Ішкі саясат

2014 жылы ауданда жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстары

Жастарға байланысты Аягөз ауданы бойынша 20 баннер орналасқан.
Аягөз ауданында 14-29  жас аралығындағы жастар саны -16 163 . Олар аудан  халқының  22 %  құрайды. Осылардың ішінде 7 451 жас қаланың өз басында тұратын болса, 8 712 жас ауылдық округтерде.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауылға тартылған жастар саны 2013 жылы 8 адам. Көтерме ақы ретінде 1 млн., тұрғын үй алу үшін пайызсыз несие 5 млн теңге көлемінде берілді.
Жастар іс –тәжірибесі бойынша жылдың басынан бастап оқу орындарынан 26 жас түлек бағдарламаға қатысып Аягөз қаласының 11 мекемелерінің сұраныстары бойынша 6 ай мерзімге жұмысқа жіберілді. Қазіргі таңда 15 адам бағдарлама бойынша жұмысын аяқтады.
2013 жылдың  14 наурызында Аягөз ауданы  әкімдігінің №119  қаулысымен Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің «жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі құрылды.
Қала, кент, ауылдық округтерде 22 жастар кеңесі құрылған. Кент ауылдық округтердегі кеңестер өңірлердегі жастардың өзекті мәселелері тақырыбында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып, жастардың белсенділігін арттыру тақырыбында жұмыстар жүргізуде.
Аягөз қаласында балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт  мектебінде  спорттың  5  түрінен  (бокс, күрес, қазақ  күресі, футбол,  волейбол) жастар мен жасөспірімдер жаттығу жасайды.
Ауданда 35 орта мектеп, 1 - өнер мектеп бар.
2014 жылдың тамыз айының көрсеткіші бойынша жастар арасында өнер, спортпен шұғылданушылардың  саны   - 18 250  адамды  құрайды.   Яғни, 24.6 пайыз.
2006 жылдан бастап «Аягөз қаласының политехникалық колледжі» жұмыс жасайды.
2013-2014 оқу жылы колледжде барлығы 162 студент оқып бітірді. 2013 жылғы мәлімет бойынша колледждан түлеп ұшқан студенттердің  63 % жұмыспен қамтамасыз етілді.   
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004  жылғы 7 шілдедегі №581 Заңына сәйкес, жастарға дұрыс тәрбие беру, отансүйгіштікке баулу және олардың әлеуметтік мәселелерін шешу бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Осыған орай, Аягөз ауданында жастар арасында мәдени-көпшілік іс-шаралар ұйымдастыруға, отансүйгіштікке тәрбиелеуге, жастар арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу және ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Есепті мерзімде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Олар:
Аягөз ауданы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес отырыстары өтті. Кеңес отырысында кәсіби техникалық біліммен және түлектердің жұмыспен қамтылуы бойынша атқарылған жұмыстары,  «Дипломмен ауылға» бағдарламасының тиімділігі және іске асырылуы,  «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасының іске асырылуы соның ішінде «Жастар іс-тәжірибесі» бойынша атқарылған мәселелер қаралды. Аудан әкімі жастар саясатының жүзеге асырылуы,жастар мен жасөспірімдерді спортқа баулу, салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бойынша жұмыстар, жастарға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан әлеуметтік қолдаулар туралы мәселелерге тоқталып, бірқатар тапсырмаларды берді.
Биыл  2 рет, аудан әкімі Семей қаласындағы Аягөз жастарымен кездесуі және «ЕҢБЕК ЖӘРМЕҢКЕСІ» өтті, 17 студентпен, 8 білім беру саласына, 9 медицина саласына келісім шарт жасалды.
Жоспарға  сәйкес аудан бойынша жыл басынан жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  50-ге жуық түрлі іс –шаралар өтті. Ондағы қамтылған жастар саны барлығы 10 мың жасты құрады, яғни аудан жастарының  80,6 % қоғамдық –саяси, мәдени іс –шараларға белсене қатысты.
Әр апта сайын жүйелі кестеге сәйкес кент, ауылдық округтерінде түрлі спорттық ойындар, мәдени іс –шара, би кештері өтіп тұрады. Әр ауылда іс –шараға 50 -60 жас қамтылады.
«Жасыл ел» бағдарламасы арқылы қала бойынша 2014 жылы 50 студент пен оқушы жастар жұмысқа тартылды. Сарбаздар күнделікті 8 сағат жұмыс істеп, олардың орташа айлық еңбек ақысы 35 мың теңгені құрады. Оның 15600 теңгесін - «Жасыл Ел» штабы, ал қалған – 19 966 теңгесін Аягөз қаласының жергілікті бюджетінен  төленеді.
Сонымен қатар 8 наурыз - халықаралық әйелдер күніне орай  2014 жылдың 4 наурызында №6 орта мектебінде «Аяулы жас келін» конкурсы,  мектеп оқушыларының арасында «Аягөздің тазалығы көңілге қона ма?» тақырыбында пікір сайысы, аудан бозбалаларының ұйымдастыруымен «Қыз- өмірдің гүлі» атты акциясы,  «Біз таза қала үшін» бағдарламасының негізінде Аягөз ауданында сенбілік , «Мәңгілік ел» идеясын қолдауға арналған акция (Нарын Ақшатау), 1- мамыр Қазақстан халқының Бірлік күні мерекесіне «Бір шаңырақ астында» атты Достық фестивалі, 1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай орталық алаңда  «Мен Тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағымын» атты мерекелік іс-шара , «Абай» саябағында Астана күніне орай, «Асқақтай бер, Астана!» эстафеталық ойындар ,  Елбасы жолдауын насихаттау, халқымыздың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын насихаттау жастар арасында «Аягөз сұлтаны» байқауы,ауыл жастары арасында үстел теннисінен жарыс ,өнерпаздар арасында «Freestyle -2014» би байқауы, жастардың творчествалық шығармашылығын дамыту мақсатында аудан әкімінің жүлдесі үшін «Жайдарман» ойындары ұйымдастырылып, Аягөз жастар құрамасы Астана қаласына бірнеше рет барып өнерлерін  көрсетті.
Аягөз жастар құрамасы биылғы жылы 1 емес 3 рет бас жүлдеге ие болды. Олар:  Алакөлде өткен облыс әкімі Б. Сапарбаевтың жүлдесі, Алматы облысы әкімінің жүлдесі және Жарма әкімінің жүлдесі үшін өткен сайыста жеңіске жетті.
Осындай ауқымды ұйымдастырылған іс –шараларға 
Аягөз ауданының 22 ауылдық округтерінде жастар саясаты бойынша іс-шара жоспары құрылып, жастар мен жұмыстар белсенді түрде іске асырылуда.

 

Бет өзгертілді: 22-08-2016