Ішкі саясат

Мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасы *.doc 93 Kb
Фотогалерея  

Жастар саясаты

Жалпы ауданымызда 73 580 халық болса, оның 15 852-і 14-29 аралығындағы жастар. Осылардың ішінде 7248 жас қалада тұратын болса, 8 604 жас ауылдық округтерде. 
Қалада: студенттер саны – 430, 14-17 жас аралығындағы оқушылар саны - 2842, әртүрлі салада жұмыс істейтін жастар саны 1912 (темір жол, денсаулық, білім мекемелері, телеком, мәдениет, бөлім, мекеме, мемлекеттік қызмет т.б),тіркелген жұмыссыздар -173, өзін –өзі қамтыған жастар -1850.
Аягөз қаласында балалар және жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Спорт  мектебінде  спорттың  5  түрінен  (бокс, күрес, қазақ  күресі, футбол,  волейбол) 5 810 жастар мен жасөспірімдер жаттығу жасайды.
Сонымен қатар, 1 бокс залы, 1 өнер мектебі бар.
Есепті мерзімде 84-ге жуық іс-шаралар ұйымдастырылып, 10600 жас қамтылды, яғни жастардың 67 %.
Аягөз ауданы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі 2 кеңес отырыстары өтті. Кеңес отырысында Жас отбасылардың тұрғын үй проблемаларын шешуге қолдау көрсету бойынша атқарылып жатқан шаралар мен 2016 -2017  жылдары Аягөз қаласында салынатын үйлер туралы, жұмыссыздық т.б. мәселелер қаралды.
Жастар арасында қылмыстың алдын алу шаралары бойынша құқықтық үгіт насихаттарын іске асыруға және олардың құқықтарын жүзеге асыру мүмкіндіктері жөніндегі ақпарат беру үшін құқық қорғау органдарымен тығыз қарым қатынас орнатылған. Тәртіпсіздік пен құқық бұзушылықтарға қоғамда «Мүлдем төзбеушілік» қағидатын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда жыл басынан бері оқушы жастармен 32- кездесу, көшеде 4- акция ұйымдастырылды.  
Дәстүрлі емес діни ағымдардың жастар арасында таралуын зерттеу мақсатында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1800 жас қатысты, 14-18 жас аралығында қатысқан оқушы саны 1400, қалған 400 жас 19-25 аралығындағы түрлі категориядағы жастар. Қортындылай  келе ислам діні бойынша дұрыс көз қараста және діни сауатты екендіктерін, өздерін түрлі бағыттағы жат ағымдар мен хиджаб, діни киімдерге, сақал қою сияқты діни ұстанымдарға қызықпайтындықтарын байқатты.
2017 жылы жастарды жұмыспен қамту үшін мемлекеттік «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы шеңберінде 29 жасқа дейінгі жоғары және арнайы орта білімі бар 54 жас маман жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 6 ай мерзімге жұмысқа жолданды. «Нәтижелі жұмыспен қамту 2017-2021 жылға арналған бағдарламасын» іске асыру шеңберінде 2017 жылы 362 жас маман жұмысқа орналасты, 138 адам қоғамдық жұмыспен, 61-қайта даярлау курсын оқыды, 22 маман тұрақты жұмыстарға орналастырылды. Осы жылдың 6 айында 40 жас тұрақты жұмыспен қамтылған, 43 адам қоғамдық жұмыспен және 26-сы қайта даярлау курсына жіберілді.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын, жастар арасында түсіндіру мақсатында кездесулер 32, пікір алмасулар 25, дөңгелек үстелдер 16 жалпы саны 73 кездесу өтіп, 7650 жас қамтылды.
Жастар арасында саяси ахуал тұрақты.

 

2014 жылы ауданда жастар саясаты шеңберінде атқарылып жатқан жұмыстары

 

Бет өзгертілді: 15-08-2017