«Физика, математика патшалығының білгірі» атты физика-математика пәндерінен аудандық олимпиада және «Өнер құдыреті-күй» атты аудандық домбырашылар байқауы

2019 жылдың 15 қазан күні Баршатас ауылы «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әл-Фараби атындағы ҚҰУ –мен біріккен Жеңіс Өмірбекұлы атындағы «Физика, математика патшалығының білгірі» атты 9-10-11-класс оқушылары арасында физика-математика пәндерінен аудандық олимпиада және мектебіміздің тұңғыш «Алтын белгі» иегері, жастар мен студенттердің Москвада өткен VІ дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, күйші Тілеміс Қайрат Өмірбекұлы жүлдесіне ұйымдастырылған «Өнер құдыреті-күй» атты аудандық домбырашылар байқауы өтті.
Іс-шараны өткізудегі мақсат - оқушылардың физика-математика пәндеріне деген қызығушылығын арттырып, оқушыларға кәсіптік бағдар беру, ұлттық құндылық, асыл мұра- күй өнерін насихаттау,жас домбырашылар байқауы арқылы жас дарындардың талантын ашу.
Іс-шараны ұйымдастырушылар: Әл-Фараби атындағы ҚҰУ мен «Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-і.
Іс- шараға аудан мектептерінен олимпиадаға 86 оқушы, күй сайысына 27 оқушы қатысты.
«Туған жер, алтын ұяға тағзым» атты білім мен өнер додасының ашылу салтанатында Баршатас ауылдық округінің әкімі Жағыпаров Бахтияр Бақытұлы , ҚР білім саласының озық қызметкері, Аягөз ауданының құрметті азаматы, ауыл ағасы, ардагер ұстаз Сихымбаев Рғызбай Әзімбайұлы және Алматы қаласынан арнайы келген қонақтар - Әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің ұстаздары- физика- математика ғылымдарының кандидаты, механика- математика факультетінің доценті Исатаев Мұхтар Советұлы,техника ғылымдарының кандидаты, механика- математика факультетінің доценті Манатбаев Рүстем Құсайынғазыұлы және физика – математика ғылымдарының кандидаты, техника- математика факультетінің доценті Байтуленов Жанібек Бахытович, мектептің 85 жылғы түлегі «Алтын белгі» иегері, физик Өмірбеков Саят Қайратұлы, полиция подполковнигі Тлемісов Талғат Қайратұлы, Аягөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Қыржыбаев Сәкен Аймухаметович, мектеп директоры Сихымбаева Гүлнұр Рғызбайқызы сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Мектеп ұландары қонақтарға мектептің жетістіктері мен Жеңіс пен Қайрат Өмірбекұлдарына арналған жыр жолдарымен қатар би мен әннен шашу шашты. Ашылу салтанатынан кейін физика және математика пәндері мұғалімдеріне ҚҰУ-нен келген ғалым-ұстаздар осы пәндерден дәріс оқыды, соңынан сертификаттар табысталды.