Емханаға онлайн тіркелу

Достар!
Бүгін #қысқанұсқа айдарында біз сіздерге емханаға онлайн тіркелу жолдарын айтпақпыз.
Егер сіздің электронды цифрлық қолтаңбаңыз болса, ХҚО-ға бармай-ақ, таңдаған емханаға тіркеле аласыз.
Ол үшін:
Egov.kz электронды үкімет порталына кіру;
«Денсаулық сақтау» бөліміне өту;
«Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медицина ұйымдарына тіркелу» қызметін таңдайсыз.
Әрі қарай «Онлайн сұрау» батырмасын басып, өзіңіз жайлы деректерді көрсете отырып, өтінішті жолдайсыз.
Қызмет 1 жұмыс күні ішінде тегін көрсетіледі.
Бұл қызметті тұрғылықты мекенжайыңыз өзгерген кезде немесе тіркелген емханаңызды өзгерткіңіз келген кезде (жылына бір рет) пайдалана аласыз.
#азаматтарғаарналғанүкімет
#egovkz
#менсияқтыжаса #өзіңненбаста