«Ұстаз – ұлы есім» атты Зәбира Сүлейменқызына арналған еске алу кеші

2019 жылы 4 қазан күні «Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейі» КМҚК-ның Аягөз аудандық филиалында, Ұстаздар мерекесіне орай,  Зәбира Сүлейменқызына арналған  еске алу кеші өткізілді.

  З.Сүлейменқызының өмір жолдары туралы деректер беріліп, бейне-материалдар көрсетілді. Еске алу кеште аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің әншілері: Оспанов Қуатжан «Ару қалам Аягөзім», Сергазиев Берік «Ұстазым менің», Аманкелді Сұлтан «Көзімнің қарасы» т.б әндерін орындады.

Іс-шараға К.Бозтаев атындағы мектеп – гимназиясың 7-8 ші сынып оқушылары мен жетекшілері қатысты.