Гендерлік саясат

Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2016 жылға арналған іс- шаралар жоспарын  іске асыру  мақсатында Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі комиссиясы» жұмыс жүргізуде.

Ауданда әйел және демографиялық саясатты қалыптастыру мақсатында комиссия мүшелеріне міндеттер бекітілген. Комиссия мүшелері аудандық саяси партиялармен, қоғамдық бірлестіктермен байланыста және ауданның әлеуметтік, мәдени өміріне белсене араласады. 

Жергілікті атқарушы органдардың тарапынан ҮЕҰ-ға барынша қолдау көрсетіледі
Аудан өмірінің барлық саласына әйел адамдар өз үлесін қосуда. Әлеуметтік қызмет көрсету мен денсаулық сақтау саласында 76 пайызды, білім беру саласында 83 пайызды, қызмет көрсету салалары бойынша 69 пайызды, қаржы саласында 51 пайызды әйел адамдар құрайды. 201 мемлекеттік қызметкерлердің 56-і әйел адамдар. 

Ел экономикасының өркендеуіне де ауданымыздағы әйел адамдар өз үлестерін қосуда. Әсіресе кейінгі 7-8 жылда ауданымызда шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып жұрген әйел адамдар саны молаюда. Жалпы шағын кәсіпкерлікке 4776 адам жұмылдырылса, оның 52 пайызын, яғни 2483 адамды әйел адамдар құрайды.

Сондай-ақ ауданға қарасты 22 ауылдық округтің барлығында ауылдық әйелдер кеңесі құрылған. Бұл кеңестердің жұмыстары аудандық комиссияның бақылауында.

 

 

Бет өзгертілді: 22-08-2016