Аягөз ауданындағы оқушылар арасындағы «Алтын күз» атты кросс жарысы

2019 жылдың 21 қыркүйек күні аудандық білім бөлімі және мәдениет,тілдерді дамыту, және спорт бөлімдерінің ұйымдастыруымен, № 7 орта мектебінің әкімшілігі, дене шынықтыру пәні мұғалімдері А. Жумагулов, В.Пановтар, Д.Ғайсин, К.Баймуратова жарыс орынын жақсы дайындап, жоғарғы дәрежеде өтуіне ат салысты. Аудандық орталық аурухананың жедел жәрдем қызметкерлеріне де айтар алғысымыз бар.
Жарысқа жалпы 20 команда қатысты. Жиыны 300 –ден артық оқушы қатысты. Тамаша ауа – райы да, жарыстың жақсы өтуіне себін тигізді. Жарыс жолына жас спортшылар шығып, жүлделі орындарды сарапқа салды.
Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.