Шығыс  Қазақстан  облысы әкімінің жүлдесіне  арналған «Сәулетай» Х балалар спорт ойындары

2019 жылдың   31 қазан – 02 қараша аралығында  Өскемен қаласында  Шығыс  Қазақстан  облысы әкімінің жүлдесіне  арналған 2005 – 2006 жылы  туылған  оқушылар  арасында «Сәулетай» Х балалар спорт ойындары өтті. Облыстық үлкен  додаға облысымыздың түпкір- түпкірнен келген  командалар жүлделі орындарды сарапқа  салды.

Аягөз  ауданының  да  оқушылары  қатысып,  бақтарын  сынап  қайтты.    Спорттың  сегіз  түрінен  тұрған жарыста оқушыларымыз  намысты  қолдан  бермей, гір  спортынан – І  орын (жаттықтырушысы К.Карменов,шахматтан -2 орын (жаттықтырушысыФ.Усманов), тоғызқұмалақтан 2 орын (жаттықтырушысы Б. Семинарұлы), жеңіл  атлетикадан 5 орын (жаттықтырушысы Қ.Қайнбаев) , асық ойынынан - 5 орын (жаттықтырушысы Ж.  Абдинов, арқан  тартудан 4 орын (жаттықтырушысы М.  Ардашев, қазақ  күресінен – 6 орын (жаттықтырушылары Қ.Бөлекпаев, М.Мухамедиев), қол  күресінен – 8 орын (жаттықтырушысы Ж.  Қыржыбаев) иеленіп, жалпыесептік  көрсеткіш  бойынша  жүлделі ІІІ орын  иеленіп  қайтты.

Барлық осы жарысқа  баруды  қамтамасыз  еткен  мектеп  басшыларына: Е.  Юсуповке, А.Авленовке Б. Шумаковқа, Қ. Тастанбековке, Д.Есентеміровке, Б.  Дюсеғуловқа, А.  Иманғалиеваға, Ж.  Қазбековке және толық  қамды қатысуды ұйымдастырған, аудандық  білім  бөлімінің басшысы Н.  Әзімбаевтың еңбегін атап  кетпесе  болмас!

Айтар  алғысымыз  шексіз!!!  Еңбектеріңіз жана  берсін  демекпіз!!!