Халыққа қызмет көрсету орталығы

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөліміне аудан тұрғыны келесі сұрақпен жүгінді, «Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтаманы ХҚКО-дан қалай алуға болады және ол үшін қандай құжаттар қажет?»
Сұраққа «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Д. С. Досиханов жауап береді:

  • Аталған анықтаманы ХҚКО арқылы алу үшін Сізге келесі құжаттарды тапсыру қажет:
  • Өтініш
  • Жеке басын куәландыратын құжат
  • Егер бала 2007 жылғы 13 тамызға дейін немесе Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса туу туралы куәлік.

Сонымен қатар, аталған қызмет ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронды үкімет порталында да қолжетімді. Айта кететін жайт қызмет 5 минуттың ішінде тегін көрсетіледі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға), қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы деректердің жоқтығы жағдайында мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі – 3 жұмыс күні (қабылдау күні мемлекеттік қызмет мерзіміне кірмейді).

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөлімінің кеңес беру секторына аудан тұрғыны келесідей сұраққпен жүгінді: «Мен бірінші рет ана атандым, енді жәрдемақы алуға құжаттар тапсыруым қажет. ХҚКО арқылы барлығын ресімдеу үшін қандай құжаттар керек?»
Сұраққа Департаменттің Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К. С. Досиханов жауап береді:
«Жәрдемақыны ХҚКО арқылы ресімдеуге болады. Ол 7 жұмыс күні ішінде ресімделеді. Сізге келесілерді тапсыру қажет:
көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет), сондай-ақ оралмандар үшін – оралман куәлігі;
- баланың (балалардың) туу туралы куәлігі (куәліктері) немесе туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме;
- көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген жағдайда – неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;
- балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгіленген жағдайда – балаға қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеуді немесе бала асырап алуды растайтын құжат;
- өтінішті және қажетті құжаттарды үшінші адам берген жағдайда – сенімхат ұсынады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес балаға жәрдемақыны тағайындауға құжаттарды ХҚКО арқылы және де Электронды үкімет порталы арқылы да ресімдеуге болады.


«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаментінің Аягөз аудандық бөліміне «ХҚКО арқылы некеге тұру үшін қандай құжаттар тапсыру қажет?» деген сұрақпен болашақ жас жұбайлар жүгінді.

Сұраққа Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Куанышбек Серикбекович жауап береді.
- Иә, шынымен де, некеге тұруға ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы құжаттарды тапсыруға болады.
Электронды өтініш беру үшін өтініш берушінің екеуі де бірінші рет некеге тұрулары керек және балалары болмауы қажет. Екінші және одан кейінгі некені портал арқылы тіркеу мүмкін емес. Сонымен қатар, ЭЦҚ –ның болуы шарт. 
«Электронды үкімет» порталы арқылы өтініш беру кезінде «Отбасы» бөліміне, артынан «Отбасы жағдайы» бөлігіне, кейіннен «Некені тіркеуге электронды өтініш беруге» кіріп, «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басу керек.
Операцияны жүзеге асыру үшін электронды өтінішті толтыру қажет, қызмет төлемін жүргізіп, электронды цифрлық қолтаңбамен қол қою керек.
Қызмет ақысын электронды үкімет порталы арқылы жүргізуге болады, ол үшін төлем картасы болуы керек.
Осыдан кейін, Сізге өтініштің қабылданғаны, некені тіркеу күні мен орыны туралы хабарлама беріледі.

Аягөз ауданы әкімінің сайтына оқырмандардан тағы бір сұрақ келіп түсті: «Менде жеке қосалқы шаруашылық бар. Мен осыны қандай да бір анықтамамен растай аламын ба? Ол үшін қандай құжаттар қажет?»
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К. С. Досиханов жауап береді.
- Иә, жеке қосалқы шаруашылық туралы ақпарат ХҚКО-да берілетін анықтамамен расталады. Аталған қызметті алу үшін жеке куәлік болуы керек. Аталған қызметті сонымен бірге жергілікті атқарушы органдар да, демек, ауыл, село, селолық округтердің әкімімен де көрсетіледі. Егер Сізде электронды цифрлық қолтаңба болса, анықтаманы электронды үкімет порталымен де алу мүмкіндігі бар.

Аягөз ауданы әкімінің сайтына оқырмандардан тағы бір сұрақ келіп түсті: ХҚКО-нан жұмыссыз екендігі туралы анықтама алуға бола ма? 
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К. С. Досиханов жауап береді:
-
Әрине, болады. Бұл анықтаманы азаматтар ХҚКО-дан, сондай-ақ ЭЦҚ-сының болуы жағдайында электронды үкімет порталынан ала алады.
Ол үшін Сізге жеке куәлігіңізбен Халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Қызмет тегін түрде 15 минуттың ішінде көрсетіледі. Барлық сұрақтар бойынша «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Аягөз аудандық бөліміне 8-72237-52432 телефон нөмірі бойынша немесе Электронды үкіметтің бірыңғай байланыс орталығына 1414 нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Аягөз ауданы әкімінің сайтына оқырмандардан тағы бір сұрақ келіп түсті: «Егер  ортақ бала, сондай-ақ ортақ мүлік жоқ болса ХҚКО арқылы ажырасуға қалай тапсыруға болады?»
Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К.С. Досиханов жауап береді.
-Иә, шынымен де, ХҚКО-ның өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы некені бұзуға құжаттарды тапсыруға болады. Аталған қызмет кәмелеттік жасқа толмаған балалары жоқ, өзара келісімге келгендерге көрсетіледі. Ескеретін жайт, ХҚКО арқылы некені бұзуға құжаттарын 2008 жылғы 1 маусымнан кейін некелерін тіркегендер ғана тапсыра алады, өйткені ақпараттық жүйе аталған мерзім ішіндегі ғана деректерді бере алады.
«Электронды үкімет» порталы арқылы өтінім беру кезінде «Отбасы» бөліміне кіріп, «Отбасы жағдайын» таңдау керек, кейіннен – «Некенің бұзылуы туралы тіркеуге электронды өтініш беру» бөлігін таңдап, «Онлайн қызметке тапсырыс» нүктесін басу керек. Операцияны жүзеге асыру үшін жұбайлардың ЖСН-ын енгізсе жеткілікті және өтінімді электронды цифрлық қолтаңбамен растау қажет. Осыдан кейін Сізге неке бұзу туралы куәлік беретін АХАТ бөлімінің атауы мен мерзімі туралы ақпараты бар хабарламаны алу керек.

Аягөз ауданы әкімінің сайтына оқырмандардан тағы бір сұрақ келіп түсті: Өткен жұмыс орынындағы, егер фирма ертеректе жабылып қалған болса, зейнетақы және әлеуметтік аударылымдар, еңбек ақы төлемдері туралы ақпаратты осы жерден алуға бола ма? 

Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалы Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К. С. Досиханов жауап береді:  
- Әрине, ала аласыз. Кез келген мұрағаттық құжатты Халыққа қызмет көрсету орталықтары, сонымен қатар электронды үкімет порталы арқылы алуға болады. Әрі қажетті мұрағаттық құжатты жүгінуден кейін 15 күн өткен соң алуға болады, құжатты тапсыру күні қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Мемлекеттік қызметке өтінішті ресімдеу кезінде өзімен бірге жеке куәліктің болуы жеткілікті (егер анықтаманы басқа тұлға үшін алатын болсаңыз, сенімхат). Электронды үкімет порталы арқылы анықтама алу үшін – ЭЦҚ. Айта кететін жайт, жеке және заңды тұлғалар үшін әлеуметтік-құқықтық сипаттағы сұрақтар бойынша мұрағаттық құжаттарды алу – тегін.
Ескеретін жайт, ХҚКО-дан жасы туралы, мемлекеттік және ведомствалық марапаттар, ғылыми атақтар мен дәрежелерді тағайындау, эвакуациялық және сауықтыру орындарында, экологиялық апатты аймақтағы емдеуде болу, зорлық – зомбылықта және репатриацияда болу, азаматтық хал актілері немесе мүліктік құқық туралы деректерді алуға болады, сонымен қатар еңбек өтілін, білімін, біліктілікті растауды да осы жерден алуға болады.

Аягөз ауданы әкімінің сайтына оқырмандардан тағы бір сұрақ келіп түсті. ХҚКО арқылы сыртқы жарнаманы орналастыруға құжаттар тапсыруға бола ма?

Аталған сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К.С. Досиханов жауап береді:

  • Аталған қызметті алу үшін Сізге ХҚКО-ға да, ЭЦҚ-ның болуы жағдайында электронды үкімет порталына да жүгінуге болады. Аталған қызмет тегін ресімделеді. Көрсетілу мерзімі 5 жұмыс күні. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетусіз, кезек тәртібінде қабылданады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі елді мекендерде сыртқы жарнама объектілерін орналастыруға рұқсат, сонымен қатар, облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде жарнаманы тұрақты орналастыру объектілерінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт беру болып табылады. Құжаттар әрекет ету мерзімі бір жыл. Ол сәйкесінше органмен ұзартылуы мүмкін, бірақ бір жылдан көп емес мерзімге. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты және құжаттар пакеті тізімін 8-72-237-5-35-04 телефон нөмірі мен мемлекеттік қызмет көрсету сұрақтары бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі арқылы білуге болады.

Естеріңізге саламыз, жарнама - адамдардың белгiленбеген топтарына арналған әрi жеке, заңды тұлғаларға, тауарларға, тауар белгiлерiне, қызмет көрсетулерге, жұмыстарға және оларды сату туралы кез келген құралдардың көмегiмен кез келген нысанда таратылатын (орналастырылатын) ақпарат; сыртқы (көрнекі) жарнама - жылжымалы және жылжымайтын объектілерде орналастырылған, сондай-ақ ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеулеріндегі және елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылған жарнама.

Жеке  кәсіпкердің  Халыққа қызмет көрсету орталығынан патент алуына мүмкіндік бар ма?

Аягөз ауданы әкімінің сайтына тағы бір сұрақ келіп түсті. Аягөз ауданының тұрғыны жеке  кәсіпкердің  Халыққа қызмет көрсету орталығынан патент алуына мүмкіндік бар ма? - деп сұрайды.
Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Бородулиха аудандық бөлімінің басшысы К. С. Досиханов жауап береді:
Иә, енді жеке кәсіпкерлерге патент үшін мемлекеттік кірістер Комитетіне барудың қажеті жоқ, оны Халыққа қызмет көрсету орталығынан алуға болады.

ХҚКО-да патентті тіркеу бір жұмыс күні ішінде орындалады, бірақ құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Патент алу үшін Сіздерге келесі құжаттарды тапсыру керек:

  • Өтініш берушінің ЖСН-ы
  • Өтініш берушінің ЭЦҚ-сы
  • Патент үшін есептесу
  • Төлем құжаттарының нөмірі

Айта кететін жайт, аталған мемлекеттік қызмет тегін. Кезек күтіп отыруға уақыты жоқтар электронды порталда егер электронды цифрлық қолтаңбасы болмаса да, талонды брондауына мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызметті салық төлеушінің жеке кабинеті арқылы да алуға болады.

Аягөз ауданы әкімінің сйтына Аягөз ауданы тұрғындарынан көптеген сұрақтар түсіп жатады. Солардың тағы бірі: «ХҚКО арқылы алкоголь өнімінің өндірісіне лицензия алуға бола ма? Ол үшін қандай құжаттарды тапсыру керек?»

Сұраққа Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Досиханов Куанышбек Серикбекович  жауап береді:

Сіз лицензияға құжаттары ХҚКО арқылы да, электронды лицензиялау сайты арқылы да тапсыра аласыз. Ол үшін келесі құжаттар қажет:

  • Этил спирті өндірушісі бекіткен және әзірлеген, өндіріс паспортының көшірмесі;
  • арақ пен айрықша арақ және ликер-арақ өндіруге мүмкіндік беретін жабдықтың пайдалану - техникалық сипаттамасын қамтитын жабдықтың паспорттарының көшірмелерін қоса бере отырып, өтініш беруші жүргізетін өндірістік қуат есебі;
  • Алкоголь өнімін өндіру паспортында көрсетілген мәліметтерге
    сәйкес келетін меншік құқығындағы стационарлық үй-жайлардың болуы;
  • стационарлық үй-жайдағы алкогольдік өнім өндіруді қамтамасыз ететін коммуникацияның (сумен жабдықтау, электр қуаты және кәрізбен қамтамасыз ету) болуы;
  • ұйымның теңгеріміне технологиялық жабдықты қабылдау туралы бухгалтерлік (есептік) құжаттары;
  • лицензиарға өндіру көлемі туралы ақпаратты автоматты түрде
    беруді қамтамасыз ететін алкоголь өнімінің өндірілу көлемін есепке алатын аспаптардың болуы (виноматериал мен көміртектің қостотығы қышқылынан басқа);
  • Алкоголь өнімін өндіруде сақтау, қабылдау мен жіберу үшін және алкоголь өнімін өндіруде қолданылатын этил спиртін сақтау, қабылдау мен беру үшін арналған қойма-арнайы стационарлық үй-жайдың болуы;
  • Алкоголь өнімін өндіруге шикізатты сақтауға, дайындауға
    (өңдеуге), беруге арналған қойма;
  • Лицензиардың сұрауына санитарлы-эпидемиологиялық бақылау аясындағы атқарушы органның жауабы;
  • Өлшемдердің бірыңғайлығын мемлекеттік қамтамасыз ету
    жүйесінің талаптарына сәйкес тексерілген температуралық ылғалдық
    режимі бойынша шикізатты, қосалқы материалдарды, алкоголь өнімін
    сақтау шарттарын бақылауға мүмкіндік беретін аспаптардың болуы;

Электронды лицензиялау сайты арқылы өтініш беру үшін Сіздерге ЭЦҚ алу қажеттігін ескертеміз. Сайтқа тапсыру кезінде құжаттар электронды нысанда болу қажет.

ХҚКО-да Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге қалай отыруға болады?

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы Аягөз аудандық бөліміне аудан тұрғынынан ХҚКО арқылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің өтемақы төлеміне қосымша келісімге отырға бола ма деген сұрақ келіп түсті.
Сұраққа Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Досиханов Куанышбек Серикбекович жауап береді:

Иә, ХҚКО арқылы қосымша келісімге отыруға болады. Ол Conection point секторында ЭЦҚ-ның көмегімен жүзеге асырылады. Ол үшін порталдың «Азаматтар» бөліміндегі «Жылжымайтын мүлік» тарауына өту керек, осыдан кейін «Тұрғын үй қатынастары» қосымшасынан Жалпы талаптарға қосылу мақсатында, соның ішінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ салымдары бойынша өтемақы төлеу үшін тұрғын үй құрылыс жинақ шартының қосымша келісімін жасауды» таңдау керек. «Онлайн қызметке тапсырысты» басқаннан кейін қолданушы салымдардың тізімін алуға келісімді растайды, осыдан кейін келісімге отыру қажет салымдарды таңдайды, міндетті жолақтарды толтырады, қосымша келісім талаптарымен танысады және оған ЭЦҚ көмегімен қол қояды. Электронды қосымша келісім қолданушының жеке кабинетіне түседі. Айта кететін жайт,  тұрғын үй құрылыс жинағының келісімнің қосымша келісімдеріне қол қою 8 ақпаннан басталды және 2016 жылғы 01 маусымға дейін созылады (2016 жылғы 31 мамыр қабылдаудың соңғы күні). 

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз аудандық бөліміне азаматттардан тағы бір сұрақ түсті: ХҚКО-на жалғыз тұратын зейнеткер ретінде тұрғын үйге көмекке құжаттар тапсыра ала ма? Ол үшін қандай құжаттар қажет?
Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Досиханов Куанышбек Серикбекович жауап береді:

  • Қазіргі таңда, «Тұрғын үй көмегін тағайындау» деп аталатын мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштер Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Мәслихаттың шешімі бойынша жеке топқа жалғыз басты зейнеткерлер, жалғыз басты аналар, 1, 2, 3 топтағы мүгедектер, көп балалы отбасылар, ЧАЭС қатысушылары, «ауған соғысына қатысушылар» топтастырылады және олар үшін 6 % - дейінгі коммуналдық қызметтер шығыны үшін жеткілікті үлесін қарастырады. Білу керек нәрсе, егер отбасында жұмыссыз ретінде тіркелмеген, әскерде қызмет атқармаған, оқымайтын, жұмыс істемейтін еңбекке жарамды тұлғалар бар болса, отбасы тұрғын үй көмегін алуға құқылы бола алмайды. 1 және 2 топтағы мүгедектерді, 16 жасқа дейінгі мүгедек баланы бағып-қағатын немесе 3 жасқа дейінгі бала тәрбиесімен айналысатындарды қоспағанда. Жедел қызметтегі әскери қызметкерлер отбасы құрамында есептелмейді.

Тағы бір ескеретін маңызды жайт, егер Сіз заңды некеде тұрсаңыз, бірақ жолдасыңыз Сіздің пәтеріңізде тіркелмеген болса, оның кірісі тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде есептелінетін болады. Тұрғын үй көмегі тағайындалмайды, егер заңды некеде бола тұра, жолдасыңыздың тұрғылықты жері туралы білмесеңіз және осы сұрақ бойынша құқық қорғау органдарына жүгінбесеңіз.

Құжаттарға қатысты, Сізге тапсыру керек:

  • Сізбек бірге тұратын отбасы мүшелерінің барлығының жеке бас куәліктері;
  • Тұрғын үйге құқық орнатушы құжат (жекешелендіру шарты немесе сыйға тарту, сату-сатып алу шарты және т.б.), Сіздің құқық меншігіңізге қандай тұрғын үйдің тиесілі екендігі туралы ақпараттық анықтама, бұл ХҚКО-да берілетін № 6 нысан. Ол жылына бір рет беріледі;
  • Отбасының барлық мүшелеріне мекенжай анықтамасы;
  • Отбасының кірісі туралы өткен тоқсанның анықтамасы, бұл анықтамаларды әрбір үш ай сайын тапсыру қажет болады;
  • Егер жұмыс істейтін болсаңыз, жұмыс істейтіндігі туралы анықтама, немесе зейнетақы куәлігі. Егер жұмыс істемейтін болсаңыз – жұмыссыздық туралы анықтама;
  • Жалғыз басты аналарға АХАТ қызметінен берілетін №4 нысанды анықтама;
  • Тұрғын-үйді күтіп ұстауға арналған төлемдер туралы түбіртек, коммуналдық және байланыс қызметтері үшін түбіртек (өткен тоқсанның),  стационарлы емес газды плиталарды үйлер үшін – газ баллондарын қолдану туралы анықтама (өткен тоқсанның). Егер ресімдеумен үшінші тұлға айналысатын болса, сенімхат түпнұсқасын тапсыру қажет.

Және де, құжаттар пакетін тапсырған мерзімнен бастап қызмет күнтізбелік 10 күн ішінде көрсетіледі. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы клиенттерді қабылдау кестесі дүйсенбіден сенбіге дейін сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Аягөз ауданы тұрғындарынан аудандық әкім сайтына Семей ядролық сынақ полигоны салдарынан зардап шеккен азаматтарға берілетін куәліктерге қатысты сұрақтар жиі түсіп тұрады. Оның ішінде азаматтарды куәлікті ХҚКО арқылы қайта қалпына келтіруге бола ма, ол үшін не қажеттігі қызықтырады.

Сұраққа «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Досиханов Куанышбек Серикбекович жауап береді:
Иә, ХҚКО-да бұл құжатты қалпына келтіруге болады. Қызмет - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан
зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай
өтемақы төлеу, куәлік беру деп аталады.
Егер Сіз куәлігіңізді жоғалтып алған болсаңыз, онда ХҚКО-ға телнұсқасын алу үшін өтініш беру керек. Ол үшін өзіңізбен бірге келесі құжаттарыңыз болуы керек: жеке бас куәлігі, мекенжай анықтамасы, 1949 жылдан бастап 1965 жылды қоса алғандағы, 1966 жылдан бастап 1990 жылды қоса алғандағы кезеңдерде Семей ядролық сынақ полигоны аумағында тұру фактісі мен кезеңін растайтын құжаттар. Ол мұрағат анықтамалары, ауылдық (селолық) округ әкімдерінің анықтамалары, оқу орнын бітіргені туралы диплом, әскери билетті; туу туралы куәлік, орта білім туралы аттестат, еңбек кітапшасы және т.б. болуы мүмкін. Егер көрсетілген құжаттар сақталмаса, онда ядролық сынақтардың әсеріне ұшыраған аумақтарда тұрудың заңды фактілерін және кезеңін белгілеу туралы соттың шешімі ұсынылады.

ХҚКО-на азаматтардан сұрақтар келіп түсіп жатады. Оқырманның тағы бір сауалы, ХҚКО арқылы сотқа талап арызын беруге болама? Егер болса, ол үшін не қажет?

Жауапты «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімінің басшысы Досиханов К.С. береді:
- Иә, 2015 жылғы 16 қаңтардан бастап «Connection point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторында осындай қызмет бар. Азаматтар ХҚКО-да «Сот кабинеті» электронды ақпараттық сервисі арқылы электронды өтінімді, талап арызын, сонымен қатар сот актілерін қайта қарастыруға құжаттарды (аралық сот шешіміне шағымдану туралы өтініш, апелациялық шағым/жеке шағым, тексеру тәртібінде сот актілерін қайта қарау туралы қолдаухат, төрелік шешімін кері қайтару туралы қолдаухат, кассациялық шағым, жаңадан ашылған жағдайлар бойынша сот актілерін қайта қарастыру) ұсына алады. Назарларыңызды келесіге аударуды сұраймын, «Сот кабинетіне» кіру қосымша авторланусыз жүзеге асырылады. Ол үшін Электронды үкімет порталында авторланса болғаны. Егерде қандай да бір мәселелер туындап жатса, «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімі қызметкерлеріне жүгінсеңіз болады. Олар ЭЦҚ алуға, тіркелуге, сканерлеуге және құжаттарды бекітуге, банк карточкаларынан төлемдерді жүргізуге көмек береді.

ХҚКО-на азаматтардан сұрақтар келіп түсті: Халыққа қызмет көрсету орталығынан медициналық қызметке лицензияны жылдам қалай алуға болады?

Сұраққа «ХҚКО» РМК ШҚО бойынша филиалының Аягөз аудандық бөлімінің басшысы К.С. Досиханов жауап береді:

  • Иә, бұл қызмет ХҚКО арқылы көрсетіледі. Лицензияны 15 жұмыс күнінде алуға болады, қайта ресімдеу – 3 жұмыс күні, лицензияның телнұсқасын алу – 2 жұмыс күн. Аталған мемлекеттік қызметті көрсету үшін лицензиялық алым алынады. Лицензия алу үшін – 10 АЕК; лицензияны қайта ресімдеу үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктің 10 %-ы, бірақ 4 АЕК-тен көп емес; лицензияның телнұсқасын беру үшін – лицензия беру кезіндегі бірліктен 100 %-ы. Төменде мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізімі берілген.

Медициналық қызметке лицензия алу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет: нысан бойынша өтініш, жеке куәлік үшін – жеке басын куәландыратын құжат, қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; нысанға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер нысаны; үй-жайға немесе ғимаратқа меншік не жалдау не мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару құқығын куәландыратын құжат; жоғары немесе орта медициналық білімі туралы диплом; қайта даярлаудан өту туралы куәліктің немесе біліктілікті арттырудан өту туралы куәлік; қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат.
Лицензияны қайта ресімдеу және (немесе) лицензияға қосымшаны ресімдеу кезінде: мемлекеттік қызметтің аталған стандартының 3 немесе 4-қосымшасына сәйкес бекітілген нысандағы өтініш,  ЭҮПШ арқылы төлемнен басқаларды қосапағанда, лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат; лицензияны қайта ресімдеу жағдайы кезінде; мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі ақпараты бар құжаттарды қоспағанда, лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу үшін негіздеме бола алатын өзгертулер туралы ақпараты бар құжаттар көшірмесі. 
Лицензия телнұсқасы және (немесе) лицензияға қосымшаны алу үшін: бекітілген нысандағы өтініш; қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат.
Салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмау жағдайында, нотариалды куәландырылған құжаттарды ұсыну қажет.

           

Бет өзгертілді: 22-12-2016