«Жас кәсіпкер» жобасы бойынша хабарландыру

Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы «Жас кәсіпкер» бағдарламасы бойынша тегін оқытуға қала және аудан  тұрғындарын жинайды. Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына оқытуға бағытталған. Ауыл тұрғындарын ­– NEET категориясындағы жастар (29 жасқа дейін), жас отбасы мүшелері, аз қамтылған көпбалалы отбасы мүшелері, аз қамтылған еңбекке қабілетті мүгедектерді оқуға шақырамыз.

Бағдарламаға қатысу үшін тестілеуден өту керек, соның қорытындысы бойынша топқа іріктеу жүргізіледі. Қызығушылық танытқандар Өңірлік кәсіпкерлер палатасының қалалық, аудандық филиалдарына/тұрғындарды жұмыспен қамту орталықтарына/ауылдық округ немесе елдімекен, қала әкімдігіне жүгіне алады, сонымен бірге өтініш пен сауалнама толтырады. Өзімен бірге жеке куәліктің көшірмесі; мекен-жай анықтамасы; өтініш; үлгіге сәйкес толтырылған сауалнама парақшасы болуы керек.

Оқу ұзақтығы – 3 апта. Екінші кезең бойынша тестілеу 2019 жылғы 14-15 тамыз аралығында өтеді.   Оқу 2019 жылғы  16 тамыз – 4 қыркүйек  аралығында жүргізіледі.

Бағдарламаға қатысушыларға шәкіртақы төленеді және курс бітірушілеріне сертификаттар беріледі.

Сұрақтар туындаған жағдайда Кәсіпкерлер палатасының Аягөз аудандық филиалына  және http://atameken.kz/ сайтында немесе 87232702952, 3-33-66 байланыс телефонына хабарласып, Өскемен қаласы, пр. Победы, 6. 17 каб. , Аягөз қаласы, Б.Абая к. 24а мекен-жайында кеңес алуға болады.  Оқытуға тіркелу аудан және қалалық жұмыспен қамту орталықтарында жүргізіледі.