Әскери жиын өтті

Бір ай бұрын ШҚО Аягөз қаласы 36376 ә/б әскери жиын басталды. ШҚО бойынша барлығы 174 әскери міндеттілер қатысты, оның ішінде Аягөз ауданы бойынша 15 әскери міндетті. Сол жиын 10.10.2019 ж. аяқталды. Ол жиында 58 ефрейтор, 31 кіші сержант, 4 сержант, оның ішінде Аягөз ауданы бойынша кіші сержант 6, ефрейтор 1 әскери шенімен марапатталды. Әскери міндеттілерді шығарып салу мерекелік жиыны өтті. Ол жиынға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы А.Жусупов, Аягөз гарнизонының бастығы полковник С.А.Уркинбаев, 36376 ә/б командирі подполковник М.С.Нуржигитов және Аягөз қаласының қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімі подполковник С.С.Айтказин және қорғаныс істері жөніндегі біріккен бөлімінің орынбасары майор М.Т.Сарсеев қатысты. Кезекті әсери жиынға қатысқан әскери міндеттілерді алған әскери шенімен, бағалы сыйлықтармен және алғыс хаттармен марапаттады. Осы әскери жиынға қатысқан әскери міндеттілер өздерінің жылы лебіздерін білдірді.