Құрметті салық төлеушілер

Салық кодексінің 454 бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердiң аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына тауарлардың, оның ішінде алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімдері болып табылатын тауарлардың импорты кезінде салық төлеуші орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі, оның ішінде лизинг шарттары (келісімшарттары) бойынша декларацияны, егер осы тармақта өзгеше белгіленбесе, салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, қағаз жеткізгіште және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда ұсынуға міндетті.

Салық төлеуші салық органына импортталған тауарлар бойынша жанама салықтар жөніндегі декларациямен бір мезгілде мынадай құжаттарды ұсынады: тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті (өтініштерді) қағаз жеткізгіште (төрт данада) және электрондық нысанда не тек электрондық нысанда. Импортталған тауарлар бойынша қосылған құн салығы салық төлеушілердің орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей төленеді.