«Мен өмірге жырлау үшін келгенмін!» атты ұстаздар арасындағы сайыс

Ақпанның 8 күні "№ 3 ЖББОМ" КММ-де Аягөз аудандық білім бөлімінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері арасында "Мен өмірді жырлау үшін келгенмін" атты ақын Мұқағали Мақатаев шығармашылығына арналған сайыс өтті. Сайыстың мақсаты - ақын шығармашылығын насихаттау, шығармашыл мұғалімдердің әлеуетін арттыру, ынтымақтастықта жұмыс істей отырып , өзара бәсекелестік туғызу. Сайыс ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу, әндерін шырқау, шығармаларының желісі бойынша сахналық қойылым қою, өмірі мен шығармашылығына байланысты сұрақ- жауап бөлімдерінен тұрды. Сайысқа аудандық білім бөліміне қарасты білім беру мекемелері ішінен 17 мектеп қатысты.Сайыста өз өнерімен, шығармашыл қырымен танылған мұғалімдер аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т. Азимбаевтың мадақтамасымен, мұғалімдердің аудандық кәсіподақ комитетінің төрайымы С.М. Ещанова тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.Сайыста өз өнерімен, білімімен оза шапқан "№5 ЖББОМ "КММ -ның мұғалімі Кайсабекова Раушан бас жүлдеге ие болды. Сайысқа қатысқан жеңімпаз мұғалімдерді құттықтап, отбасыларына амандық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілейміз!!!