Оқу жылына дайындық туралы ақпарат 

Оқу жылы қарсаңында ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ата-аналарға балаларды мектепке дайындау бойынша бірқатар ұсынымдар дайындады.
Мектепке дайындық қарсаңында ата-аналардың міндеттерінің бірі мектеп формасын, аяқ киім және ранецті дұрыс таңдау болып табылады. Табиғи талшықтардан жасалған маталарды (жүн, мақта, зығыр, жібек) және баланың денесі дем алу үшін және аллергиялық реакцияларды тудырмау үшін ең жақсы гигиеналық қасиеттерге ие вискоздарды таңдау ұсынылады. Сондай-ақ, киім баланың қозғалысы үшін денесін қыспауы керек.
Сонымен қатар, ауыстырып киетін аяқ киім сатып алу қажет. Ең оңтайлысы – табиғи былғарыдан жасалған бұйымдар. Табаны икемді, бастауыш сынып оқушылары үшін – ортопедиялық табаны, жоғары сынып оқушылары үшін – жоғары емес төзімді өкше болуы тиіс. Себебі өкшесіз аяқ киімді үнемі кию жалпақ табанға және омыртқааралық жарықтың қалыптасуына алып келеді. Спорттық аяқ киім қыспауы және аяқты қажамауы тиіс. Ауыстырып киетін аяқ киім үшін еш уақытта кроссовкалар, чешки, кеды пайдалануға болмайды.
Ранецты таңдау кезінде мынадай ұсынымдарды сақтау керек: ранецтың қатты ортопедиялық арқалығы болуы тиіс, асынатын бауы жалпақ болуы және тұтқасы ұзындығы бойынша реттелуі, мектеп сөмкесінің өлшемі мен салмағы баланың бойы мен жас ерекшелігіне сәйкес келуі, мектеп құралдарынсыз мектеп сөмкесінің салмағы 1 кг аспауы тиіс. Ауыр рюкзакты алып жүру сколиоз, остеохондроз, жарықтың пайда болуы және т. б. сияқты ауруларды тудыруы мүмкін.
Оқу процесінде мектеп оқулықтарының маңызы зор. Бір оқу басылымының салмағы санитариялық қағидаларда көзделген нормалардан (300 гр.- 600 гр.) аспауы тиіс.
Балалардың денсаулығы, оқу бағдарламасын меңгеруі көбінесе дұрыс ұйымдастырылған күн режиміне байланысты екенін атап айту керек.
Оқушылардың денсаулық жағдайына ұйқының ұзақтығы мен сапасы, тамақтану және қозғалыс белсенділігі әсер етеді. 2-2, 5 сағатқа ұйқысы қанбаған балалардың сабақтағы жұмыс қабілеттілігінің деңгейі шамамен 30%-ға төмендейді. Баланың қозғалыс белсенділігіне және таза ауада серуендеуіне ерекше көңіл бөлу қажет.
Бұдан басқа, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті ата-аналарға, жарықтандыру, ауыз су режимін ұйымдастыру, санитариялық-техникалық жабдықтардың (раковиналар мен унитаздар) жеткіліктілігі мен жарамдылығы мәселелеріне, сондай-ақ баланы бой-жас ерекшілік көрсеткіштеріне сәйкес партаға отырғызу мәселелеріне назар аудартады.

ШҚО ТККҚСҚБ Аягөз аудандық тауарлар мен көрсетілетін
қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы»