Хабарландыру!

2020 жылғы 31 наурызда үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорына өз қызметі туралы мәліметтерді ұсыну мерзімі аяқталады («Коммерциялық емес ұйымдар туралы» ҚР Заңының 41 б, 5 т.).
Есепті мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор, қауымдастық (одақ) нысанындағы заңды тұлғалар бірлестіктері нысанында құрылған үкіметтік емес ұйымдар ұсынады.
Есеп берудің электронды нұсқасы infonpo.kz сайтында толтырылады.
ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді уақытылы өткізбегені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.