Биатлон жарысы

2020 жылдың 7 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жылдығына арналған 10 класс оқушылары арасында биатлон жарысы оңтүстік қалашықтағы спорт кешенінде және спорт алаңында өткізілді.
Ашылу салтанатында аудандық білім бөлімінің әдіскері С. Қыржыбаев, қорғаныстар жөніндегі біріктірілген бөлімнің әскерге шақыру инспекторы В. Салибаева және Ауған соғысының ардагерлері өз сөз кезектерінде, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау,қатысушыларға көңіл – күй сыйлау және патриоттық тәрбиенің мәнін түсіндіру мақсатында өткізілетін дәстүрлі іс - шара екенін айта келе, қатысушыларға ақ тілектерін білдірді. № 4 орта мектебінің оқушылар ән айтып, биді әдемі орындап, «Жас сарбаздар» класы патриоттық ән орындап, қатысушыларға жақсы көңіл – күй сыйлады.
Жарысқа 11 команда қатысты. № 3 орта мектебі мен К. Бозтаев атындағы орта мектептерінен басқа барлық қала мектептері жарысқа қатысты.
Жарыс жолына әр командадан 3 оқушыдан шығып, екі рет нысананы пневматикалық мылтықпен(жатып, тұрып) көздеді. Оқ тимеген жағдайда, айып шеңберін жүгірді. Ең жақсы уақыт көрсетіп, І орынды Сарыарқа орта мектебінің командасы, ІІ орынды № 4 орта мектебінің командасы, ІІІ орынды политехникалық колледж командасы иеленді.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қорғаныстар жөніндегі біріктірілген бөлімнің мақтау қағаздарымен марапатталды.