Әдебиетке балалықты әкелген

16 қазан 2019 жылы Аягөз аудандық орталық кітапханасында Балалар әдебиетінің классик жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 95 жыл толуына орай «Әдебиетке балалықты әкелген» атты әдеби кеш өткізілді. Бердібек Соқпақбаев балаларға арнап көптеген шығармалар жазды. Балаларға арнап шығарма жазу, сол арқылы кішкентай оқырманның құрметіне бөлену үлкен таланттылықты қажет етеді. Әдеби кешке №1 жалпы білім беретін орта мектептің 6 «А» сынып оқушылары және класс жетекшісі Балжан Үсенқызы қатысып, жазушының шығармашылығымен танысты. Жазушының шығармашылығын, өмір жолын жатқа айтқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.