«Бақытты балалық шақ: қауіп-қатерсіз, зорлық-зомбылықсыз, девиациясыз қолайлы кеңістік» атты дөңгелек үстел

Ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы» КММ-де «Бақытты балалық шақ: қауіп-қатерсіз, зорлық-зомбылықсыз, девиациясыз қолайлы кеңістік» атты дөңгелек үстел өтті.

Бұл бас қосудың басты мақсаты: балалар мен жасөспірімдер өмір сүретін кеңістіктің қауіпсіз, қолайлы болуы баршамызға ортақ міндет болғандықтан, бірлесіп әрекет жасау. Дилог алаңына ішкі істер бөлімінің мектеп инспекторлары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, жастар орталығынан, аудандық денсаулық бөлімінен, ата-аналар қауымдастығынан, мектептің тәрбие ісінің меңгерушілері мен психологтар қатысты. Жиын барысында өзекті тақырып бойынша «Бала өмірі-басты құндылық» - аудандық орталық аурухана психологы Е.Оралтаева, «Балалар мен жасөспірімдер өмірінің қауіпсіздігіне кім жауапты?» – Аягөз қаласы, аудандық полиция бөлімі кәмілетке толмаған іс жөнінідегі аға учаскелік инспекторы полиция майоры М.Шагиртаева, «Өмірден бас тарту-естілмей қалған жан айқайы» -  «Қалалық көпсалалы қазақ мектеп-гимназия» КММ-ның  психологы Ж.Ералиева баяндама жасады. Диалог алаңында құнды ой-пікірлер, ашық ұсыныстар айтылды. Жиында дөңгелек үстелдің  ортақ шешім жарияланып, аудандық білім бөлімінің басшысы Н.Т.Азимбаев мырза қорытындылап, біріккен мақсаттағы жұмыстарды күшейтуге шақырды.