Қарттар күні

2019- жылдың 1 қазан күні  аудандық «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» мәдениет үйінің  әртістері   Қарттар күні арналған  аумақтық әлеуметтік орталығы мен аудандық зағиптар қоғамы қарттарына мерекелік концерт өткізді.  Аудан , мекеме басшылары    мерекелерімен құттықтап, оларға ұзақ өмір, зор денсаулық тіледі. Мерекеде аудандық мәдениет үйінің  «Баян сұлу» ән- би ансамблінің әншілерінің орындауында қазақ, орыс композиторларының  ретро  әндерін шырқалды. Концертке келген қарт ата- аналарымыз ризашылықтарын білдіріп, жақсы көңіл-күймен тарқасты.