Ішкі саясат

Facebook

Аудандық ішкі саясат бөлімінің көрсеткіштері *.ppt 15.7 MB

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

Ауданда қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау мақсатында Аягөз ауданы әкімі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес, жастар ісі жөніндегі Кеңес, әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясаты жөніндегі кеңес, қоғамдық кеңес,  4 саяси партиялар, 5 үкіметтік емес ұйымдар, 3 кәсіподақтар жұмыс жасайды.
22 ауылдарда 22 ҰОС ардагерлерінің бастауыш ұйымдары, ауыл әкімі жанындағы 22 ақсақалдар, 22 әйелдер, 22 жастар кеңестері, олардың құрамына жиыны 469 адам бар.
Ауданда өткізілетін барлық қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік  іс шараларға ардагерлер кеңесінің мүшелері, ақсақалдар алқасы, ҮЕҰ өкілдері, саяси партиялар, БАҚ өкілдері, жастар  белсенді түрде қатысады және олардың әлеуеті қоғамдағы саяси тұрақтылықты сақтау үшін кеңінен пайдаланылады.
Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында әр түрлі бағыттағы ақпарат-насихат топтары құрылған: Қазақстан Республикасы Президентінің « Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты  Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мен насихаттау жөнінен аудандық 9 АТ (құрамында 32 адам), ауылдық округтерде 22 АТ (құрамында 103 адам) құрылды. Ақпарат тобының қатысуымен  барлығы 219 кездесу өтіп, 17992  адам камтылды. Аудандық «Аягөз жаңалықтары», «Мөлдір сана» газетінде 35  мақалалар жарияланды.  Аудан бойынша 29 баннер орналастырылған.
Қазақстан Республикасының Президентінің «100 қадам» Ұлт жоспарын түсіндіру жөнінен іс шаралар жоспары мен қала,кент, ауылдық округтерге шығу кестесі жасалып бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес 63 кездесу өткізілді. Жоспарға сәйкес жұмыстар жалғасып, жүргізілуде. Ұлт жоспары шыққан күннен бастап аудандық БАҚ-да 35 мақала жарияланды.
Бүгінгі күнге ауданда  қоғамдық- саяси, діни ахуал тұрақты, әлеуметтік ушығу ошақтары жоқ. Тұрғындар мемлекеттік саясатты, Елбасының саясатын қолдайды. Халықтың 90 пайызы Елбасының Жолдауымен танысқан.
Жалпы халықтың көңіл-күйі жақсы, ауданда атқарылып жатқан жұмыстарға көпшілік тарапынан оң баға беруде. Наразылық акцияларының болу қауіпі жоқ.

Аудан әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия
Аягөз ауданында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздердің заңға сай орналасуы тексеріліп, рәміздердің жәй-күйіне нақтылы мониторинг үнемі жүргізіледі. Қазақстан Республикасы мемлекеттік нышандарын қолдану саласындағы орын алған заң бұзушылық фактілерін жою үшін 2016 жылы атқарылатын іс-шаралар жоспары жасалды, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізіліп, Аягөз қаласының мекеме, кәсіпорындарда, кент, ауылдық округтерде мемлекеттік рәміздердің белгіленген стандарттарға және орналастыру ережелеріне сәйкестігін тексеру бойынша мониторинг өткізілді.
Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардағы ескірген мемлекеттік рәміздер уақытылы ауыстырылып отырады. Мемлекет басшысы бейнеленген сыртқы үгіт құралдарының орналастырылуына тұрақты түрде бақылау жүргізілуде.
4 маусым - Қазақстан Республикасының Рәміздер күні. Осы айтулы мерекеге орай, аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен Аягөз политехникалық колледжінің қолдауымен «Рәміздерім мақтанышым» атты шара өтті. Шара барысында еліміздің Гимні тыңдалып, студент жастардың қатысуымен флешмоб  үйымдастырылды.

«Туған жерге тағзым» акциясы:
Аягөз ауданы бойынша 2016 жылы «Туған жерге тағзым» акциясы аясында 152 млн 855 мың теңгеге 90 жоба жоспарланып, 170 млн 766 мың теңгеге 86 жоба орындалды.
Акция аясында жергілікті «Аягөз жаңалықтары» газетінде 17 мақала жарық көрді.

Мәдени-көпшілік, қоғамдық-саяси іс шаралар
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Аягөз ауданы бойынша  өткізілетін іс шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Барлық іс шаралар «Бейбітшілік пен жасампаздыққа 25 жылы» ұранмен өткізілуде.
Жиыны аудан бойынша жыл басынан бері 384 іс шаралар, оның ішінде 37 акциялар, 28 қабылдаулар, 101 спорттық іс шаралар, 268 әр түрлі іс шаралар өткізілді.
«Мәңгілік Ел» ұранымен "Жастардың 25 игі шарасы" акциясы аясында 10 қайырымдылық, 25 спорттық, 18 мәдени іс шаралары өткізілді.
7 қаңтар күні Рождество күніне орай, аудан әкімінің үлкен залында мерекелік іс шара. Жиналған қауымды аудан әкімі құттықтап, коғамдық өмірдегі белсенділігі мен конфессияаралық қатынастарды нығайтуға үлес қосқан азаматтарды арнайы грамоталармен марапаттап, сыйлықтар табыс етті. Жиыны 100 адам қатысты.
18 қаңтар күні «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» мәдениет сарайында Мәуліт мерекесі аталып өтті. Іс шараға 500 адам қатысты.
9 ақпан Жастар күніне орай, «Еңбегім-елім үшін » атты  жастар кеші өтті.
18 ақпан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Мәңгілік Ел» республикалық арнайы пойызы Аягөз ауданының Ақтоғай кентіне келді. «Мәңгілік ел» акциясы аясында Ақтоғай кентінің тұрғындарына 7 бағыт бойынша қабылдау, «Тәуелсіздік тарихы- Ұлт рухының өлшемі» лекция-презентация, «Сыйластық. Түсіністік. Келісім.» іскерлік ойындары, «Теңдессіз сыйлық» акциясы, мерекелік концерт өтті. Барлығы 1033 адам қамтылды.
Алғыс айту күніне орай, 1 наурыз күні  дүниеге келген аналарына алғыс айту және «Жүрек жылуы» қайырымдылық акциялары өтті. Акция аясында 3 мүгедек бүлдіршінің емделуіне қаржылай көмек көрсетілді. 
5 наурыз күні ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Ә. Сұлтановтың жүлдесіне арналған грек-рим күресінен XVIII дәстүрлі ашық Республикалық турнирі өтті.
8-наурыз "Халықаралық әйелдер" күніне орай, «Тәуелсіздікке үлес қосқан әйелдер» атты аудан әкімінің ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан әйелдерді қабылдауы, көп балалы аналарға, еңбек және соғыс ардагерлері арнайы сыйлықтармен марапатталдып, мерекелік концерт өткізілді.
22 наурыз күні «Наурыз-2016» мерекелік іс шара жоспары аясында  орталық алаңда 15 қазақ үй тігіліп, әр түрлі қазақтың салт –дәстүрі (құда түсу, келін түсіру, тұсау кесу, бесікке бөлеу...) көрсетілді, спорттық ойындар (арқан тарту, қол күресі, гир көтеру, қазақша күрес...), қазақ үйлерде ұлттық тағамдар мен  ұлттық  жиһаздар көрмесі өткізілді.
23 наурыз күні Ақтоғай кен байыту комбинатында Наурыз мерекесі аталып өтті.
27 наурызда "Құлагер" сауықтыру кешенінде «Дін және тарих тағлымы» тақырыбында аудан мен мешіт жастары арасында найза лақтыру, асық ату, аударыспақ, теңге алу тағы басқада дәстүрлі спорт түрлерінен жарыс өтті.
31-наурыз күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған театралдық байқау өтті.
21 сәуірде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында бүкіл Қазақстандық ағаш отырғызу акциясы өткізілді. Акция барысында Аягөз ауданына 4370 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
25 сәуір күні Аягөз аудандық әкімшіліктің үлкен залында Чернобыль атом электр станциясында болған апатты жағдайға отыз жыл толуына орай, аудан әкімінің Чернобыль оқиғасының куәгерлерін арнайы қабылдап, сыйлықтар табыс етті.
1мамыр - Қазақстан халықтарының  бірлігі күніне орай, «Бейбітшілікпен жасампаздыққа 25 жыл» атты Достық фестивалі өтті. Достық, ынтымақ мерекесіне орай өткізілген фестивальде қаладағы 10 мектеп Қазақстандағы «Жүзі басқа жүрегі бір, түрі басқа тілегі бір» ұлттардың болмысын  бейнелеген, әр ұлттық нақыштағы өнерлерді тұрғындарға көрсетті, қаладағы 40 мекеме-кәсіпорын, аудандық бөлімдер қолдарында лозунг, жалауша мен шарлар ұстап сапта тұрды. Фестиваль сонында орталық алаң сахнасында мерекелік концерт өтті.
7 мамыр күні Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер күніне орай Аягөз гарнизонының 10810 әскери бөлімінде Ұлы Отан соғысы ардагерлерлерінің құрметіне концерттік бағдарламамен "Солдатская каша" мерекесі өтті.
9 мамыр Ұлы Жеңіс күніне орай, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Аягөз қаласында 140 орындық балабақшаның салтанатты ашылуы, аудан әкімінің Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін қабылдауы және мерекелік концерт өтті.
11 мамыр күні «Ардагерлерді ардақтайық» қайырымдылық акциясы, 15 мамыр күні аудан әкімінің жүлдесіне арналған «Жайдарман» ойындары өткізілді.
31 мамыр күні Аягөз аудандық әкімшіліктің үлкен залында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты жалпы құндылықтарды қалыптастыруға ықпал ету, келешек ұрпаққа осы қанқұйлы жылдардың оқиғасы, оның жазықсыз құрбаны болған азаматтардың есімдерін ұмытпау, оларды мәңгі есте сақтау болып табылды. Іс шарада саяси қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарына арнайы сыйлықтар табыс етіліп, концерт өткізілді.
1 маусым балаларды қорғау күніне орай, орталық алаңда концерт, асфальтта сурет салу конкурсы және спорттық ойындары өтті.
2 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Дін және тарих тағылымы жылы аясында мешіт жастары арасында «Салауатты жастар» атты ауданаралық спартакида өтті.
4 маусым Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Рәміздерім мақтанышым» атты акция және жастар флеш мобы өтті.
7 маусым күні орталық алаңда «Деңсаулық фестивалі» өтті.
18 маусым күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және медицина қызметкерлері күні қарсанында аудан әкімі Ақшаулі, Тарбағатай, Тарлаулы, Өркен, Малкелді ауылдық округтеріне «УАЗ» маркалы автокөлік кілттерін табыс етті.
25 маусым күні«Туған жерге тағзым» акциясының аясында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылы қарсанында Сарыарқа ауылында Ақтайлақ би мен Байғара биге арналған ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.
27 маусым күні «Баспасөз, теледидар және радио күніне» орай аудандық БАҚ өкілдерімен аудан әкімінің кездесуі өтті. Кездесуге «Аягөз жаңалықтары», «Мөлдір сана» газеттерінің редакторлары мен орынбасарлары, тілшілері, ардагерлер, ақсақалдар, қоғамдық кеңес төрағалары қатысты. Аудан әкімі ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, алға қойған перспективалары туралы айтып өтіп,  БАҚ өкілдерін құттықтап, арнайы сыйлықтар табыс етті. Барлығы 50 адам қатысты.
30 маусым күні жастардың «Су құю» акциясы және «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет сарайында ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Оралхан Бокейхан атындағы ХІХ облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы өтті.
6-шілде күні Астананың 18 жылдық торқалы тойын өңір тұрғындары Аягөзде тойлады. «Астана – елімнің жүрегі» тақырыбы аясында өрбіген мерекелік шара Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. С. Сабильяновтың қатысуымен өтті. 

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

6 шілде Астана күніне орай, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Н. С. Сабильянов және де облыстық мәслихаттың депутаты С. Қ. Тулеповтың қатысуымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан активімен жиыны өтті. 
6 шілде күні Мамырсу ауылдық округінің спорт залында ораза айттың бірінші күніне орай Жаңауыл мешітінің, Мамырсу ауылдық «Қазығұл ата» мешітінің, Аягөз қаласының орталық мешітінің шәкірттері және аудандық жастар орталығы арасында шағын футбол ойынынан достық кездесу өтті.
7 шілде Аягөз аудандық "Жастар орталығының" ұйымдастыруымен жастардың уақытын тиімді пайдалану, біліктілігі мен шеберлігін сараптау, аудандағы 14-29 жас аралығындағы шығармашыл, өнерлі жастар қатарын көбейту мақсатында, Астана күніне орай ауданымыздың жастары арасында «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» саябағында «Freestyle -2016» би байқауы өткізілді.
6 тамыз Шыңқожа батыр ескерткішінің ашылу салтанаты өтті. Ашылу салтанатына орай, Нарын ауылдық округінің мәдениет үйінде "Шыңқожа батыр және Аягөз өңірінің әдеби-мәдени шежіресі" атты конференция өтіп, Аягөз қаласының ипподромында аударыспақ, теңге алу, қыз қуу, тоғыз құмалақ, жамбы ату жəне қазақ күресі ұлттық спорт ойындарынан жарыс өтті.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

 

19 тамыз күні аудандық Жастар орталығы, «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, спорт күніне орай, бокс залының алаңында жастар арасында турникке және брусьяға тартылудан жарыс өтті. 
28 тамыз күні, Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» саябағында «Аягөз аудандық жастар орталығының» ұйымдастыруымен жастар арасында ән сайысы өтті. 
30 тамыз Аягөз қаласында ҚР Конституция күніне арналған мерекелік шара өтті.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

30 тамыз күні ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен, «Ақ орамал» республикалық акциясының негізінде «Орамал тон болмайды, жол болады» деген ниетпен Аягөз қаласының теміржол және авто бекеттерінде жол жүріп бара жатқан жолаушыларға естелікке орамалдар таратылды. 
12 қыркүйек Құрбан Айт мерекесіне орай ауданда спорттық іс-шаралар өтті.
12 қыркүйек Отбасы күніне орай Аягөз қаласында жанұя құрған жандарды аудандық жастар орталығының бастамасымен, белсенді жастардың қатысуымен отбасыларға "Гүл шоқтарын сыйлау" акциясы ұйымдыстырылды. 
16 қыркүйек «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні аталып өтті.
18 қыркүйек Аягөз ауданының Мамырсу ауылдық округінде жасөспірімдер арасында грек - рим күресінен Шығыс Қазақстан облысы біріншілігі өтті.
24 қыркүйек ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласының Найманбаева көшесі (6 пункт) «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы арқылы салынған шағын футбол алаңының және Сқақ Сүлейменовке арналған мемориалдық тақтаның салтанатты ашылуы өтті.

 

24 қыркүйек  ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында, ҚР бірінші сыртқы істер министрі, ШҚО және Аягөз ауданының «Құрметті азаматы» Сүлейменов Төлеутай Сқақұлы атындағы бокстан Республикалық турнирдің салтанатты ашылуы өтті.
28 қыркүйек ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Ұрпақтар сабақтастығы» акциясы аясында аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар орталығы», «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен қажылық сапардан келген ауданымыздың бас имамы Думан Нәдірұлымен «Қажылық қасиетті сапар» тақырыбында жастармен кездесуі өтті.
3 қазан Қарттар күніне орай Аудандық әлеуметтік көмек көрсету орталығында «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара өтті.
5 қазан аудандық "Жастар орталығы", "Жас Отан" ЖҚ ұйымдастыруымен Қарттарға көмек – қоғамдық міндет акциясы өтті.
6 қазан Халықаралық қарттар күніне орай, Ақтоғай кентінің ауылдық клубында қарттарға арналған мерекелік іс шара өткізілді.
9 қазан Жергілікті дін мәселелері жөніндегі ақпарат түсіндіру тобы № 3 орта мектеп оқушыларымен кездесті.
11 қазан Жергілікті дін мәселелері жөніндегі ақпарат түсіндіру тобы № 6 орта мектеп оқушыларымен кездесті.
14 қазан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Қозы Көрпеш- Баян Сұлу» мәдениет сарайында Аягөз ауданының кент және ауылдық округтері арасында көркемөнерпаздар байқауы бастау алды.
19–20 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының шығармашылық ұжымы, діни экстремизм және түрлі ағымдарға қарсы тәрбиелік, насихат жұмысы бағытындағы Б.Рамазанның «Шырмауық» қойылымын Аягөз қаласы мен Ақтоғай кент округінде көрсетті.

 

19-20 қазан күндері ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, аудан әкімінің бастамасымен «Ауылым асыл -қазынам» атты ақпараттық-мәдени керуені Шұбартау өңіріне барып, арнайы бекітілген бағдарламаға сәйкес 6 ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, мақсатты шаралар ұйымдастырды.
21 қазан Мәңгілік ел құндылықтарының негізінде, этникаралық келісімді және қазақстандық бірегейлікті нығайту мақсатында, Шығыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының тапсырмасына сәйкес, «Тринта» ЖҚ қызметкерлері аудандық әкімшілікте мектеп мұғалімдері және қалалық политехникалық колледж студенттерімен кездесу өткізді
23 қазан ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудан әкімінің жүлдесіне Жайдарман ойыны өтті.

 

20-21 қазан аралығында Өскемен қаласында «Аltai Invest-2016» халықаралық инвестициялық форумы өтті. Форумда Аягөз ауданының әкімі Б.Байахметов құны 9,088 млрд теңге құрайтын «ЕurasiaAgroHolding» ЖШС-ң «Өндірістік қуаты ауысымына 1400 ҰММ/200 бас ІҚМ мал сою және өңдеу цехының және мал бордақылау алаңының құрылысы» бойынша екі жақты келісім-шартқа қол қойды.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

24 қазан Аягөз ауданында «Ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлде төзбеушілік» акциясы аясында, «Құқықтық тәртіп» тақырыбында қоғамдық орындарда азаматтардың мінез-құлқ ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылатыны туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
24-26 қазан Аудандық ақпарат түсіндіру топ мүшелері Ақшәулі, Мыңбұлақ, Нарын, Тарбағатай, Ақши, Қарағаш, Сарыарқа, Ақшатау, Мамырсу, Майлин, Қосағаш, Емелтау, Мәдениет ауылдық округ тұрғындарымен және аудандық орталық аурухана қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Ұлт жоспары «100 нақты қадамның» 80 қадамы МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) туралы ақпараттар берілді.

 

25 қазан аудандық әкімшіліктің үлкен залында Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы өтті.Отырыс барысында аудандық ветеринария саласының қызметі, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және мал ұрлау мәселелері қаралды.
25 қазан аудан әкімінің төрағалығымен сыбайлас жемқорлық қарсы күрес жөніндегі кеңесінің отырысы өтті.
28 қазан мәдениет үйінде "Нөлдік төзімділік" акциясының қорытынды кеші ұйымдастырылды.

 

28 қазан "Қозы Көрпеш -Баян Сұлу" мәдениет үйінде Әлеуметтік қызметкерлер күні өтті.
28 қазан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай,  №6 жалпы білім беретін орта мектепте аудандық әкімшілік, аудандық білім бөлімі және де ұрпақтарының қолдауымен білім саласына еңбегі сіңген ардақты ұстаз Тұраров Құрмаш Құсайнұлының атына "Кәсіби бағдар беру кабинеті" ашылды.
2 қараша ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласы «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» мәдениет үйінде аудандық жастар орталығының және «Шығыс Медиа Груп» мемлекеттік кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Золотой Восток» атты Республикалық вокал ән байқауы өтті.
4 қараша ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Баршатас ауылдық округінде жастардың бастамасымен "флеш моб" ұйымдастырылды.
4 қараша ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және ҚР Прокуратурасына 25 жыл толуына арналған шағын футболдан турнир өтті.
4 қараша ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған "Тəуелсіз Қазақстан" пойызы Ақтоғай кентіне келді. "Тəуелсіз Қазақстан" пойызы штабының құрамы Ақтоғай кентінің тұрғындарына денсаулық, білім, заң, ауылшаруашылық, кəсіпкерлік, əлеуметтік салалар бойынша қабылдау жасап, кеңестер берді.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

9 қарашада Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д.К.Ахметов жұмыс сапарымен Аягөз ауданына келді.

10 қараша Жастар орталығының тапсырмасына сәйкес, Айғыз ауылдық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бейбітшілік пен жасампаздық» ұранымен « Би билейік дөңгелеп» атты би кеші өтті.
11 қараша «Нұр Отан» партиясының Аягөз аудандық филиалының кезекті XVII есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
14 қараша «Зағиптар қоғамдық бірлестігінің» ұйымдастыруымен және «Аудандық жастар орталығы», «Тұтынушылар құқығын қорғау орталығының» атсалысуымен аудандық кітапханада «Ақ таяқ» атты акцияның ашылуы өтті.
16 қараша ҚР Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай, ХХІ ғасырдың Қозы Көрпеші мен Баян Сұлуын анықтау мақсатында  Аягөз ауданында ғашықтардың қатысуымен облыстық байқау өтті.

 

18 қараша Аягөз қаласында терроризмге қарсы Аягөз аудандық жедел штабымен анитеррористік оқуы өтті.
19 қараша Ақтоғай ауылдық мәдениет үйінде Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Бейбітшілік пен жасампаздық» ұранымен «Ауылым алтын бесігім» тақырыбында жастар арасында патриоттық ән байқауы өтті.
23 қараша Жастар орталығының тапсырмасына сәйкес, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Қарағаш ауылдық мәдениет үйінде “Ибалы ұл, инабатты қыз – өмір көркі” тақырыбында ауыл жастарымен пікір алмасу өнеге, тәрбиелік кеш өтті.
25 қараша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Аягөз ауданының «Қозы Көрпеш–Баян Сұлу» мәдениет сарайында «Ауылшаруашылығы қызметкерлері күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

25 қараша Аудандық жастар орталығының тапсырмасына сәйкес «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай «Алға-Қазақстан!» атты ФлешМоб акциясы № 3 мектеп оқушыларымен жалғасты.
26 қараша ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы және Тұңғыш Президент күніне орай К. Бозтаев атындағы орта мектепте жастар арасында Маусымашар "Бозтаев кубогы" өтті.
29 қараша Гимназия мектебінің қатысуымен ұсақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Абайла жаяу жүргінші» акциясы өтті.
30 қараша Аягөз ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру жəне спорт бөлімінің ұйымдастыруымен 1-ші желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті күні мерекесі мен ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Бірегейлік жəне бірлік" бейбітшілік, келісім жəне патриотизмге арналған жұлдызды күн аясында "Тілегіміз ортақ, тірегіміз бір" атты əр ұлт өкілдерінің əні мен биін дəріптеу мақсатындағы мерекелік фестиваль өтті.
30 қараша Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президент күніне орай Тарлаулы ауылы мәдениет үйінде ауыл жастарының және «Қызылқия Орта Мектеп» мұғалімдері мен оқушылар арасында «Дара Тұлға, Дана Тұлға» атты мерекелік іс-шара өтті.
1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай, Аягөз ауданының "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, қолөнер бұйымдарының көрмесі жəне фотоккөрме ұйымдастырылды.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жылдығына арналған Байқошқар ауылдық округінде «Егеменді елім менің - Қазақстаным» атты көркемөнерпаздарының концерті өтті.
1 желтоқсан Байқошқар ауылдық клубында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Кеменгер Елбасы – ырысы елімнің» атты мерекелік кеш өтті.
3 желтоқсан Аудандық жастар орталығының тапсырмасына сәйкес Ақшәулі ауылдық округінде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» арналған мерекелік концерт өтті.
5 желтоқсан Аудандық жастар орталығының тапсырмасына сәйкес 26 қараша күні Ақшәулі ауылдық округінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында көркем фильм көрсетілді.
6 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында, Елбасы Н.Ә.Назарбаевпен болған телекөпір барысында KAZ Minerals Тобы сульфидті кендерді өңдейтін Ақтоғай кен байыту фабрикасындағы сынақтар мен іске қосу-реттеу жұмыстарын бастады.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

8 желтоқсан Аудандық жастар орталығының тапсырмасына сәйкес Емелтау ауылдық округінде «Тәуелсіздіктің 25 жылдығы және 1-ші желтоқсан – Тұңғыш Президент күніне» орай «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты кеш және ауыл жастары арасында «Спорт денсаулық кепілі» атты футболдан жарыс өтті.
9 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Ел рухы – Мемлкеттік рәміздер» тақырыбында семинар- тренинг өтті.
9 желтоқсан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына» орай «Жастар форумы» өтті.
10 желтоқсан Аягөз қалалық көпсалалы мектеп гимназиясында «ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚСЫЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты кездесу өтті.
10 желтоқсан Аягөз қаласының 3 орта мектебінде ҚР Тəуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ауданаралық баскетболдан турнир өтті.
10 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, Аягөз ауданы әкімінің жүлдесіне арналған құқық қорғау органдары мен әскери бөлім командирлері және мемлекеттік қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті.
12 желтоқсан «Қозы Көрпеш –Баян Сұлу» мәдениет үйінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудан әкімінің жүлдесіне Жайдарман ойындарының оқушы-жастар арасында 1/8 ойыны өтті.
13 желтоқсан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Бейбітшілік пен жасампаздықтың 25 жылы» атты салтанатты жиын өтті.

Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылы өткізген іс-шаралары туралы АҚПАРАТ

13 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласында гигиеналық майлықтар және дәретхана қағаздарын шығаратын шағын цехтың салтанатты ашылуы өтті.

13 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласының орталық мешіт қатымханасында желтоқсан оқиғасының құрбандарына арналған ас берілді.

13 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Аягөз қаласының солтүстік аумағында орналасқан шағын ет комбинатының салтанатты ашылуы өтті.

 

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығында 1991 жылы 16 желтоқсанда дүние есігін ашқан Тәуелсіздік құрдастары аудан әкімі Б. Байахметовтың грамотасымен марапатталды.
16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығында Аягөз ауданында дүниеге келген сәбилердің аналарын аудан әкімінің орынбасары Д.Жоргекбаев құттықтады.

22 желтоқсан Жастар орталығының тапсырмасына сәйкес ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Бидайық ауылдық округінде волейболдан аймақтық жарыс болып өтті
23 желтоқсанда Кипрда самбодан өткен жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде 84 келіден жоғары салмақта екінші орын алған Айбек Ағыбаевты аудан әкімі Б.Байахметов қабылдады.

23 желтоқсан күні Аудандық жастар орталығының ұйымдастыруымен және қаламыздың белсенді жастары қолдауымен «Козы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет үйінде екі сеанста «Анаға апарар жол» атты қайырымдылық киносы қойылды.
24 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына жəне "Жаңа жыл" мейрамына арналған аудан жастары арасындағы шахматтан командалық жарысы болып өтті.
24 желтоқсанда Аягөз аудандық жастар орталығы КММ –нің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Ұлағатты жастар» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту» тақырыбында семинар –тренинг өтті.
27 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері Роза Рымбаева Аягөз ауданының «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында мерей тойлық концертін берді.
29 желтоқсан «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» мәдениет сарайында аудан әкімінің Жаңа жылдық шыршасы өтті.
30 желтоқсан жаңа жыл мейрамы қарсаңында Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастыруымен Аягөз қаласының орталық алаңында Жаңа жыл мерекесіне орай мектеп оқушылары арасында эстафета өтті.
30 желтоқсан Жаңа жыл мерекесіне орай, аудан әкімі Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлерін, ақсақалдар алқасы мен ардагерлер кеңесінің мүшелерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, сый-сияпат көрсетті.

 


Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің 2016 жылдың 6 айына өткізген іс-шаралары туралы ақпарат
Аягөз аудандық ішкі саясат бөлімінің өткізген іс-шаралары туралы ақпарат 2014 ж
Аягөз ауданы бойынша діни бірлестіктер туралы МӘЛІМЕТ *.doc 29 KB

 

Бет өзгертілді: 19-01-2017