердiеңбек ұжымдарының,қоғамдық бiрлестiктердiңнемесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi.
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген датасы көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледi.
  4. Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды.
  5. Осы қосымша тәртіптің 3 бармақшасының талаптарын сақтамаған жағдайда Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер немесе демонстрациялар өткізу туралы Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы органына өтініш берген кезде жіберліген бұзушылықтарды жою ұсынысымен жаңа өтініш беру арқылы ресми жауап береді. Жаңа өтінішті қарастыру мерзімі оның түскен уақытынан саналады.
  6. Аягөз ауданының  жергiлiктi атқарушы орган басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады.
  7. Аягөз ауданының жергілікті атқарушы органына жиналыстар, митингілер, шерулер немесе демонстрациялар өткізу үшін шет көшелерді, елді мекеннің шетін ұсынбауды, жиналыстар, митингілер, шерулернемесе демонстрациялар өткізу үшін елді мекеннің ішінде орналасқан қолайлы жерлерді анықтау және көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасамайтын, инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмейтін орындарды анықтау ұсынылады.
  8. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
  9. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi.
  10. Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
    1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
    2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
    3) Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
    4) шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына тыйым салынады;
    5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
    6) өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
    7) мас болу және есірткі қабылдаған жағдайда қатысу.
  11. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында алкогольды ішімдіктерді ішу, есірткі заттарын, психотроптық заттарды, олардың ұқсастықтарын  қабылдауға; транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (көзбен шолу, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақыратын жария сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
  12. Пикеттер өтініште көрсетілген мақсатқа сәйкес, белгіленген мерзімде және келісілген жерде өткізілуі қажет.
  13. Пикетке шығу кезінде рұқсат беріледі:
    1. пикетке шығау объектісінің жанында тұруға, отыруға;
    2. көрнекті насихат құралдарын пайдалануға;
    3. пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандарды жар салуға.
  14. Пикеттерді басқа нысанда митинг/жиналыс/шеру және т.б. қайта форматтау/жалғастыру үшін Аягөз ауданының атқарушы органынан белгіленген тәртіпте рұқсат алу талап етіледі.
  15. Аягөз ауданының атқарушы органы митинг, жиналыс, шеру, пикет және демонстрация өткізуден бас тарқан жағдайда немесе тыйым салу туралы шешім болған кезде өкілдер (ұйымдастырушылар)барлық дайындалған іс-шараларды болдырмау жөнінде кідірмей шара қабылдауға және тиісті хабарландыру туралы әлеуетті қатысушылар бұл жөнінде хабарлауға міндетті.
  16. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi.
  17. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтарында өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
  18. Аягөз ауданының жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады, белгіленген тәртіпті бұзған тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

ҚОСЫМША Аягөз ауданында бейбіт жиналыстарды, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу үшін анықталған орындар тізімі

Орын атауы Бейбіт жиналыстарды, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу үшін анықталған орындар тізімі
1 Аягоз қаласы «Ардагерлер» саябағы

Қаулы жобасы
Аягөз ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 2 тармағының, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 33 бабының 5 тармағының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерініңқызметін бағалаудыңҮлгiлiк әдiстемесiнің негізінде, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Аягөз ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн бағалаудыңәдiстемесi бекiтілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рғаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б.Байахметов

Аягөз ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесі *.doc 130 KB
«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің жеке жұмыс жоспары жыл (жеке жоспар құрастырылатын кезең) *.doc 79 KB

Жиналыстар, митингілер,шерулер,пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы

«Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы Заңының 
- 10-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6- бабына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Аягөз ауданының аумағында жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбiнің қосыымша реті

  1. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы ауданның  жергiлiктi атқарушы органына өтiнiш берiледi;
  2. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткізу туралы өтiнiштердi еңбек ұжымдарының, қоғамдық бiрлестiктердiң немесе Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген топтарының он сегiз жасқа толған уәкiлдерi бередi;
  3. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе демонстрация өткiзу туралы өтiнiш оны өткiзудiң белгiленген датасынан кемiнде он күн бұрын жазбаша нысанда берiледi. Өтiнiште шараны өткiзу мақсаты, нысаны, өткiзiлетiн жерi немесе қозғалыс маршруттары, оның басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, уәкiлдердiң (ұйымдастырушылардың) және қоғамдық тәртiптiң сақталуына жауапты адамдардың тегi, аты, әкесiнiң аты, олардың тұратын және жұмыс iстейтiн (оқитын) жерi, өтiнiштiң берiлген уақыты көрсетiледi. Өтiнiштiң берiлген мерзiмi оның ауданның жергiлiктi атқарушы органда тiркелген күнiнен бастап есептеледі;
  4. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы өтiнiштi қарайды және өтiнiште көрсетiлген шараның өткiзiлетiн уақытынан кемiнде бес күн бұрын уәкiлдерге (ұйымдастырушыларға) қабылданған шешiм туралы хабарлайды;
  5. Жиналыстар, митингілер,шерулер,пикеттер және демонстрациялар өткізу туралы өтінішті беру кезінде қосымша реттеудің 3-тармағына сәйкес  талаптарды орындамаған жағдайда, ауданның (жергілікті атқарушы органы бұзушылықтарды жою және жаңа өтініш беру туралы ресми ұсыныс жасайды. Жаңа өтінішті қарау мерзімі оны алған күннен бастап есептеледi;
  6. Ауданның жергiлiктi атқарушы органы басқа азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық қауiпсiздiктi, сондай-ақ көлiктiң, өзге де инфрақұрылым объектiлерiнiң қалыпты жұмыс iстеуiн, жасыл желектер мен шағын сәулет нысандарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, қажет болған жағдайда, өтiнiш жасағандарға шараны өткiзудiң өзге уақыты мен жерiн ұсынады;
  7. Митингтер мен жиналыстар өткізетін орындар  ҚОСЫМШАДА көрсетіледі;
  8. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi;
  9. Жиналыстарды, митингiлерде, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi;
  10.  Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың;
  11. көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
  12. елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
  13. ауданның  жергiлiктi атқарушы органдардың рұқсатынсыз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыстар тұрғызуына;
  14. шараны өткiзу кезiнде қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
  15. жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
  16. өзiмен бiрге суық қаруды, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына қарсы азаматтарға, және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық залал келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
  17. шараға алкогольдік және есірткілік мас күйінде қатысуға тыйым салынады;
  18. Жиналыстарды, митингтерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу орындарында алкогольдік ішімдік ішуге, есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарының және прекурсорлардың пайдалануға, ұрандар мен өзге де материалдарды (көрнекі, аудио / бейне) қолдануға, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға шақыратын сөз сөйлеуге, қылмыс жасауға, сондай-ақ өзгені қорлайтын әрекет жасауға тыйым салынады;
  19. Пикет кезінде:
  20. Пикет өткізіліп жатқан орында тұруға, отыруға
  21. Көрнекі үгіт құралдарын қолдануға
  22. Қысқаша пикет ұрандарымен айқайлауға рұқсат етіледі
  23. Жиналыстарды, митингтерді, шерулердi, пикеттердi  басқа түрде пішіндеу/жалғастыру үшін ауданның жергілікті атқарушы органының рұқсаты қажет етіледі;
  24. Егер ауданның жергілікті атқарушы органы жиналыстарды, митингтерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзуге өтініштің қанағаттандырылмағаны туралы шешім шығарса, уәкiлдер (ұйымдастырушылар) барлық дайындық шараларын тоқтатуға және қатысушыларға хабарландыруға тиіс;
  25. Егер жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды немесе демонстрацияны өткiзудiң мақсаты нәсiлдiк, ұлттық, әлеуметтiк араздықты, дiни төзiмсiздiктi, тектiк астамшылықты қоздыру, республиканың конституциялық құрылысын күш қолданып құлату, аумақтық тұтастығына қол сұғу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдары мен өзге де нормативтiк актiлерiнiң басқа қағидаларын бұзу болса, немесе оларды өткiзу қоғамдық тәртiп пен азаматтардың қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн болса, ауданның жергiлiктi атқарушы органы бұларды өткiзуге тыйым салады;
  26. Бұқаралық шараларды темiр жол су және әуе көлiгiнiң объектiлерiнде, сондай-ақ мемлекеттiң қорғаныс қабiлетiн, қауiпсiздiгiн және халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ететiн ұйымдардың (қалалық қоғамдық көлiк, сумен, электр қуатымен, жылумен және басқа энергия көздерiмен жабдықтау) жанында, денсаулық сақтау мен бiлiм беру мекемелерiнiң жанында өткiзуге жол берiлмейдi;
  27. Егер: өтiнiш берiлмеген болса, тыйым салу туралы шешiм шығарылса, өткiзу кезiнде тәртiп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өмiрi мен денсаулығына қауiп төнетiн, қоғамдық тәртiп бұзылатын жағдайда жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ауданның жергiлiктi атқарушы органының өкiлiнiң талап етуi бойынша сөзсiз тоқтатылуға тиiс.
  28. Ауданның жергiлiктi атқарушы орган өкiлiнiң талабын орындаудан бас тартылған жағдайда, оның нұсқауы бойынша iшкi iстер органдары жиналысты, митингiнi, шерудi, пикет қоюды және демонстрацияны тоқтату жөнiнде қажеттi шаралар қолданады;
  29. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткiзудiң белгiленген тәртiбiн бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауап бередi;    
  30. Жиналыстарды, митингiлердi, шерулердi, пикеттердi және демонстрацияларды өткiзу кезiнде оларға қатысушылардың азаматтарға, қоғамдық бiрлестiктерге, мемлекетке келтiрген материалдық залалы үшiн  заңда белгiленген тәртiп бойынша өтем жасалуға тиiс;
  31. Жиналыс, митинг, шеру, пикет, демонстрация өткiзiлетiн жерде қоғамдық тәртiптi сақтау, үй-жайлар беру, санитарлық тазарту, жарық беру және радиоландыру жөнiндегi туындаған барлық қосымша шығындарды оларды ұйымдастырушылар өтейдi;

ҚОСЫМША Аягөз ауданында бейбіт жиналыстарды, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу үшін анықталған орындар тізімі

Орын атауы Бейбіт жиналыстарды, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу үшін анықталған орындар тізімі
1 Город Аягоз «Ардагерлер» саябағы
2 Ақтоғай ауылдық округі Күзенбаева 4/в, Маметова 5
3 Баршатас ауылдық округі Абылайхан 12
4 Мыңбұлақ ауылдық округі Ақбаева 133/а
5 Өркен ауылдық округі «Ардагерлер» саябағы
6 Нарын ауылдық округі Ө. Ахметов 7
7 Қосағаш ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
8 Малкелді ауылдық округі Байқотанби 1
9 Мәдениет ауылдық округі Б.Тойсары
10 Бидайық ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
11 Айғыз ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
12 Ақшәулі ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
13 Ақшатау ауылдық округі Ақшатау 7
14 Байқошқар ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
15 Емелтау ауылдық округі Т. Кобдикова 5
16 Қарағаш ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
17 Қопа ауылдық округі Орталық алаң
18 Сарыарқа ауылдық округі Байтурсунова 18
19 Мамырсу ауылдық округі Уалиханова
20 Тарлаулы ауылдық округі Ибраев 4
21 Тарбағатай ауылдық округі Әкімшіліктің алды
22 Майлин ауылдық округі Мәдениет үйінің алды
23 Ақши ауылдық округі Мәдениет үйінің алды

 

Шешім жобасы
Жоба 2016 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлкеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабы 2 тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылғы Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері бекітілсін.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б. Байахметов

Қосымша 2016 жылғы Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері (*.doc 30 KB)

 

Жоба

«Аягөз ауданының мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Аягөз ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б. Байахметов

Приложение «Аягөз ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттiк мекемесі туралы ереже (*.doc 43 KB)

 

Жоба

Аягөз қаласы бойынша
коммуналдық қалдықтарды
жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін
бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi  мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6 бабы  1 тармағының   15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз қаласы бойынша  коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Приложение Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері (*.doc 30 KB)

 

Жоба

Аягөз қаласы бойынша коммуналдық
қалдықтардың түзілу және жинақталу
нормаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан  Республикасындағы жергiлiктi  мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының  6 бабы  1 тармағының 15) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз  қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Приложение Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормасы (*.doc 54 KB)

Аягөз ауданы бойынша жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 387 бабының 1-1 тармағына, 444 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
  2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемесі 10 (он) есеге жоғарылатылсын.
  3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Н.Токтабаев
Аягөз аудандық
мәслихатының хатшысы Т.Бозтаев

 

Қаулының жобасы 

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының «Гвардейская» көшесінің атауын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4)тармақшасын, 31-бабының 2-тармағын, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының 5-1)тармағын, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 6қазандағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып,Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының «Гвардейская» көшесінің атауы Ұлы Отан соғысының ардагері «Танатар Меерманов» көшесі деп қайтааталсын.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi

Сессия төрағасы Е.Саңқайбаев
Аудан әкімі Б.Байахметов
Мәслихат хатшысы Т.Бозтаев

 

Қаулының жобасы 

2016 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасының, 20 бабының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру мен қаржыландыру ережесінің 6,7,8,18 тармақтарының негізінде, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту мақсатында және жұмысқа орналасуда қиыншылық көретін халықтың әр түрлі топтарын қолдау үшін, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар ұйымдастырылсын.
2. 2016 жылы қоғамдық жұмыстар өткізілетін ұйымдардың қоса беріліп отырған тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
3. Қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың жергілікті бюджет қаражатынан еңбекақысының мөлшері 2016 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерінде бекітілсін.
4. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 12 желтоқсандағы нөмірі 721 «2015 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3611 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2015 жылғы 10 қаңтардағы нөмірі 3 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Д.Ш.Жөргекбаевқа жүктелсін.
6. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Приложение (*. doc 123 Kb)

Аудан әкімі Б. Байахметов

 

Қаулының жобасы

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 8 бабының 3 тармағына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгiленсiн.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 19 қаңтардағы №17 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (норматмвтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3702 нөмерімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы нөмірі 17 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
З. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Жоргекбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Б. Байахметов

2016 жылға Аягөз ауданының аумағында тұратын халықтың нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының  14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының  5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Аягөз ауданы аумағында тұратын халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:
1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi –жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
14) терроризм актісінен жәбірленуші адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар кіреді;
15) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
16) 50 жастан асқан адамдар;
17) асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;
18) есiрткiге тәуелдi адамдар;
19) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
20) бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;
21) көп балалы от басына жататын адамдар;
22) емдеу және реабилитация курсынан өткен есірткіге тәуелді адамдар
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Жөргекбаевқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Б.Байахметов

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 19 қаңтардағы № 16 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық  актілерді  мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3703 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2015 жылғы 28 ақпандағы нөмірі 17 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Д.Жөргекбаевқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Б.Байахметов

«Аягөз ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтiк құқықтық актiлер туралы» Заңының 21-1 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Аягөз ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2015 жылдың 16 ақпандағы № 130 «Аягөз ауданының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» (нормативтік құқықтық  актілерді  мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3735 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі нөмірі 26 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімінің
міндетін атқарушы Д.Жоргекбаев

Приложение (*. doc 53 Kb)

«Аягөз ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39 бабына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Аягөз ауданының денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б. Байахметов

 

Приложение (*. doc 43 Kb)

 

Жоба

«Аягөз ауданы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесінің
регламентін бекіту туралы

«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 1-тармағына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 3-бабының 3-тармағы 1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған «Аягөз ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      
Аудан әкімі Б.Байахметов

Аягөз ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___» ___________
№ _______ қаулысымен бекітілді

Приложение (*. doc 244 Kb)   

 

Жоба 

Аягөз ауданы әкімдігінің
регламентін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 30 бабының 4-тармағына, 31 бабының 2-тармағына, «Облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) және аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің үлгі регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 546 қаулысына сәйкес Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Аягөз ауданы әкімдігінің регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


Аудан әкімі Б.Байахметов

Аягөз ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «___»____________
№_______қаулысымен бекітілген 

Приложение (*. doc 103 Kb) 

 

Жоба 

Аягөз ауданы бойынша
сайлау учаскелерiн
құру туралы

Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 23 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 33 бабы 2 тармағына сәйкес, сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында және жергілікті және басқа да жағдайларды ескере отырып, Аягөз ауданының әкiмi ШЕШТI:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Аягөз ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткізу үшін сайлау учаскелері құрылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рғаеваға жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Аудан әкімі Б. Байахметов 

Келісілді:
Аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы А. Мустафин
2015 жыл «___» тамыз

Приложение (*. doc 273 Kb)

 

Жоба

2015 жылға Аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға
мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2015 жылға аягөз ауданында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б.Байахметов

Приложение (*. doc 35 Kb)

Жоба

Аягөз қаласы 3 км, № 90
мекен-жайдағы жатақхананы
мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үйді пайдаланғаны үшін
төлемақы мөлшерін
белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 97-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының Құрылас және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері жөніндегі агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 26 тамыздағы № 306 «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерін есептеу әдістемесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7232 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аягөз қаласы 3 км, № 90 мекен-жайдағы жатақхананы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалпы ауданы бір шаршы метріне ай сайынғы төлемақы мөлшері осы қаулының 1 қосымшасына сай белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Аудан әкімі Б.Байахметов

 

Аягөз ауданы әкімдігінің
2015 жылғы «____»______________
№_______________қаулысына

1 қосымша

Аягөз қаласы 3 км, № 90 мекен-жайдағы жатақхананы мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді пайдалану үшін жалпы ауданы бір шаршы метріне ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері


р/с
Мекен-жай Төлем мөлшері
1 2 3
1 Аягөз қаласы 3 км, №90 мекен-жайдағы жатақхана 31(отыз бір) теңге 9(тоғыз) тиын

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Аягөз ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. 2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері осы қаулының қосымшасына сай бекітілсін.
2. Мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруды Аягөз аудандық білім бөлімі (Н.Азимбаев) қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданы әкімі Б.Байахметов

2015 жылға мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының тәрбиеленушілер саны Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) Мектепке дейінгі ұйымдар ата-аналарының бір айдағы төлемақы мөлшері (теңге)
Балабақша Мектеп жанындағышағын-орталықтар Балабақша Мектеп жанындағы шағын-орталықтар Балабақша Мектеп жанындағышағын-орталықтар
1 "Аягөз қалалық №1 бөбекжай-балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 125   10765   8400  
2 "Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 50   19330   8400  
3 "Аягөз қалалық №5 бөбекжай-балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 300   15452   8400  
4 "Аягөз қалалық №6 бөбекжай-балабақша" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны 200   23763   8400  
5 "А.Шах" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 150   20314   8400  
6 "Балбөбек Амина" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 75   21846   8400  
7 "Ботакан" Жауапкершілігі шектеулі серіктестік 30   33817   8400  
8 Д.Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   50   6442   7500
9 №4 аралас жалпы орта білім беретін мектеп   50   6603   10000
10 №5 жалпы білім беретін орта мектеп   25   6073   7500
11 К.Бозтаев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   50   6592   7500
12 Мұқатай Әбеулов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   7833   5000
13 Т.Есімжанов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп    25   8553   5000
14 Е.Рахмадиев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   8180   5000
15 Айғыз жалпы білім беретін орта мектеп   50   8898   5000
16 Т.Көбдіков атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   7003   5000
17 С.Нұғыманов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   8000   5000
18 Валиханов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   7683   5000
19 А.Көшкімбаева атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   7800   5000
20 Ақши атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   8357   5000
21 №1 Ақшаулі жалпы білім беретін орта мектеп   25   7027   5000
22 №8 жалпы білім беретін орта мектеп   75   7743   7500
23 С.Ғаббасов атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   8753   7500
24 Шынқожа батыр атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   75   7961   5000
25 Мыңбұлақ жалпы білім беретін орта мектеп   25   7687   5000
26 К.Кадыржанов атындағы Кызылқия жалпы білім беретін орта мектеп   25   7643   5000
27 Тарбағатай жалпы білім беретін орта мектеп    50   7547   5000
28 Сары-Арқа жалпы білім беретін орта мектеп   25   7653   5000
29 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп   25   8223   5000
  Барлығы 930 775        

 

Жоба

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылдық округінің Тарлаулы ауылының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Тарлаулы ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Тарлаулы ауылдық округінің, Тарлаулы ауылының атауы жоқ көшесіне, Ұлы Отан соғысының ардагері «Искаков Базар» есімі берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Тарлаулы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Қ.Жұмықбаевқа жүктелсін.    
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Тарлаулы ауылдық округінің әкімі Н.Қабдыкешов

Жоба

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының атауы жоқ көшесіне атау беру туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 12-бабының
5-1) тармағына, Шығыс Қазақстан облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 10 маусымдағы қорытындысына сәйкес және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ және Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласының «Ет комбинаты» мөлтек ауданына кіре беріс жағындағы «Жақсылық» базарының артында орналасқан атауы жоқ көшесіне, Ұлы Отан соғысының ардагері «Нашірбеков Жанділдә» есімі берілсін.
2. Осы бірлескен шешім мен қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Сессия төрағасы Д.Жакенбаев        
Аудан әкімі Б.Байахметов
Мәслихат хатшысының міндетін атқарушы Ж.Дюсембаев

Шешімнің жобасы

Жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексінің 378 бабына, 387 бабы 1-1 тармағына, 444 бабы   1 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының мөлшерлемесі он есеге жоғарылатылсын.
  2. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелесі он есеге жоғарылатылсын.
  3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Н.Тоқтабаев
Мәслихат хатшысы Т.Бозтаев

ҚАУЛЫНЫҢ ЖОБАСЫ

Аягөз ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балалардыжалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбiн бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14 бабының 3 тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Аягөз ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi осы шешімнің 12 қосымшаларынасәйкес бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.А.Ысқақовқа жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Б.Байахметов

Аягөз ауданы әкімдігінің

Аягөз ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы

1. Қауіпсіз тасымалдау ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларын бекіту (ішкі істер органдарымен бірлескен іс-шаралар жоспары, балалармен, ата-аналармен, мұғалімдермен өткізілген нұсқаулықтар, тасымалдаушы және көлік туралы мәліметтер, балалардың тізімі, тасымалдауға бюджеттен бөлінген қаржы туралы мәліметтер).
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тасымалдауға жауапты органды белгілеу.
3. Заңнамада белгіленген тәртіппен жауапты органмен балалардың мiну орындарынан және жалпы бiлiм беретiн мектептерге түсуін тасымалдауын жүзеге асыру.

  

Аягөз ауданы әкімдігінің

Аягөз ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

1. Жалпы ережелер

1. Аягөз ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың осы тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) "Автомобиль көлiгi туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 767 қаулысымен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына (бұдан әрі - Қағида) сәйкес әзірленген.

2. Балаларды тасымалдау тәртiбi

2. Балаларды тасымалдау Қағиданың талаптарына сәйкес жабдықталған автобустармен, шағын автобустармен және әрбір балаға отыратын жеке орын беріле отырып жүзеге асырылады.
3. Балаларды тасымалдау үшiн бөлiнген автобустардың техникалық жай-күйi, техникалық қызмет көрсету өткiзудiң көлемдерi мен мерзiмдерi, жабдықтары Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгiленген талаптарға жауап беруi тиiс.
4. Автобуспен тасымалданатын балалар мен ересектердiң жалпы саны осы көлiк құралы үшiн белгiленген және отыру үшiн жабдықталған орындардың санынан аспайды.
5. Балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушi (бұдан әрi – тапсырыс берушi) балаларды арнайы тасымалдауды ұйымдастыруға жауапты заңды немесе жеке тұлғалар болуы мүмкiн.
6. Автобустармен балаларды тасымалдауды балаларды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге тапсырыс берушiнiң жазбаша өтiнiмдерi негiзiнде тасымалдаушылар жүзеге асырады.
7. Өтiнiмде балаларды тасымалдау күнi (күндерi), уақыты, олардың саны мен жасы, жол жүру маршруты (бастапқы, соңғы және аралық пунктiлер), отырғызу және түсiру орындары, тегi, аты, әкесiнiң аты және балалардың тасымалдауын ұйымдастыруға жауаптының лауазымы және әрбiр автобус бойынша ерiп жүретiн ересек көрсетiледi.
Тапсырыс берушi меншiктi көлiгiн тапсырылған автобустарға қосымша бөлу жағдайында тасымалдауға арналған көлiк бiрлiгiнiң бөлiнетiн саны көрсетiледi.
Өтiнiмге тапсырыс берушi ұйымның бастығы немесе оның орынбасары қол қояды.
8. Тапсырыс берушi тасымалдауды орындау алдында бұйрықпен балалардың тасымалдауын ұйымдастыру туралы шешiмдi ресiмдейдi, онда лауазымды адамдардың, топтар бастықтарының, бiрге ерiп жүрушiлердiң мiндеттерiн, маршрутын, мезгiлдерiн, дайындау және жол жүрудi өткiзу тәртiбiн, балалардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларды регламенттейдi.
9. Оқу орындарына тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы жергiлiктi атқарушы органдармен және оқу орындарының әкiмшiлiгiмен бiрлесiп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсiрудiң ұтымды орындарын белгiлейдi.
10. Автобусты күтiп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүрiс бөлiгiне шығуын болдырмайтындай жеткiлiктi үлкен болуы тиiс.
Алаңдарда жайластырылған өту жолдары болады және жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерiнен бөлек орналасады.
Егер балаларды тасымалдау тәулiктiң қараңғы мезгiлiнде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болуы тиiс.
Күзгi-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кiрден тазартылуы тиiс.
11. Балаларды оқу орындарына тасымалдауға тапсырыс беруші балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
12. Балалардың топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автобустармен тасымалдауға, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр) жол берілмейді.
Тасымалдау қауiпсiздiгiне қатер төндiретiн жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруi кезiнде, автобустардың қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтiк құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейстi алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушiге дереу хабарлауға тиiс.
13. Автобустардың қозғалыс кестесiн тасымалдаушы мен тапсырыс берушi келiседi.
Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруi кезiнде, басқа жағдайлар кезiнде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергiлердiң көрiнуi, бұл жағдайда жүргiзушi кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетiлген болуы тиiс. Кестенiң өзгеруi туралы тасымалдаушы тапсырыс берушiге хабарлайды, ол балаларды дер кезiнде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
14. Тапсырыс берушi балаларды тасымалдайтын әрбiр автобусқа балалармен оларды жеткiзу орнына дейiн алып жүретiн, тапсырыс берушi-ұйым қызметкерлерiнiң немесе ата-аналарының iшiнен жауаптыларды белгiлейдi (мектепке, өзге бiлiм беру ұйымдарына балаларды тұрақты тасымалдауды жүзеге асырған кезде жауапты ретiнде ерiп жүрушiлер үшiн арнайы нұсқама алған жоғары сынып оқушыларын (16 жастан жоғары) белгiлеуге жол берiледi).
15. Балаларды жаппай тасымалдау және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдау тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бiр ересек адам) алып барған жағдайда орындалады.
16. Балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiден патрульдiк автомобильдi лектерге iлесiп жүруге бөлу туралы жол полициясы органдарының мiндеттi белгiлеу бар жазбаша өтiнiмдi ұсынады. Аталған белгiсiнсiз автобустар тапсырыс берушiге ұсынылмайды. Өз кезегiнде тасымалдаушы балаларды жаппай тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде, сондай-ақ маршруттың қозғалысын бақылауды күшейту бойынша шаралар қолдану үшiн жол полициясы органдарын хабардар етедi.
17. Балаларды жаппай тасымалдауға және алыс жерлерге балаларды тасымалдауға дайындық кезiнде тасымалдаушы тапсырыс берушiмен бiрлесiп балалардың жиналу пунктiнде және келу пунктiнде автобустардың аялдауы үшiн алаңшалардың болуын, отырғызу алаңшаларының болуын тексередi. Отырғызу және түсiру орындары автобус тұрағынан кемiнде 30 метр қашықтықта орналасады.
18. Балаларды жаппай тасымалдау үшiн автобустарды бөлу кезiнде тасымалдаушы лектердiң (үш және одан да көп автобус кезiнде көлiк құралдарының қозғалыс қауiпсiздiгiне немесе пайдалануға жауапты адамдардың санынан, ал екi автобус кезiнде – осы автобустардың жүргiзушiлерiнiң санынан; үлкенi болып тағайындалған жүргiзушiнiң автобустарда кемiнде 5 жыл жұмыс өтiлi) үлкенiн тағайындайды.
19. Балаларды алып жүруi үшiн тапсырыс берушi белгiлеген адамдар балаларды автобуспен тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша арнайы нұсқама алады.
20. Нұсқаманы жол қозғалысы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе тасымалдаушыға тиесiлi көлiк құралдарын пайдалануға жауапты адам жүргiзедi.
21. Балалардың тұрақты тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде тапсырыс берушi мынадай мәселелер кiретiн, арнайы бағдарлама бойынша балалармен тұрақты сабақтар өткiзудi ұйымдастырады:
1) жиналу орындарында және автобусты күту уақытында қауiпсiздiк тәртiбiнiң ережелерi туралы;
2) отырғызу және автобустан түсiру тәртiбi туралы;
3) автобустың қозғалу уақытындағы және аялдауы кезiндегi тәртiп ережелерi туралы;
4) тасымалдау кезiнде қауiптi немесе төтенше жағдайлар туындағандағы тәртiп туралы;
5) зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету тәсiлдерi туралы (ересек балалармен сабақ өткiзу кезiнде).
Сабақты өткiзу кезiнде жол қозғалысы процесiнде және тасымалдау уақытында туындайтын iс жүзiндегi жағдайларды талқылау үшiн көрнектi құралдарды пайдалану көзделуi тиiс.
22. Балаларды тасымалдау кезiнде автобустың жүргiзушiсiне мыналарға тыйым салынады:
1) сағатына 60 км артық жылдамдықпен жүруге;
2) жүру маршрутын өзгертуге;
3) балалар бар автобус салонында қол жүгi мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүктi, багажды немесе мүкәммалды тасымалдауға;
4) автобуста балалар болған кезiнде, соның iшiнде балаларды отырғызу және түсiру кезiнде автобус салонынан шығуға;
5) автомобиль легiнде жүру кезiнде алда жүрген автобусты басып озуға;
6) автобуспен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
7) егер ол көлiк құралының өздiгiнен қозғалуын немесе оны жүргiзушi жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлiк құралын қалдыруға.
23. Балаларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргiзушiлер балаларды отырғызу (түсiру) және бағыт бойынша қозғалу кезiнде автобус бойынша ерiп жүрушiлердiң нұсқауларын орындайды, егер олар Жол қозғалысы ережелерiне, Қағида талаптарына, жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң өзге де талаптарына қайшы келмесе және егер осы нұсқаулар ерiп жүрушiлердiң құзыретi аясына кiретiн болса (балалардың тәртiбi, олардың денсаулығы және қауiпсiздiгi).
24. Ерiп жүрушiлер автобусқа отырғызу және одан түсiру, автобус қозғалысы кезiнде, аялдау уақытында балалар арасында тиiстi тәртiптi қамтамасыз етеді.
25. Балаларды автобусқа отырғызу ерiп жүрушiнiң басшылығымен және жүргiзушiнiң бақылауымен (жаппай тасымалдаған кезде одан басқа тасымалдауды ұйымдастыруға жауаптының байқауымен) автобус толық тоқтағаннан кейiн отырғызу алаңында жүргiзiледi.
Көлiк құралы жақындаған кезде ерiп жүрушiлер балалардың оның алдынан жүгiрiп шығуына, жүру бөлiгiнiң шетiнде топтануына жол бермейдi.
26. Ерiп жүрушiлер балаларды отырғызу орнына ұйымдасқан тәртiпте (кiшi балаларды – екi-екiден сапқа тұрғызып) жеткiзедi. Отырғызу автобустың алдыңғы есiгi арқылы жүргiзiледi.
27. Ерiп жүрушi отырғызу (түсiру) аяқталғаны туралы хабар бергеннен және автобус есiктерi толық жабылғаннан кейiн жүргiзушiге отырғызу (түсiру) орнынан автобус қозғалысын бастауға рұқсат етiледi.

3. Қорытынды

28. Осы шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдау тәртібімен реттелмеген қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттелінеді.

Қаулының жобасы

Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы   

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 9 маусымдағы № 326 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3385 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2014 жылғы 25 маусымдағы нөмірі 52 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

Қаулының жобасы 

Қылмыстық-атқару инспекциясы
пробация қызметінің есебінде тұрған
адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған адамдар
және интернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс
орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Аягөз ауданы әкімдігінің 2014 жылдың 9 маусымдағы № 327 «Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3382 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2014 жылғы 25 маусымдағы нөмірі 52 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

ЖОБА

Аягөз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдаудың бірыңғай тарифін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Аягөз қаласының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға барлық маршруттар үшін бірыңғай тариф - 60 (алпыс) теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аягөз ауданының әкімі Н.Нұрғалиев

«КЕЛІСІЛДІ»

Аягөз аудандық мәслихатының хатшысы Т.Бозтаев

 

Қаулының жобасы

2015 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5) тармақшасына, 20 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы нөмірі 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 7, 8 тармақтары негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, түрлері, көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2015 жылға белгіленген ең төменгі жалақыдан кем емес мөлшерде бекітілсін.
3. Аягөз ауданы әкімдігінің 2013 жылдың 10 желтоқсандағы № 382 «2014 жылға ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 3166 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2014 жылғы 1 ақпандағы нөмірі 10 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.А. Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімі Н. Нұрғалиев

 

2015 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары *.doc 146 Кб

Аягөз ауданы бойынша "Б" корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесiн бекiту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 327 Жарлығымен бекiтiлген Мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлердiң қызметiне жыл сайынғы бағалау жүргiзу және оларды аттестаттаудан өткiзу қағидаларының 27-тармағына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi Төрағасы міндетін атқарушысының 2014 жылғы 5 маусымдағы № 04-2-4/93 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың Үлгiлiк әдiстемесiнің 2-тармағына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса берілген Аягөз ауданы бойынша «Б» корпусы мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлерiнiң қызметiн жыл сайынғы бағалаудың әдiстемесi бекiтілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ереже (*.doc 48.0 Kb)

Аягөз ауданының әкімі Н.Нұрғалиев

2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы № 488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2020 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Аягөз ауданы бойынша 2014 жылға арналған мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру мен ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары Н. Молдашевқа жүктелсiн.
  3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Ереже (*.doc 40 Kb)

Аудан әкiмі Н. Нұрғалиев

Жобалар

Кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздардың, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатындардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі оқу орнына жол жүруге шығындарын өтеу бойынша Ереженің және арнайы комиссия құрамының бекітілуі туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қаулысына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздардың, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатындардың жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі оқу орнына жол жүруге шығындарын өтеу бойынша арнайы комиссия туралы Ереже осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Комиссия құрамы осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ысқақовқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімі Н.Нұрғалиев

Аягөз ауданы әкімдігінің қосымша:

Ереже (52 Kb)

Кәсіби дайындыққа, қайта дайындауға және біліктілігін арттыруға жіберілген жұмыссыздарға, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан жұмыспен қамтылған және жеті жасқа дейінгі бала тәрбиесімен шұғылданатындарға жол жүру, тамақтану, тұру және медициналық куәландыру және аймақ шегіндегі оқу орнына жол жүруге шығындарын өтеу бойынша комиссия Құрамы (33 Kb)

Сайлау учаскелерiн құру туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 23 бабы негiзiнде, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Қазақстан Республикасы Заңының 33 бабының 2 тармағын басшылыққа ала отырып, сайлаушыларға барынша қолайлы жағдай туғызу мақсатында және жергiлiктi және басқа да жағдайларды есепке ала отырып, Аягөз ауданының әкiмi ШЕШТI:

1. Осы шешiмнiң қосымшасына сәйкес Аягөз ауданының аумағында сайлауды ұйымдастыру және өткiзу үшiн сайлау учаскелерi құрылсын.
2. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Рғаеваға жүктелсін.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.

Аудан әкімі Н. Нұрғалиев

Аягөз ауданы әкімдігінің қосымша: Сайлау учаскелері (221 Kb)

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, және интернаттық ұйымдарды бітіруші
кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар, және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

Мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31 бабы 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабы 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

Аягөз ауданы бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңының 6 және 39-3 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қоса беріліп отырған Аягөз ауданы бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн
өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудандық мәслихат  хатшысы Т.Бозтаев

 

Аягөз аудандық мәслихатының
2014 жылғы ____ сәуірдегі
№____ шешімімен бекітілді

 Аягөз ауданы бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидалары

  1. Жалпы ережелер

1.1. Осы Аягөз ауданы бойынша бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 39-3-бабын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметінің  2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
1.2. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің аумағындағы ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының бөлек жергілікті қоғамдастық жиындары (бұдан әрі - бөлек жиын) жергілікті қоғамдастықтың жиынына қатысу үшін өкілдерді  сайлау мақсатында шақырылады және өткізіледі.

2. Бөлек жиындарды өткізу тәртібі

2.1. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі шақырады. Аудан әкімінің жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуге оң шешімі бар болған жағдайда бөлек жиынды өткізуге болады.
2.2. Жергілікті қоғамдастық халқы бөлек жиындардың шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірілмей хабардар етіледі.
2.3. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жиынды өткізуді аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ұйымдастырады.
2.4. Бөлек жиынды ашудың алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
2.5. Бөлек жиынды аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жиынның төрағасы болып табылады.
Бөлек жиынның хаттамасын рәсімдеу үшін ашық дауыспен хатшы сайланады.
2.6. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жиынның қатысушылары ұсынады.
Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің саны тең өкілдік ету қағидаты негізінде айқындалады.
2.7. Дауыс беру ашық түрде әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Бөлек жиын қатысушыларының ең көп дауыстарына ие болған кандидаттар сайланған болып есептеледі.
2.8. Бөлек жиында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және оны тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

 

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 2 тармағын, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6 бабы 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы 2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері бекітілсін.
2. Осы Қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Молдашевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі Н. Нұрғалиев

 

Аягөз ауданы әкімдігінің
2014 жылғы «___» сәуірдегі
N­­­___ қаулысына қосымша

2014 жылға ата-ананың ақы төлеу мөлшері

N

Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардағы
ата-ана төлемақысының айлық мөлшері

1 6 айлық есептік көрсеткіш

Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы Аягөз аудандық маслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 шешіміне толықтырулар енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабы 1 тармағының 1 тармақшасына және 2001 жылы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес Аягөз аудандық маслихаты ШЕШТІ:

1. «Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған  салық ставкалары туралы» Аягөз аудандық маслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы № 01-02/37-7 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылы 12 қаңтарда 5-6-149 нөмірімен тіркелген, «Аягөз жаңалықтары » газетінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 8 нөмірінде жарияланған) шешіміне толықтыру енгізілсін:

Тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған  салық ставкалары туралы » және Аягөз ауданы бойынша автотұрақтар (паркингтер)
санаттарын белгілеу туралы »

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Ережесi Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңдарына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес әзiрлендi.

2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
1) Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) Кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
4) Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
5) Уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
6) Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.

3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонементтік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) Аз қамтылған отбасылардың ( азаматтардың ) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.

Тұрғын үй көмегі телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының,жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді ( тұрғын ғимаратты ) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының азаматтардың осы мақсаттарға жұмсаған,жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады:

4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.


2.Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

5. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.

6. Отбасы құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтымайтын және уәкілетті органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген тұлғалар тұрғын үй көмегiне құқығы жоқ, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектердi күтiм жасайтын тұлғалар;
3) 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтын тұлғалар;
4) жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
5) мүгедектiк тобы жоқ, фтизиатрда, наркологта және онкологта диспансерлік есепте тұрған тұлғалар.
Жедел әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық  жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.                                                               

7. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 тіркелген бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

8. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын құжаттарын өткізеді, бұл орайда, отбасының (азаматтың) табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.

9. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).

10. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына жағдайлар есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегін өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарымен іздестірілмесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
3) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда.                     

11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.

12. Электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есепке алынады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады . 

13. Тұрғын үй көмегі өтініш пен құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.

14. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез-келген өзгерістері туралы хабардар етеді.    

15. Тұрғын үй көмегінің негізсіз алынған соммалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.


3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Аягөз бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысы мөлшері туралы шот.


4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді
ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

17. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
1) Ауданның нормалары:
- жалғыз басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр
- екі адамнан тұратын отбасы үшін – 36 шаршы метр
- үш адамнан тұратын отбасы үшін – 54 шаршы метр
- төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін - әр адамға 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден аспау керек
2) Электр қуатын тұтыну нормасы :
- 1 адам тұрған жағдайда 84 кВт
- 2 адам тұрса – 125 кВт
- 3 адам тұрса 150 кВт
- 4 және одан артық адам тұрса - әрқайсысына 50 кВттан, бірақ 300 кВттан аспау керек


5. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта)
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін ұсыну

18. Жеке тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иелеріне, жекешелендірілген үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда жылына бір рет беріледі.

19. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 ш.м көмiрдiң шығыны – 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг артық емес.

20. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).

21. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын көмірдің орнына басқа отын түрін пайдаланатын аз қамтылған отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құнына балама есептеледі.

22. Тұрғын үй көмегін есептегенде тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын отбасының (азаматтың) табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанмен есептеледі.


6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлемі

23. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен беріледі және ақшалай төлем ретінде тағайындалады.

24. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банкілер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.

Каулының жобасы
Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасын бекіту туралы 

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 18-бабының 22) тармақшасына және 31-бабына, 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер - Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 49-ө «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» өкіміне сәйкес,  Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану Қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Н.Молдашевқа жүктелсін.

Аудан әкімі Н. Нұрғалиев


Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану қағидасы


1.Жалпы ережелер

  1. Осы қағида Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық Кодексіне, 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» заңына сәйкес жасақталды және коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды келіп түсу және пайдалану тәртібін айқындайды.
  2. Қараусыз қалған жануарлар аудандық коммуналдық меншікке Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 246-бабына сәйкес оларды ұстап алған адамдардың өз меншігіне алудан бас тартқан жағдайда қабылданады.

2. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі

  1. Жануарлардың аудандық коммуналдық меншікке түсуі тапсыру-қабылдау актісі негізінде жүзеге асырылады. Тапсыру-қабылдау актісі жануарларды тапсырған тұлғаның, тиісті қала, село, селолық округ әкімі аппаратының (бұдан әрі – әкім), «Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі), «Аягөз аудандық қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі – қаржы бөлімі) жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жасалады. Тапсыру-қабылдау актісін қаржы бөлімінің бастығы немесе оны алмастыратын өкілетті тұлға бекітеді.

Тапсыру–қабылдау актісінде міндетті түрде аудандық коммуналдық меншікке түсетін жануарлардың жасы, тұқымы, түр-түсі, жынысы, күйі және саулығы көрсетілуі тиіс.

3. Жануарларды уақытша күтімге алу

  1. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарлар оларды уақытша күтімге алу үшін әкім анықтаған жеке адамдарға не шаруа немесе фермер қожалықтарына немесе мемлекеттік заңды тұлғалардың қосалқы шаруашылықтарына 6 (алты) айға дейінгі мерзімге келісім шарт негізінде бекітіліп беріледі.
  2. Әкім жануарларды уақытша күтімге алатын түлғаларды анықтау кезінде олардың жануарларды күтімге алу жағдайына алдын-ала зерттеу жүргізеді. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғаны анықтау кезінде міндетті түрде күтімге алатын тұлғаның жануарды бағып-күтетін орын-жайының (қорасы, ауласы), құрал-сайманының, тәжірибесінің болуы, сонымен қатар жануарларға адамгершілік тұрғыда қарай алатыны ескерілуі тиіс.
    Зерттеу қорытындысы қаржы бөліміне ұсыныспен қоса жолданады.
  3. Жануарларды уақытша күтімге алушы тұлғамен келісім шарт әкімнің ұсынысы негізінде қаржы бөлімімен жасақталады.
  4. Жануарларды күтімге алу шығыны күтуші тұлғаға қаржы бөлімімен жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Өтеу шығынына сол жердегі нарықтық бағамен белгіленген зоотехникалық нормаға негізделген жем-шөптің құны және күтушінің еңбек ақысы кіреді. Күтушінің еңбек ақысының мөлшері Қазақстан Республикасы заңында белгіленген айлық жалақының ең төменгі мөлшерінен кем болмауы және мемлекеттік заңды тұлғалар қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесінде белгіленген мөлшерден артық болмауы тиіс. Өтеу шығынынан жануарларды күтімге алу кезеңінде олардан түскен пайда сол елді мекендегі нарықтық бағамен есептеп шегеріледі.
  5. Жануарларды күтімге алған тұлға олардың өлім-жітімі мен жарамсыздығына кінәсі болған жағдайда, сол жануардың құны мөлшерінде жауапты болады.
  6. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды ветеринариялық қадағалау және жұқпалы ауруларға қарсы егу іс-шаралары ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің қадағалауымен жүзеге асырылады. Ветеринариялық қадағалау және егу шығындары жергілікті бюджет есебінен қаржыландырылады.

4. Жануарларды бағалау, есепке алу және бекітіп беру

  1. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану үшін оларды аудандық коммуналдық мүліктер тізбесіне енгізу және бағалау (қайта бағалау) жүргізіледі. Тізбеге енгізу және бағалау (қайта бағалау) жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржы бөлімі жүзеге асырады.
  2. Бағалау жүзеге асырылғаннан кейін жануарлар аудандық әкімдіктің қаулысымен тиісті әкім қабылдау-беру актісі негізінде аппаратының теңгеріміне бекітіліп беріледі. Теңгерімге алу Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

5. Жануарларды одан әрі пайдалану

  1. Аудандық коммуналдық меншікке түскен қараусыз жануарлар мынадай тәсілдердің біреуімен пайдаланылады:
  2. қосалқы шаруашылығы бар мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне өтеусіз беру;
  3.  аукцион арқылы сату;
  4. сауда ұйымдары арқылы сату;
  5. жануарларды (ауыл шаруашылығы жануарлары мен үй құстарынан басқа) қорғайтын арнайы орындарға немесе жеке адамдарға өтеусіз беру.
  6. Аудандық коммуналдық меншікке түскен жануарларды одан әрі пайдалану тәсілін әрбір нақты жағдайда аудандық әкімдіктің қаулысымен құрылған комиссия (бұдан әрі-комиссия) жануарлар уақытша күтімге берілген мерзім ішінде шешеді. Комиссия шешімі хаттамамен рәсімделеді.

6. Жануарларды бұрынғы меншік иесіне қайтару

  1. Жануарлар аудандық коммуналдық меншікке өткеннен кейін олардың бұрынғы меншік иесі келген жағдайда, осы жануарлардың бұрынғы меншік иесіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал не өзгедей мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін мән-жайлар анықталған жағдайда комиссияның келісімімен, ал келісімге қол жеткізілмеген жағдайда сот шешімімен қайтарылуға жатады.
  2. Жануарларды қайтару бұрынғы меншік иесінің оларды бағуға байланысты шығынды жергілікті бюджет кірісіне жануарларды пайдаланудан алынған табысты шегере отырып өтегеннен кейін жүзеге асырылады.
  3. Жануарлар бұрынғы меншік иесінен оларды қайтару жөнінде өтініш түскенге дейін сатылып кеткен немесе басқа меншік иесіне өтеусіз беріліп кеткен жағдайда жануарларды сатудан түскен түсім немесе оның құны жергілікті бюджет есебінен өтеледі. Бұл жағдайда жануарды бағуға байланысты жұмсалған қаржының мөлшері шегеріледі.
  4. Жануарларды қайтару немесе оның құнын өтеу бұрынғы меншік иесі мен қаржы бөлімі арасында жасалатын келісім-шартпен рәсімделеді.

7. Қорытынды ережелер

  1. Жануарды сатудан түскен қаражат заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті бюджет кірісіне толық есептеледі.
  2. Жануарды есепке алумен, бағалаумен, сатумен және өтеусіз берумен байланысты шығындар жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Аудан әкімі Н. Нұрғалиев

Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, 1 тармағының 14) - тармақшасына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардады Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшасына сәйкес, қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін әлеуметтік қорғау және оларды жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қылмыстық–атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін аудандағы жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі өтініш жасаған қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмысқа жолдау кезінде осы қаулыны басшылыққа алсын.
3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі  Н. Нұрғалиев

Аягөз ауданының кәсіпорындары мен ұйымдарында мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде болыуы туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуiрдегi «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Заңының 31 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, жұмыспен қамту саясатын iске асыруды қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
     
1. Аягөз ауданының кәсiпорындары мен ұйымдары мүгедектер үшiн жұмыс орындарының квотасы жұмыс орнының жалпы санының үш пайызы мөлшерiнде белгiленсiн.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовқа жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Аудан әкiмi Н. Нұрғалиев

 

Қаулының жобасы

2014 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) - тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7-бабының 5) - тармақшасына, 20-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысымен бекітілген қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру Ережелерінің 6, 7, 8-тармақтары негізінде, мемлекеттік кепілдіктер жүйесін кеңейту және жұмысқа орналасуда қиыншылық көріп отырған халықтың әр түрлі топтарын қолдау мақсатында, Аягөз ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,көлемдері, қаржыландыру көздері және нақты шарттары бекітілсін.
2. Қоғамдық жұмыстарда жұмыс істейтін жұмыссыздардың жалақысы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының заңнамасымен 2014 жылға белгіленген ең төменгі жалақы мөлшерінде жасалсын.
3. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Ұ. Мұстафаев) заңнамалық талаптарға сәйкес ауданының кәсіпорындары, мекемелері және ұйымдарында ақылы қоғамдық жұмыстарды өткізуді қамтамасыз етсін.
4. Аягөз ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 14 желтоқсандағы № 676 «2013 жылға төлемді қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2818 2013 жылдың 14 қаңтарында тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2013 жылғы 30 қаңтардағы № 8 (10203) санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары С.Ысқақовқа жүктелсін.

Қаулысына қосымша
2014 жылы қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдар мен мекемелердің тізбесі, қоғамдық жұмыстардың көлемдері,қаржыландыру көздері және нақты шарттары (73 kb)

Аягөз ауданы әкімі Н. Нұрғалиев

Қаулының жобасы

2014 жылғы Аягөз ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының  14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабы 2) тармақшасына сәйкес, еңбек нарығындағы жағдай мен бюджет қаражатын ескере отырып, жұмыспен қамтудың мемлекеттiк саясатын iске асыру және жұмыспен қамту саласында қосымша мемлекеттiк кепiлдiктердi қамтамасыз ету мақсатында, Аягөз ауданының әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

1. Аягөз ауданы бойынша халықтың келесi нысаналы топтары анықталсын:

1) табысы аз адамдар;
2) жиырма бiр жасқа дейiнгi жастар;
3) балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар мен ата-ананың қамқорлығынсыз қалған жиырма үш жасқа дейiнгi балалар;
4) кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызiлiктi, көп балалы ата-аналар;
5) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырауында тұрақты күтiмдi, көмектi немесе қадағалауды қажет етедi деп танылған адамдар бар азаматтар;
6) зейнеткерлiк жас алдындағы адамдар (жасына байланысты зейнеткерлiкке шығуға екi жыл қалған);
7) мүгедектер;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi қатарынан босаған адамдар;
9) бас бостандығынан айыру және (немесе) мәжбүрлеп емдеу орындарынан босатылған адамдар;
10) оралмандар;
11) жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм беру ұйымдарын бiтiрушiлер;
12) жұмыс берушi – заңды тұлғаның таратылуына не жұмыс берушi – жеке тұлғаның қызметiн тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған адамдар жатады;
13) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметiнiң есебiнде тұрған адамдар;
14) ұзақ уақыт (бiр жылдан астам) жұмыс iстемейтiн адамдар;
15) 50 жастан асқан адамдар;
16) асыраушысы жоқ жалғызiлiктiлер;
17) есiрткiге тәуелдi адамдар;
18) АҚТҚ-инфекциясын жұқтырған адамдар;
19) бiр де жұмыс iстеушiсi жоқ жанұялардың адамдары;
20) көп балалы от басына жататын адамдар (4 немесе одан да көп балалы от басы).

2. «Аягөз аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» (Б. Мұстафаев) мемлекеттiк мекемесi халықтың нысаналы топтарына жататын адамдарға жұмысқа орналасуда жәрдемдесудi қамтамасыз етсiн.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкiмiнiң орынбасары С. Ысқақовке жүктелсiн.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
 

Аягөз ауданының әкiмi Н. Нұрғалиев

2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01-02/37-8 «Тiркелген салық ставкалары туралы» шешімге өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Кодексiнiң 422 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз аудандық мәслихатының 2011 жылғы 22 желтоқсандағы N 01-02/37-8 «Тiркелген салық ставкалары туралы шешiмге (2012 жылғы 20 қаңтардағы нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу Тiзiлiмiнде № N 5-6-152 тіркелген , "Аягөз жаңалықтары" газетінің 2012 жылғы 25 қаңтардағы № 10 жарияланған ) келесi өзгерiс енгiзiлсiн:
қосымша жаңа редакцияда қосымшаға сәйкес жазылсын.
3. Осы шешiм алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. 

Сессия төрағасы
Мәслихат хатшысы: Т.Бозтаев

Қосымша
Аягөз аудандық мәслихатының
---- жылғы ---------
№ -------- шешiмiмен
бекiтiлген


Айына салық салу бiрлiгiне тiркелген салық ставкалары

Салық салу объектiлерi Тiркелген салық
ставкасы (айлық
есептiк көрсеткiш
бойынша)
1 Ойынды бiр ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы 2
2 Ойынды бiрнеше ойыншымен жүргiзуге арналған ақшалай ұтыссыз ойын автоматы 2
3 Ойынды жүргiзу үшiн пайдаланылатын дербес компьютер 1
4 Ойын жолы (боулинг, кегельбан) 5
5 Карт 2
6 Бильярд үстелi 3

Жоба

Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу, жинақталу нормаларын және коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабына, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы № 1370 «Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Аягөз ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормасы 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму, кәдеге жарату тарифтері 2 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы: Н. Дюсембаев
Мәслихат хатшысы: Т. Бозтаев

Аягөз аудандық маслихаттың шешім жобасына 1 қосымша

Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың қалыптасу және жинақталу нормасы

Р/с № Коммуналдық қалдықтардың қалыптасу көздері (типологиялық топ) Есептік бірлік Коммуналдық қалдықтардың жылдық жинақталу нормасы, м3
1 Үй иелеріне 1 тұрғын 1,895
2 мектептер 1 оқушы 0,23
3 жоғарғы оқу орындары 1 оқушы 0,4
4 колледж, орта оқу орындары 1 оқушы 0,38
5 бала бақша 1 орын 0,65
6 ауруханалар 1 кереует-орын 1,6
7 емханалар 1 кіріп-шығу 0,05
8 азық-түлік дүкені сауда алаңының              1 шаршы метрі 1,03
9 өнеркәсіп тауарлары дүкені сауда алаңының                        1 шаршы метрі 0,54
10 дәріхана сауда алаңының                        1 шаршы метрі 0,63
11 базар сауда алаңының                       1 шаршы метрі 0,86
12 қонақ үй 1 орын 0,7
13 жатахана 1 орын 1,1
14 мейрамхана 1 отырғызу орны 2,2
15 кафе 1 отырғызу орны 1,2
16 Ойын-сауық орталықтары 1 отырғызу орны 0,43
17 автожуу орны, автотұрақ, уақытша көлік тоқтау орны, көлікжай 1 машина орны 3,41
18 көлікке қызмет көрсету станциясы 1 жұмыскер 6,7
19 сұлулық салоны 1 жұмыс орны 9,5
20 кеңсе, банк 1 қызметкер 7,5
21 үйлерге, меншіктің барлық түріндегі мекемелерге, кәсіпорындарға жанама жатқан аулалардан, аумақтардан жиналған сыпырындылар 1 шаршы метр 0,015
22 нотариус 1 қызметкер 6
23 Зүмрет (Ломбард) 1 қызметкер 8,4
24 мұражай, кітапхана жалпы алаңның              1 шаршы метрі 0,02


Ескерту: Мекеме, заңды тұлғалар мен үй иелері өз ауласын 5 метр қашықтықты таза ұстауға міндетті

Аягөз қаласы бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, әкету, көму және кәдеге жарату тарифтері

Көрсеткіштері Соммасы (теңге)
 1 м3 қатты тұрмыстық қалдық үшін 950 теңге
 Қатты тұрмыс қалдықтарды шығару үшін 1 адамға 150 теңге

Жоба

«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Аягөз аудандық мәслихатының 2012 жылғы 18 мамырдағы № 4/26-VТ шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 қазандағы №1316 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» қаулысына сәйкес Аягөз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.2012 жылғы 18 мамырдағы № 4/26-V «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5-6-164 тіркелген, «Аягөз жаңалықтары» газетінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 57 газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерісерр мен толықтыру
енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» Ережесінде :
3 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
« 3.Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонементтік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады.
Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтін-ұстауға арналған шығыстарға, жекешендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергiлiктi өкiлдi органдар белгiлеген шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу,сондай-ақ жекешендірілген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылған тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын,дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергирясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге,жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
16- тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
«9)жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот»;
2. Осы шешімнің 1-тармағының 2012 жылғы 1 шiлдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн сегізінші, он екінші, он үшінші абзацтарын және осы шешімнің 1-тармағының оныншы және он бірінші абзацтарының жекешелендiрiлген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Сессия төрағасы Н. Дюсембаев
Мәслихат хатшысы Т. Бозтаев

 

Жоба

Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Ережесі

1. Жалпы ережелер

1. Осы Тұрғын үй көмегiн көрсетудiң мөлшерi мен тәртiбi туралы Ережесi Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Тұрғын үй қатынастары туралы» 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Заңдарына, «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Әлеуметтiк тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерiн көрсеткенi үшiн абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне өтемақы төлеудiң кейбiр мәселелерi туралы» 2009 жылғы 14 сәуiрдегi № 512, «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына сәйкес әзiрлендi.
2. Осы ережеде пайдаланылатын негізгі ұғымдар.
1) Аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар;
2) Кондоминиум объектісін басқару органы - кондоминиум объектісін басқару жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
3) Отбасының (азаматтың) жиынтық табысы - тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш білдірілген тоқсанның алдындағы тоқсанда отбасы (азамат) кірістерінің жалпы сомасы;
4) Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға жұмсалатын  шығыстар - кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
5) Уәкілетті орган - жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын, тұрғын үй көмегін тағайындауды жүзеге асыратын республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы;
6) Шекті жол берілетін шығыстар үлесі - телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде отбасының (азаматының) бір айда тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға жұмсалған шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің отбасының (азаматтың) орташа айлық жиынтық кірісіне пайызбен қатынасы.
3. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен осы елді мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдің меншік иелері немесе жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абонементтік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
3) жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдалағаны үшін жалға алу төлемақысын төлеуге;

4) жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге беріледі.
Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Тұрғын үй көмегі телекомуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді жалға алу ақысының ұлғаюы бөлігінде тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған шығыстарға,жекешелендірілген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерін тұтынуға нормалар шегінде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, жергілікті өкілді органдар белгілеген шығыстарының шекті жол берілетін деңгейінің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді ( тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу,сондай-ақ жекешелендірілген тұрғын үй жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясының бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге, жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
4. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызмет тұтынуға ақы төлеу үшін шекті жол берілетін шығыс үлесі отбасының жиынтық кірістерінің 10 пайызы (%) мөлшерінде белгіленеді.

2.Тұрғын үй көмегін беру тәртібі

5. Жеке меншігінде бір бірліктен артық тұрғын үйі (пәтері, үйі) бар немесе тұрғын үй-жайларын жалға берген тұлғалар тұрғын үй көмегін алуға құқығы жоқ.
6. Отбасы құрамында жұмысқа жарамды, бірақ жұмыс iстемейтiн, оқымайтын, әскер қатарында қызмет атқармайтын, өзін-өзі жұмыспен қамтымайтын және уәкілетті органда жұмыссыз ретiнде тiркелмеген тұлғалар тұрғын үй көмегiне құқығы жоқ, келесi тұлғаларды ескермеген жағдайда:
1) 50 жасқа толған тұлғалар (жынысына қарамастан);
2) бірінші және екінші топтағы мүгедектердi күтiм жасайтын тұлғалар;
3) 16 жасқа толмаған мүгедек балаларға, сексен жастан асқан тұлғаларға күтiм жасайтын тұлғалар;
4) жеті жасқа дейінгі баланы тәрбиелеумен айналысатын аналар;
5) мүгедектiк тобы жоқ, фтизиатрда, наркологта және онкологта диспансерлік есепте тұрған тұлғалар.
Жедел әскери қызметтегi әскери қызметкерлер отбасының құрамында есептелмейдi. Отбасының жұмыссыз мүшелері ұсынған жұмыстан немесе жұмысқа орналасудан дәлелсіз себептермен бас тартқан, өз еркімен қоғамдық  жұмыстарға қатысуды, оқуды немесе қайта оқуды тоқтатқандар, жұмысқа орналасуды, оқуды және қайта оқуды бастағанға дейін тұрғын үй көмегін алу құқығынан айырылады.                                         
7. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасылардың (азаматтардың) жиынтық табысы Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы  № 471 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 ақпанда № 7412 тіркелген бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.
8. Тұрғын үй көмегін алушылар тоқсан сайын құжаттарын өткізеді, бұл орайда, отбасының (азаматтың) табыстары туралы анықтамалар және өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның коммуналдық қызмет ақыларының төленгені туралы түбіртектер қоса беріледі.
9. Жалғыз басты зейнеткерлерді, мүгедектерді, бірге тұратын жалғыз басты зейнеткерлерді, бірге тұратын зейнеткер мен мүгедекті және жалғыз тұратын ерлі-зайыпты зейнеткерлерді және мүгедектердің отбасыларын, сондай-ақ құрамында жетім балалары бар отбасыларды қолдау мақсатында, тұрғын үй көмегін есептегенде және құқығын анықтаған кезде, олардың табыстары Қазақстан Республикасының сол уақыт кезеңіне сәйкес бекітілген заңнамалық актілерімен екі айлық есептік көрсеткішке түзетіледі (кемітіледі).
10. Тұрғын үй көмегіне үміткер отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін тағайындаған кезде мына жағдайлар есепке алынады:
1) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбы сол мекен-жай бойынша тіркелмеген болса, ерлі-зайыптылардың екеуінің де табыстары есептеледі және тұрғын үй көмегін өтініш берген зайыбының мекен-жайы бойынша тағайындалады;
2) өтініш беруші заңды некеде болса, бірақ зайыбының қазіргі тұрғылықты жерін білмесе (көрсетпесе) және құқық қорғау органдарымен іздестірілмесе тұрғын үй көмегі тағайындалмайды;
3) өтініш берушінің үйінде ата-ана құқығынан айырылмаған және басқа жерде тіркелген ата-анасы бар 18 жасқа дейінгі бала тіркелген жағдайда.
11. Уәкілетті органның шешімі тұрғын үй көмегін тағайындаудың негізі болып табылады.
12. Электр қуатымен қамтамасыз ету, қоқыстарды шығару, сумен қамтамасыз ету және тұрғын үйді ұстау жөніндегі шығындар өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанның орташа түбіртектері бойынша есепке алынады. Жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау, канализация, қоқыс шығару, байланыс қызметтері бойынша шығындар қызмет көрсетушілердің тарифтері бойынша алынады .
13. Тұрғын үй көмегі өтініш пен құжаттар тапсырылған айдан бастап тағайындалады.
14. Тұрғын үй көмегін алушылар 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға өз тұрғын үйінің меншік нысанының, отбасы құрамының, оның жиынтық табысы мен мәртебесінің кез-келген өзгерістері туралы хабардар етеді.                                                                                                                
15. Тұрғын үй көмегінің негізсіз алынған соммалар алушымен ерікті түрде, ал бас тартқан жағдайда заңнамамен белгіленген тәртіпте қайтарылуға жатады.

3. Тұрғын үй көмегін тағайындау тәртібі

16. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін азамат уәкілетті органға немесе «Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалының Аягөз бөліміне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар, тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;жекешелендірілген үй-жайларда ( пәтерлерде),жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын,дәлдәк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртік-шот
7) телекомуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысы мөлшері туралы шот.
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртік-шот.

4. Тұрғын үй көмегінің мөлшері, тұрғын үйді
ұстау және коммуналдық қызметтерді тұтыну нормативтері

17. Тұрғын үй көмегін есептеу кезінде келесі нормалар есепке алынады:
1) Ауданның нормалары:
- жалғыз басты азаматтар үшін – 30 шаршы метр
- екі адамнан тұратын отбасы үшін – 36 шаршы метр
- үш адамнан тұратын отбасы үшін – 54 шаршы метр
- төрт немесе одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін - әр адамға 18 шаршы метрден, бірақ 90 шаршы метрден аспау керек
2) Электр қуатын тұтыну нормасы :
- 1 адам тұрған жағдайда 84 кВт
- 2 адам тұрса – 125 кВт
- 3 адам тұрса 150 кВт
- 4 және одан артық адам тұрса - әрқайсысына 50 кВттан, бірақ 300 кВттан аспау керек . 

5. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта)
тұратын тұрмысы төмен отбасыларға (азаматтарға)
тұрғын үй көмегін ұсыну

18. Жеке тұрғын үй (тұрғын ғимарат) иелеріне, жекешелендірілген үй жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді жалдауға келісім-шарт болғанда жылына бір рет беріледі.
19. Тұрғын үй құрылысының жалпы ауданының 1 ш.м көмiрдiң шығыны – 129,8 кг, бiрақ бiр үйге 5000 кг артық емес.
20. Көмірдің құнын есептеу үшін аудан бойынша облыстық статистика басқармасы ұсынған орташа баға және тұрғын үй көмегін есептеген тоқсанның алдындағы тоқсанның соңғы айындағы жағдаймен алынған ақпарат қолданылады (желтоқсан, наурыз, маусым, қыркүйек).
21. Өздері жылытатын тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын көмірдің орнына басқа отын түрін пайдаланатын аз қамтылған отбасына (азаматқа) тұрғын үй көмегін есептегенде көмірдің құнына балама есептеледі.
22. Тұрғын үй көмегін есептегенде тұрғын үйде (тұрғын ғимаратта) тұратын отбасының (азаматтың) табысы өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсанмен есептеледі.

6. Тұрғын үй көмегін қаржыландыру мен төлемі

23. Тұрғын үй көмегі аудандық бюджет қаражаты есебінен беріледі және ақшалай төлем ретінде тағайындалады.
24. Тұрғын үй көмегін төлеуді уәкілетті органдар екінші деңгейдегі банкілер арқылы жеке шоттарына есептеу жолымен жүзеге асырады.

 


 

Бет өзгертілді: 27-12-2016