«Музейлер шеруі» акциясы

2020 жылы 17 қаңтар күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалында «Музейлер шеруі» акциясы өтті.
Акцияға №5 мектептің 8-сынып оқушылары қатысты. Оқушыларға экскурсия жүргізіліп, жұмбақтар жасырылды, фотокарточкалар арқылы ойындар ұйымдастырылды. Акцияның мақсаты – туған өлкенің өткені мен бүгінгі күнімен таныстыру. Отанына, еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.