«Мен бір жұмбақ адаммын..» атты танымдық дәріс

2019 жылы қазан айында «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалында, Ұлы ойшыл, философ, ақын Абай Құнанбайұлына арналған «Мен бір жұмбақ адаммын...» атты танымдық дәріс өткізілді.

Абай Құнанбайұлының өміріне, шығармашылығына қатысты видеороликтер көрсетілді. Өлеңдері мен қарасөздері жайлы деректер беріліп, оқушыларға ақынның өмірі жайлы сұрақтар қойылды.

Іс-шараға №1 жалпы орта білім беретін мектептің 7-ші сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.