Жасай бер қазақ тілі- ана тілі!

10 қыркүйек 2019 жылы Ақшатау ауылдық кітапханасында тіл апталығына орай «Жасай бер, қазақ тілі - ана тілі» атты поэзиялық кеш өткізілді. Кешке А.Көшкімбаева атындағы орта мектептің 5-6-7 класс оқушылары мен 7 класс жетекшісі Қойшыманова Гүлмира қатысты. Оқушылар қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде тіл туралы тақпақтарын жатқа айтты. Кітапханашы тіл туралы шағын мағлұмат берді.Электронды қазақ үйден «Ана тілім», «Ана тілім-тұғырым» атты әндер тыңдалды. «Тіл достық кепілі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Іс-шара соңында оқушыларға шағын сыйлықтар тапсырылды.