«Бастау Бизнес» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Кәсіпкерлік әлеуеті бар және ауылдық елді мекендер мен аудан орталықтарында тұратын, 2018 жылдан бастап қалада, оның ішінде моно және шағын қалада тұратын халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген-тіркелмегеніне қарамастан жұмыссыз адамдар, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын жұмыспен қамтылған адамдардың жекелеген санаттары, NEET санатындағы жастар, жас отбасылардың, табысы аз көпбалалы отбасылардың мүшелері, табысы аз еңбекке қабілетті мүгедектер "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар болып табылады.
Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, мекенжай анықтамасы, дербес кредиттік есеп қағазы болуы керек.
Оқу ұзақтығы – 1 ай. Бірінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 6-7 қыркүйек аралығында өтеді. Оқу 2019 жылғы 09 қыркүйек – 02 қазан аралығында жүргізіледі.
Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.
Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының Аягөз аудандық филиалына және http://atameken.kz/ сайтында немесе 87232702952, 3-33-66 байланыс телефонына хабарласып, Өскемен қаласы, пр. Победы, 6. 17 каб. , Аягөз қаласы, Б.Абая к. 24а мекен-жайында кеңес алуға болады. Оқытуға тіркелу аудан және қалалық жұмыспен қамту орталықтарында жүргізіледі.