Жер сілкінісіне дейін, жер сілкінісі кезінде іс-әрекет

Жер сілкінісіне дейін:

Алдын ала дайындап, оңай жерге қойылған сөмке немесе арқаға асатын дорбаның ішінде мыналар болуы керек:

. Құжаттар
. Үш күнге жетерлік тамақ пен су
. Алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қорапша мен дәрі-дәрмектер
. Электр қол шамы мен сіріңке
. Жылы киім мен аяқ киім.

Жер сілкінісі кезінде:

. ең бастысы: өзіңіз де   үрейленбеңіз, басқаның да дүрлігіне ермеңіз.
. егер жер сілкінісі әлсіз болса, қорықпаңыз, тұрған жерде аяқталуын күтіңіз. Қатты жер сілкінісі (дүмпу күші бес балдан жоғары болса) кезінде:
Үй  ішінде болсаңыз:
. қабаттар саны екіден жоғары болса, үйден шықпаңыз
. ішкі қабырғаның қауіпсіз тұсында, үйдің бұрышында, есік жақтауларының ортасында, тіреуіш колонналардың жанында тұрыңыз, (ванна) ішіне жатыңыз
. керует пен стол асты сізді құлаған заттар мен опырылған сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздан алыс тұрыңыз
. лифті пайдаланбаңыз.

Егер көшеде болсаңыз:

. үйлерден, электр бағаналарынан аулақ тұрыңыз, үзілген электр сымдарына жақындамаңыз
. үй жанымен жүгірмеңіз, ішіне кірмеңіз.

Егер сіз автокөлік ішінде болсаңыз:
. ашық жерден кетпеңіз, автокөліктен шықпай дүмпулердің тоқтауын күтіңіз

Жер сілкінуі кезінде топырақ қабатының қозғалуынан болатын адам құрбаны өте сирек. Жер сілкінуі кезінде ең басты қайғылы оқиғаларға ұрындыратындар:
. үйлердің  бөліктерінің құлауы
. сынған әйнектердің құлауы
. электр сымдардың үзіктері
. үйдегі ауыр заттардың құлауы
. өрттер
. үрейленген адамдардың өз іс әрекеттеріне есеп бермеуі.

Жер сілкінісінен кейін:

.  мұқтаждарға алғашқы медициналық көмек көрсетіңіз
. қосымша  жабдықты қажет етпейтін жағдайларда-зардап шеккендерді үйінділерден босатып алыңыз
. радиоқабылдағышты қосыңыз
. мүмкіндігінше су мен газды жабыңыз, электр жүйесін өшіріңіз
. ашық отты пайдаланбаңыз
. жер сілкінісі кезінде ішінде болған үйден шығарда абай болыңыз 

Сақтықтың алдын алу шараларын бұлжытпай орындасаңыздар, қайғылы қаза санын азайтуға болады.

 

Аягөз ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі