«Жас сарбаздар» кластары арасындағы әскери – спорттық жарыс

2020 жылдың 8 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 31 жылдығына арналған "Жас сарбаз" кластары арасындағы I Қыстық Спартакиада «№ 6 жалпы білім беретін орта мектеп жанындағы интернатпен" КММ -де өтті. Ашылу салтанатында № 6 орта мектебінің директоры Л.Молдашева,аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Киржибаев,қорғаныстар істері жөніндегі біріктірілген бөлімі бастығының орынбасары М.Сарсеев,жинақтау бөлімінің басшысы Е.Оралбаев,Ауған соғысының ардагерлері қонақтарға, қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді. Ауған соғысының ардагері Р. Бейсековтың басшылығымен өткен жарыска №3,№4,№6 орта мектептерінің биылғы оқу жылында 《Жас сарбаздар》кластарына қабылданған 5 класс оқушылары қатысқан болатын. Бар үйренген,білгендерін ортаға салып, жүлделі орындарды сарапқа салды...
Бағдарламаға келсек:
1. Шаңғы эстафетасы (1000 метрді 5 оқушы 200 метрден шаңғымен жүгіріп өтеді)
2. Шанамен жаралыны тасу (2 ұл,2 қыз қатысады, ұлдар қыздарды шанамен межелер арасынан алып жүреді)
3. «Үздік мерген» байқауы ( 5 оқушы пневматикалық мылтықтан 3 оқтан атады)
4. Белтемірде тартылу -1 ұл, секіргішпен 1 минут секіру- 1 қыз)
5. АК – оқу автоматын шашып, жинау( 1ұл,1 қыз)
6. Қардан мүсін жасау (Командалық)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Ауған соғысы ардагерлерінің кубоктарымен,медальдарымен,мақтау қағаздарымен марапатталды..