VII республикалық "Ақберен" байқауының аудандық кезеңі

2019 жылдың 11 желтоқсан күні Аягөз қаласындағы "Дулат Бабатайұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп" КММ-де аудандық білім бөлімінің оқу, ғылыми, ұйымдастырушылық, әдістемелік кабинетінің  ұйымдастыруымен жас  дарындарды шешендік және ақындық өнерге баулитын VII республикалық "Ақберен" байқауының аудандық кезеңі өтті. Байқаудың мақсаты - оқушыларды гуманитарлық-эстетикалық ғылымдар саласына кәсіптік бейімдеу, олардың өлең жазу, тапқыр талантын, әмбебап қабілеттерін дамыту, шығармашылық және ақындық дарындылығын айқындау, жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық рухты сіңіру, тілді, әдебиетті жете меңгерту.
   
Байқау шешендік өнер, көркемсөз оқу, шығарма, ұлттық аспапта ойнау, ақындар айтысы, ақындар мүшәйрасы сияқты алты бағытты өтті. Байқауға ауданымыздағы жалпы білім беретін орта мектептердің 8-11 сыныптарына 85 оқушы қатысты.
  
Байқау қорытындысы бойынша "Ұлт аспаптар" бөлімінде 1-орынды қазақ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Серікбаева Аружан, "Шығарма" бөлімінде бас жүлдені Шыңқожа батыр атындағы орта мектептің 11-сынып оқушысы Құдайбергенова Аида, "Шешендік өнер" бөлімінде қазақ мектеп-лицейінің 11-сынып оқушысы Бакимбаева Несібелі, "Ақындар айтысы" бөлімінде 1-орынды Сергиополь орта мектебінің 10-сынып оқушысы Ануарбеков Асқар, "Көркемсөз оқу" бөлімінде 1-орынды С.Ғаббасов атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы Аубакирова Әйгерім иеленді.