Сарбаздар аудандық музейде қонақта

2020 жылы 13 қаңтар күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМКҚ-ның Аягөз қаласының филиалында Мамырсу гарнизоны 97616 әскери бөлімінің І-2019 және ІІ-2019 мерзімді әскери қызметшілері қонақта болды. Музейдің экспозиция бөлімдеріндегі тарихи құнды жәдігерлермен танысып, қызыға тамашалады. Жалпы аудан тарихынан экскурсия жүргізіліп, соңында бөлім сарбаздары музей ұжымына алғыс білдірді.